Ателектазды қабыну
Өкпенің кей жерлерінің ауадан босап солуының нетижесінен пайда болатын қабыну. Әсіресе жас төлдер арасында жиі кездеседі.
Көбінесе әлсіреген, арықтаған, дұрыс жетілмей туған төлдер жиі ауырады, әсіресе қозыларда жиі кездеседі. Әлсіз туған төлдің өкпесі толық жазылмайды. Тәжірибеде жаңа туған төлдің танауы арқылы үрлеу, жаңа туған сәбиді шапалақтап жылату әдістері өкпе толық жазылу үшін қолданылатын іс-әрекеттер.
Себептері. Бірінші кезекте аналық буаз малдардын күтімінің, азығының құрамының дұрыс болмауы.
Ателектазды пневмонияның көп таралуына аналық малдарды буаз кездерінде сапасыз азықтармен азықтандыру салдарынан толық жетілмеген төлдерді алу, оларды шынықтырмай, серуендетпей тар қораларда тығыз орналастырып ұстау себеп болады. Оның пайда болуына бронхиттің созылмалы түрі мен пневмосклероз да себеп болады.
Дамуы. Ауру малдардың күтімін, азықтаңдырылуын дұрыстағанда жалқаяқ таралып, ұлпалар қатаяды немесе шіріген жерлері тірі тіндерден бөлініп кетулері мүмкін
Белгілері. Көп жағдайларда белгілері анық білінбей, солғын, созылмалы түрде өтеді. Төлдер арықтайды, әлсізденеді. Дем алғанда кеуде қимылы байқалады. Кейбір төлдердің танауынан оқтын-оқтын ақпа ағып, жөтелулері мүмкін. Дене қызуы көп өзгермейді, кей кезде төмендегені байқалады. Тындаған кезде өкпенің везикулярлы дыбыстары бәсең естіледі, ал қабынған жерлерде дымқыл сырылдарды тыңдауға болады. Соқкылағанда өкпенің әр тұсынан күңгірт дыбыс естіледі. Рентгенге түсіргенде өкпенің әр жерінен түйменің үлкендігідей қара дақтар көрінеді.
Емі. Ең алдымен төл организмінің нақтыланбаған жалпы қарсылық күшін (резистентігін) көтеруге күш салу керек. Төлдердің рационының сапасын жақсартады. Оның құрамында белоктарды, микроэлементтерді, витаминдерді, углеводтарды реттейді. Ауруларға гамма-глобулинді, полиглобулинді, гадролизинді, Са; Р-лары бар күрделі қоспаларды береді.
Достарыңызбен бөлісу: |