Реферат пәні: Ветеринария тарихы Тақырыбы: Ірі қара малдың жаппай өкпе қабынуы Орындаған : Қайратқызы Д



бет6/7
Дата07.01.2022
өлшемі41,02 Kb.
#17092
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
реферат вет тарих

Қорытынды:

Қортындылай келе өкпенің дақтанып қабынуы қабыну процесінің бөліктеріне бірте-бірте тарауымен сипатталады. Алдымен кіші альвеолла тобы, қуысы; жіңішке бронхылар қабынын, олар біртіндеп қосылып, қабынудың көлемі ұлғая береді.

Сырт белгілері анық білінбейді, көбінесе созылмалы түрде, кейде ешқандай клиникалық белгісіз өтуі де мүмкін. Бұл қабыну шартты түрде катаралды (бронхопневмония), ателектазды, гипостазды, аспирациялы және метастазды болып бөлінеді. Көптеген   індетгі  және  құрт  аурулары  да дақтанған  қабыну ретінде өтеді.

Көкірек қуысының ішкі бетін астарлап тұратын сірі кабықтың қабынуы. Жіті және созылмалы, басқалқы және қосалқы, шектелген және кіріккен, құрғақ және ылғалды түрлері ажыратылады.

Ауру індетті ауруларға ұксас болғандықтан,  оларды  жеке   ұстап,   ем   қолданады.   Ауру   жылқыға,   азыққа   зауқы соқпаған жағдайда,  глюкоза  мен аскорбин  қышқылын  қосып сұлы жармасынан, не кебектен жасалған сұйық ботқаны зонд арқылы енгізеді.

Микрорганизмдерге         қарсы         антибиотиктер         мен сульфаниламид препаратгарын негізгі ережелерін сақтай отырып  қолданады.

Мойын тұсындағы жұлдызша түйінге, кезекпен екі жағына, новокаинмен блокада жасайды.

Ауру малдың кеудесін скипидармен, не қышалы спиртпен сылайды; банкі, компресстср қолданады.

Организмнің улануына қарсы венаға қаныққан глюкоза, хлорлы натрий, гексаметилентетрамин ертінділерін енгізеді. Глюкоза жіберер алдында тері астына инсулин егеді. Жүрек-қан тамырларының қызметтері әлсірегенде кофеин тұздарын, кордиаминді, адреналинді, камфорлы спиртті қолданады.

Қақырық түсіретін, зәр айдайтын дәрілер; аутогемотерапия жақсы нәтиже береді.

Кеуде тұсын жылылап ұстау, лампалармен қыздыру, спиртпен емдеу, диатермия, ультражиіліктегі тоқты қолдану әдістері жақсы әсер етеді.

Төлдерді азықтандыру мен күтіп-бағу технологиясын қатты сактау керек. Әсіресе буаз аналық малға дұрыс көңіл бөлген жөн. Төлдердін серуендеуін, ультракүлгін сәулелерін қабылдауын қамтамасыз етеді. Жаңа туған төлдердің өкпелеріне гимнастика жасайды: танауларын жауып, бірнеше секунд дем алғызбай тұрады. Уақытында      серуендетіп,      ультракулгін      сәулесімен қамтамасыз ету; жаңа туған төлдердің альвеоллалары толық жазылу үшін


өкпе гимнастикасын жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет