Реферат тақырбы: Сиырдың плевропневмониясын балау және індетке қарсы шаралар. Орындаған: Азрет Назерке. Тобы: вм-505



бет2/3
Дата20.10.2022
өлшемі58,16 Kb.
#44347
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
карантин.аурулар срс назерке 505

3.Індетке қарсы шаралар.
Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнді оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады.
Сонымен, індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралары болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады.
Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізілулері керек.
Індетке қарсы шаралар жалпы және арнайы болып екі топқа бөлінеді. Жалпы шаралар кезкелген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипаты болады да, оған ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринариялық-санитариялық шаралар жатады.
Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және жануарды иммундеу жатады.
Індетке қарсы шаралардың іске асыру негіздері. Індетке қарсы шаралардың басты бір негізі — олардың кешенді түрде жүргізілуі. Бұл кешенділік жоғарыда көрсетілген індеттенудің барлық қозғаушы күштеріне қатысты біртұтас ұйымдастыру— шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар ретінде жүргізілуінен туындайды.
Екінші бір негіз — індетке қарсы шаралардың белгілі бір жүйемен жоспарлы түрде жүргізілуі. Әрбір шаруашылық пен белгілі бір территорияда індетке қарсы жүргізілетін дауалау және сауықтыру шараларының жоспары болуы керек. Бұл жоспар еңбек және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Індетке қарсы шаралардың үшінші негізі — олардың мемлекеттік сипаты. Бұл шаралар мемлекет тарапынан белгіленеді де, мемлекеттік органдардың қолдауымен іске асырылады. Жұқпалы аурулар шыға қалғанда карантин немесе шектеу қою немесе алу халық депутаттарының жергілікті кеңестерінің шешімі арқылы жүргізіледі.
індетке қарсы шаралардың дұрыс іске асуына әкімшілік органдары (милиция) көмек көрсетіп, бақылау жасайды.
Төртіншіден, індетке қарсы шаралар адамдарды малдан жұғатын аурулардан сақтандыруға бағытталады. Сондықтан жануарлардың жұқпалы ауруларымен күрес шаралары медициналық мекемелермен ынтымақтастықта жүргізілуі керек.
Адам мен малға ортақ жұқпалы ауруларға қарсы шараларды жоспарлау, оларды жүзеге асыру санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесімен келісіліп атқарылады.

Қорытынды
Ауруды балағанда індеттанулық деректер: оның тез таралып, өлім көрсеткішінің жоғары болуы, тек қана ешкінің ауыратыны ескеріледі. Клиникалық ерекшеліктері: тұрақты жоғары температура, жөтел, плевропневмония, малдың тез жүдеуі. Осы ауруға тән өлекседегі өзгерістер: өкпенің жаппай бауырлануы, тіліп қарағанда «мәрмәр» түсті болуы. Нақты диагноз қою үшін қоректік ортада өсіріп, қоздырушысын бөліп аламыз.
Алынған өсінді КБР және ДПР арқылы анықтайды. Ауру созылмалы өткенде балау қиындық туғызады (КБР-мен анықтайды). Балау қиындық туғызып жатса, лақтарға биосынама қояды. Кебенектің кейбір белгілері пастереллезге ұқсайды. Пастереллез кезінде ешкілермен қатар, қойлар да ауырады. Сонымен қатар бактериологиялық тексеруде айқын нәтиже береді. Пастерелламен зертханалық жануарлар оңай жұқтырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет