Реферат Тағамдық өнімдердегі минералды компоненттер.Өмір сүруге



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата30.11.2022
өлшемі187,43 Kb.
#54011
түріРеферат
1   2   3   4
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
1.Адам өмірінде тағамның маңызы 
Қоректену – барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы 
тірі ағзалар өседі дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас 
адамның арқауы», «асты көрсең қадір тұт» деген сөздер тағамның қасиетін 
айқындап тұр. Ағзаға қажетті тағамдық заттар күнделікті пайдаланатын 
тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгірістерге ұшырап, 
денеге сіңіріледі. Онда тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, 
ұлпаларға таралып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның 
құрамындағы ағзалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия 
жеке мүшелердің және жалпыы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағамағза 
үшін энергия көзі және құрылыс материалы. 
Адам өсімдіктекті және жануартекті тағамды пайдаланады. Адамның 
күнделікті пайдаланатын тағамының құрамында күрделі ағзалык заттар 
(нәруыздар, майлар және көмірсулар) бар. Бұл заттар сол калпында жасуша 
жарғакшасы аркылы өте алмайды. Жасуша жарғакшасы аркылы өту үшін 
карапайым заттарға ыдырау керек. Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге 
айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан аркылы ұлпалар мен жасушаларға 
жеткізіледі.Тағам құрамындағы минералдык заттар (тұздар), витаминдер және 
су ағзаға тікелей сіңіріледі.мсалады.
і кезде жер бетіндегі адамзатты тамақпеп 
камтамасыз ету-өзекті мәселелердің бірі. XX ғасырдың соңында дүние 
жүзіндебір миллиардтан астам адам ашаршылықты бастан кешіріп жатканы 
белгілі болып отыр. Сондықтан да адам баласын ашаршылықтан құтқару -
БҮҮ-ның негізгі мәселелерінің бірі. 
2.Тағамдық өнімдердегі минералды компоненттер. 
Нәруыздар адам пайдаланатын көптеген тағамдардың кұрамында кездеседі. 
Олар адам ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге қабылданады. 
Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен 100-120 
грамм нәруыз қажет. Нәруыз, әсіресе еттің, балықтың, жұмыртканың
асбұршактың, жаңғактың және т.б. тағамдардың құрамында мол болады. Адам 
ағзасы үшін нәрлі нәруыз жануартекті тағамдарда көптеп кездеседі. 
Май да – адам ағзасы үшін қажетті ағзалык заттың бірі. Ол сүт өнімдерінің, 
жұмыртқаның және т.б. тағамдардың құрамында молынан кездеседі. Әсіресе, 
жануарлардың іш майында және майлы өсімдіктердің құрамында май өте көп 
болады. Басқа ағзалық заттармен салыстырғанда май ыдыраған кезде энергия 
екі еседей көп бөлінеді. Адам сұйық (өсімдік) майларды көбірек пайдалануы 


қажет, әйткені ол ағзаға тез әрі жеңіл сіңеді. Адам тәулігіне орта есеппен 70-
100 г май пайдалануы керек. 
Көмірсулар көбіне өсімдіктекті тағамдардың құрамында мол болады. Адам 
күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен крахмал және қант. Крахмал 
түрлі жармалардың, ұнның, картоптың құрамында көбірек кездеседі. Қант 
көбіне қант қызылшасында, сәбізде мол болады. Ағза үшін, негізінен
жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені ол тез сіңеді. Мұндай 
қант балдың, жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі. Адам денесіне 
жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады. 
Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы 
қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында 
тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында 
пайдаланады. «Тұз – астың иманы» деген сөзде терең мағына бар. Тұзсыз 
астың дөмі татымайды. Адам тәулігіне 5-6 грамдай ас тұзын пайдаланса
жеткілікті. 
Су адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Адам 
денесінде күрделі физиологиялық үдерістердің бәрі де судың катысуымен 
жүреді. Сонымен бірге суда көптеген минералдық тұздар ерітінді түрінде 
кездеседі. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне 1,5-2,5 литр су қажет. Суды адам 
кейде сусын ретінде ішеді. Сонымен бірге күнделікті пайдаланған тағамның 
құрамында да болады. Судың аз-даған мөлшері ағзаның өзінде ағзалық 
заттардың ыдырауынан бөлінеді. Суды дұрыс пайдалана білу керек. Ағза үшін 
су тапшылығы да, суды артық пайдалану да зиян. Мысалы, суды шектен тыс 
көп пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиянды әсер етеді. 
Адам ағзасында тағамдық заттар көптеген қызмет атқарады. Солардың ішінде 
екі түрлі кызметін ерекше атап өткен жөн. Біріншіден – тағамдық заттар адам 
ағзасындағы тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады. Оны 
тағамның құрылыстық қызметі дейді. Екіншіден – тағамдық заттар ағзадағы 
химиялық энергияның бірден-бір көзі болып саналады. Тағам құрамындағы 
күрделі ағзалық заттар ыдырағанда энергия бөлінеді де, энергияның басқа 
түріне (жылу, механикалық және т.б.) айналады. Мұны тағамдық заттардың 
энергетикалық қызметі дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет