Азутау күмбез тәрізді, төбесінен су айрығы айқын байқалатын жота. Тік құлама болып келген солтүстік беткейі Марқакөл көліне тіреліп жатыр.
Күршім жотасы Жотаның сол түстігінде беткейі тік құлама. Күршім жотасы Салқыншоқы (2084 м), Сарытау (2646 м), Ұлтабар (2722 м), т.б. жеке таулар мен тау сілемдерінен тұрады. Тау беткейлерінен Күршім өзенінің сол салалары: Қыстау Күршім, Қойшілік, Сорная, сонымен бірге Марқакөл көлінен ағып шығатын Қалжыр және оның салалары Шұқырқалжыр, Қараағаш, Березовка, т.б. өзендер бастау алады.
ЖағалбайлыБеткейлері жайпақ, оңтүстік-шығыс бөлігі биік жартасты, тас жыныстары шығып жатады.
Сарыапан (тау, Шығыс Қазақстан облысы) Абсолюттік биіктігі 2190 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылған, енді жері 7-8 км. Тау беткейлері өзен арналарымен, шатқалдармен тілімденген. Үстінде тегістеу келген. Солтүстігінен Шатан, Ласты өзендері, батысынан Тамырсық, оңтүстік беткейінен Қараүңгір өзендерінің салалары бастау алады. Оңтүстігінде Үлкен Қаракезең асуы орналасқан.
Қарашоңғал тауыБеткейі тіктеу бірнеше шоқылардан тұрады. Таудың түпкі жыныстары жалаңаштанып, сай, өзен аңғарларымен тілімделген. Солтүстік-шығысында Бұқтырма көлі орналасқан.
Қаратас (тау, Нарын жотасы)Абсолюттік биіктігі 1780 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 9 км-ге созылып жатыр, енді жері 7 км. Солтүстік беткейі тіктеу, оңтүстік бөлігіне қарай көлбеуленіп сай, өзен аңғарларымен тілімденген. Таудан Бұқтырма өзенінің сол саласы Коробиха, Нарын өзендірінің оң саласы Березовка, т.б. ірілі-ұсақты салалары бастау алады.
Қойсары (тау, Айыртау таулары)Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Каменка ауылының солтүстік-батысында 2 км жерде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 6-7 км-ге созылып жатыр, енді жері 2-3 км-ге созылған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1.
[https://stat.gov.kz/getImg?id=ESTAT287264 2018 жылдың басынан 2018 жылдың 1 қарашасына дейінгі Қазақстан Республикасы халық санының өзгеруі туралы]. Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігі Статистика комитеті. Тексерілді, 3 қаңтар 2019.
2.
2018 ж. Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны
3.
Division of Kazakhstan (ағыл.). pop-stat.mashke.org. Тексерілді, 29 наурыз 2016.
4.
Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары және аудандары бойынша халық саны, 2003-2012
5.
http://emirsaba.org