Реферат пәні: Ветеринария тарихы Тақырыбы: Ірі қара малдың жаппай өкпе қабынуы Орындаған : Қайратқызы Д



бет2/7
Дата07.01.2022
өлшемі41,02 Kb.
#17092
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
реферат вет тарих

Негізгі  бөлім

Өкпелердің қабынулары - Рnеymоnіа.

 

Өкпелердін қабынулары тыныс алу жүйесінің ауруларының ішіндегі   ең   жиі   кездесетін   аурулар.   Олардың   себептері көптігіне байланысты індетті және құрт ауруларынан ажырату үшін қоздырғышы нақтыланбаған қабынулар деп те атайды.



Малдәрігерлік         клиникалық         тәжірибеде  қабынуларының 2 түрі: тұтас және дақтанып қабыну түрлері анықталады.

Тұтас (бөлшектеніп, ошақтанып) қабыну - тез өрбіп, көлемге таралып, аурудың алғашқы сағаттарында-ақ өкпенің бөліктерін, немесе жеке өкпені тұтас зақымдаумен сипатталады .

Мұндай   қабыну   жедел   дамып,   өте   ауыр   түрдс   өтеді. Аурудың белгілі бір сатылы түрде жүретіні жиі байқалады. Мысал ретінде  өкпенің  крупозды  қабынуы кейбір  індетті  ауруларда болатын қабыну процесін келтіруге болады.

Өкпенің дақтанып қабынуы қабыну процесінің бөліктеріне бірте-бірте тарауымен сипатталады. Алдымен кіші альвеолла тобы, қуысы; жіңішке бронхылар қабынын, олар біртіндеп қосылып, қабынудың көлемі ұлғая береді.

Сырт белгілері анық білінбейді, көбінесе созылмалы түрде, кейде ешқандай клиникалық белгісіз өтуі де мүмкін. Бұл қабыну шартты түрде катаралды (бронхопневмония), ателектазды, гипостазды, аспирациялы және метастазды болып бөлінеді. Көптеген   індетгі  және  құрт  аурулары  да дақтанған  қабыну ретінде өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет