Реферат салауатты өмір салтының негізгі компоненттерінің сипаттамасы



бет2/3
Дата25.01.2023
өлшемі275,57 Kb.
#62861
түріРеферат
1   2   3
Салауаттанудың негізгі мақсаты — әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты -балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.
Бұдан мынандай міндеттер туындайды:
- салауатты өмір салтының әдістерін үйрету;
- өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани құндылығы ретінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
- негізгі гигиеналық дағдыларға төселдіру;
- осы заманғы ауру түрлерімен және оларды алдын алу шараларымен таныстыру.


Денсаулықтың негізгі төрөлшемдері мыналар:
• тән және дене күйі үшін — мен істей аламын;
• психикалық күй үшін — мен тілеймін;
• адамгершіліктік күйге — мен істеуге тиістімін.
Денсаулық белгілері мыналар:
• зақым келтіретін факторлар әрекетіне өзіне тән (иммунды) және өзіне тән емес тұрақтылық;
• өсу мен даму көрсеткіштері;
• организмнің функционалдық күйі және сақтамалық мүмкіндігі;
• қандай болса да аурудың немесе даму кемістігінің болу деңгейі;
• имандылық-еріктілік және құндылык-уәждік мақсат деңгейі.


Салауатты өмір салты — бұл адамның еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдык мінез-құлық ережелерімен сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді кіріктіретін биоәлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі, бірақ негізінен үш нышанға негізделеді:
- өмір сүру деңгейі;
- өмір сүру сапасы;
- өмір сүрудің өзіндік жолы.
Өмір сүру деңгейі — бұл адамның материалдық, рухани және мәдени мұқтаждықтарын қанағаттандыру деңгейін көрсететін әлеуметтік-экономикалық санат.
Өмір сүру сапасы — адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын жайлылық дәрежесі. Бүл көбінесе әлеуметтік санатқа жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет