Өкпелердің крупозды қабынуы
Өкпенің тез арада едәуір бөліктерін фибриаді-жалқаяқты қабынумен қамтып, дамуы сатылы түрде өтетін, дене қызуы тұрақты түрде жоғары болатын ауру.
Бұл аурумен жылқылар, қойлар және 1-3 айлық бұзаулар ауырады.
себептері. Аурудың пайда болып, дамуына негізінен 2 фактор әсер етеді:
Ескерте кететін жағдай: қақырықты, зақымданған өкпе ұлпаларын бактериологиялық әдіспен тексергенде, олардан сау организмінде кездесетін микроорганизмдер- пневмакокктар, стафилококктар, диплококктар және т.б. түрлері анықталады..
Соңғыңғы кезде көптеген зерттеушілер бұл қабынудың себебі тітіркеңдіретін факторлардың салдарынан болатын аллергиялық құбылысқа организмнің реакциясы деп тұжырымдауда. Ондай жағдай өте кушті себеп факторының кенеттен әсер етуінен болатын көрінеді. Мысалы: терлеп келген атты аязда қалдыру, жылы қорадан бірден қатты суыққа шығару.
Дамуы. Өкпенің зақымдануы алдыңғы бөліктерінен басталады да, бірте-бірте төменгі, орталық бөліктеріне ауысады. Дерт қан не лимфа жолдарымен таралады. Егер уақытында ауру мал емделмесе, қабыну табиғи түрде болса аурудың дамуы сатылы түрде өтеді. Аурудың барысында, бірінен-біріне ауысып отыратын 4 сатысын айырады.
Шешілу сатысы. Аурудың қолайсыз шешілуі өлім-
жітіммен аяқталады. Ал дұрыс шешілгенде белокты,
майды ыдырататын ферменттердің әсерінен фибринді
жалқаяқтың сұйылып организмге таралуы және жөтел
кезіндс тыныс жолы арқылы тысқа шығуы мүмкін,
Мұндай жағдайда альвеоллалар ауаға толып, газ алмасу
процесі қалпына келеді. Бұл сатысы 2-5 тәулікке дейін
созылуы мүмкін.
Қабыну процесі альвеолла арқылы плевраға өтіп, оны қабындырады. Микроорганизмдердің екпе ұлпаларында қалған белігі еріп, олардың улы заттары босап организмге кері әсерін тигізеді. Аурудың ары қарай дамуы организмнің резистентгілігіне, жүйке жүйесінін қызметіне тікелей байланысты.
Процесс кері дамыған жағдайда оған организмдегі оттегінің жеткіліксіздігі (гипоксия) қосылып жүректің, бауырдың, бүйректердін, ішектердің жұмыстарының бұзылуына апарыІп соғады.
Қабыну процесі ауыр жүрген жағдайда тыныс алу орталығының салдануынан малда үдемелі түрде дамитын демікпе-тұншықпадан, немесе жүрек-қан тамырларыныц қызметтерінің жеткіліксіздігінен ауру мал өлім-жітімге ұшырауы мүмкін.
Ауруды анықтау ушін мұхият жиналған анамнезге, негізгі клиникалық белгілеріне, рентген көрсеткішіне, қақырықты микроскоппен тексеру нетижесіне (фибрин, қан элементтері, микроорганизмдер т.б.), қан көрсеткіштеріне сүйенеді.
Ауруды жіті түрде өтетін індетті аурулардан (арнайы зерттеулер арқылы), өкпенің дақтанып қабынуынан, плевриттен саралау керек.
Емі. Ауру індетті ауруларға ұксас болғандықтан, оларды жеке ұстап, ем қолданады. Ауру жылқыға, азыққа зауқы соқпаған жағдайда, глюкоза мен аскорбин қышқылын қосып сұлы жармасынан, не кебектен жасалған сұйық ботқаны зонд арқылы енгізеді.
Микрорганизмдерге қарсы антибиотиктер мен сульфаниламид препаратгарын негізгі ережелерін сақтай отырып қолданады.
Мойын тұсындағы жұлдызша түйінге, кезекпен екі жағына, новокаинмен блокада жасайды.
Ауру малдың кеудесін скипидармен, не қышалы спиртпен сылайды; банкі, компресстср қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |