«Реферат» Пәннің атауы: Ұлы дала фольклоры Тақырыбы


Қазақ фольклорының тарихы және оның зерттелуі



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата12.12.2022
өлшемі417,33 Kb.
#56705
түріРеферат
1   2   3   4   5
Қазақ фольклорының тарихы және оның зерттелуі 
«Қазақ фольклорының тарихы» деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы 
уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. 
Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен 
ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну 
орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып 
жүрді. Екіншіден, фольклортану ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың 
ішінде жүрді және сол әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына 
сүйеніп, соларды пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ 
фольклордың көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі 
түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге жеткен қалпы 
бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай дәуірлерді бастан кешкені 
ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек 
айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай 
өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы 
тұсындағы ғалымдар да, қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-
дәуірге бөліп зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік 
әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр болды. 
Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960 жылдар 
аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына арналған 
бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы феодализм дәуіріндегі, 
капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп қаралды да, әр дәуірлеудің өзі 
ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және фольклордың тарихы көркем ойдың даму 
тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан, езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу 
мақсатында зерттелді. Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын. 
Қазақ ғалымдары да қазақ фольклорының тарихына арналған алғашқы үлкен еңбекті 
1948 жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбек те (қолжазба күйінде-ақ) кезінде сынға 
ұшырады, бірақ сын ғылымнан аулақ, саяси-идеологиялық сипатта болды да, аталмыш 
кітап «зиянды» деп танылып, ғылыми айналымнан алынып тасталды. Ал, шындығына 
келгенде, бұл еңбек - үлкен жұмыстың игілікті бастамасы еді, өйткені, сол тұстың өзінде-
ақ қазақ әдебиетінің тарихын бірнеше том етіп жазу көзделген-ді. Сөз жоқ, бұл кітап - өз 
дәуіріне тән ғылыми тұжырымдарға сүйенді, сондықтан оның теориялық сапасынан гөрі 
идеологиялық, саяси ұстанымы басым болды. Дей тұрғанмен, бұл еңбекте фольклордың 
тарихын жанрлар арқылы зерттеуге талпыныс болғанын айтпасқа болмайды. Мәселен, 
тоғыз бөлімнен тұратын томның бірінші бөлімі қазақ фольклорының зерттелуіне арналса, 
содан кейінгі екінші бөлімді пайда болу мерзімі жағынан ең көне деп есептелетін 
ғұрыптық фольклор мен ескі діни нанымдарға, сондай-ақ шаруашылыққа байланысты 
туған жанрлар құрайды: салт өлеңдері; мал, шаруашылық туралы өлеңдер; дін салт 
өлеңдері; наурыз; бақсы сарыны; бәдік, арбау, жалбарыну; жарамазан және жарамазанның 
батасы; үйлену салт өлеңдері: әдет, салт; тойбастар; жар-жар, сыңсу-жұбату; беташар; 
мұң, шер өлеңдері: қоштасу, естірту, көңіл айту; жоқтау. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет