ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«Реферат»
Пәннің атауы: Ұлы дала фольклоры
Тақырыбы: «Ұлы дала фольклоры - ұлт қазынасы»
Орындаған: Артықбай.Г.А
Тексерген:Кулибекова.Ж.С
Петропавл 2022 ж
.
Жоспар:
Кіріспе
I.Қазақ фольклорының тарихы және оның зерттелуі
II.
Фольклор - ұлт қазынасы
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Фольклор - халық шығармашылығы, яғни аңыздар, қиссалар, ертектер, мақал-
мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б.Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда
болған фольклор дамыған қоғамның этностарында да сақталған. Ол нақты тарихифактілер
мен тұлғаларды бейнелеуге ғана арналмай, өткен тарихтың басты-басты мән - мазмұнын
көркемдік-бейнесі тұрғыдан білдіруге саяды. Фольклор рухани мәдениеттің маңызды
құрамдас бөлігі, халық бұқарасының, этностардың көркемдік ой-толғамының неғұрлым
пәрменді нысаны, олардың эстетикалық дарыны мен талғамының, адамгершілік ереже -
қағидаларыныңшоғырлы көрінісі мен топтамасы болып табылады. Фольклордағы
көркемдік жинақтама бейнелер арқылы халық қоғамдықөмірдің әр түрлі құбылыстарына
көзқарас тұрғысын білдірген.
Фолъклор дегеніміз не? Оның музыкалық үлгілері несімен дараланады? Қандай
белгілері мен сипаттары болады? — деген мәселелер арнайы қарастыруды қажет етеді.
Осы кезге дейін бізде қазақ халқының музыкалық фольклоры мен музыка тарихының
аражігі ашылмай келеді. Бұлар бір тарихи-мәдени құбылыстың екі түрлі кезеңі. Танымдык
табиғатына келгенде оларды қосақтауға болмайды, екеуі екі түрлі танымдық категориялар
аясында қарастырылуға тиіс. Себебі олардың бірі — ұжымдык, екіншісі — авторлық
сананын жемісі. Жеке санаға көркем құбылыс тән болса, ұжымдык сананың этникалық
сипаты басым.
Достарыңызбен бөлісу: |