Реферат Тақырыбы : «Ежелгі түркі шешендігі»


Ежелгі түркі шешендігінің пайда болу тарихы



бет2/3
Дата26.12.2023
өлшемі16,85 Kb.
#143951
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Реферат Тақырыбы «Ежелгі түркі шешендігі»-emirsaba.org

1.1Ежелгі түркі шешендігінің пайда болу тарихы
●Ежелгі түркі шешендерінің қатарында шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 620 – 555 жылдары өмір сүрген Анақарысты мақтанышпен айта аламыз. Платон шығармаларында Анақарыс туралы мынадай пікір келтірілген: «Анахарсис – аңызға айналған скиф, өзінің Грецияға жасаған саяхаты кезінде даналығымен даңққа бөленді және Салонның ықпалымен өмірін философия ғылымына арнады». Скифтердің есімі тарихта тек әскери жобамен ғана қалған жоқ, ұлы даналардың Отаны ретінде де мәлім болды, — дейді Т.Жұртбаев. Бұл пікірдің шындығына атақты Геродот пен Страбонның философ, шешен Анақарысты «жеті ғұламаның бірі» деп мойындауының өзі де жеткілікті! Бір өкініштісі кезінде аты аңызға айналған ғұламаның өмірбаяны туралы деректердің сақталмағандығы. Геродоттың айтуынша, «Анақарыс – скиф патшасы Спаргапиптің шөбересі, Ликтің немересі, Гнурдың баласы».
Анақарыс скифтерді билеген хан тұқымынан. Шешесі – грек қызы. Сөз өнерін жетік меңгеріп, билердің кеңесіне қатысып, шешендікті тыңдап, өзі де билік айтып ер жеткен. Біздің дәуірімізге дейін де ежелгі түркілерде билер кеңесі болғандығы жайлы Дьяконовтың дерегінен білуге болады: «Геродоттың жазуы бойынша, мидиялықтарда халық кеңесі болғандығын білеміз, сондай – ақ, ең ардақты ақсақалдар кеңесінің болғандығы да даусыз. Мұнда кеңестер мен мәжілістер «Авестадағы» «ханиаман» және «биаха», «биахман» деген сөздер арқылы белгілі», — дейді. «Ханиаман» мен «биаханның» түбірін «хан ием», «биеке» деген сөздерінен шығарып, Т.Жұртбаев хан кеңесі мен би кеңесі деп түсіндіреді. Олай болса тарихшылардың Анақарысты «билер кеңесіне қатысып, өзі де билік айтқан» деген сөздеріне сенуге болады. Анақарыс әскери өнерді де жетік білген, әскери қолбасшы болған. Ел іші бейбіт өмір кешіп немерелес бауыры Сабыл хандық құрған кезде дүниенің сырын білмек болып, жан-жағына үңіледі.
Әйгілі философтармен тарихшылардың шежіресі ғалымдардың еңбектерін оқып, білімін кеңейтеді. Скифтердің тұрмыс тіршілігіне өзгеріс енгізуді армандап, элладалықтардың мемлекеттік құрылымы мен заң арқылы басқару жүйесіне қызығып, білмек болады. Осы мақсатпен «әлемнің жеті ғұламасының бірі» Солонды іздеп, скиф даласынан Афинаға аттанады. Геродоттың жазуынша, «элладалықтардың өнер – білімін үйреніп келу үшін, Анақарысты Элладаға жіберген адам скифтің патшасы» көрінеді. Тарихшылардың айтуынша, ол заманда көшпелілер көсемнің мұрагері жігіт шағында қол бастап, жаугершілік өнерін шайқаста сынамай, алыс сапарға шықпаған. Оның үстіне тақ мұрагерлерін әскери өнерге, шешендікке, тапқырлыққа жасынан баулыған. Сондықтан Анақарыс та әскери өнердің қыр – сырын жетік меңгерген. Анақарысты ұлы екі өнерге — әскери өнермен сөз өнеріне ұмтылуы тегін емес еді, өйткені бұл екі өнер қоғамдық қажеттіліктен туды, құлиеленушілікке қарсы әлеуметтік даму өрістеп, азат өмір сүруге, демократиялық қоғамның өрістеуіне қозғаушы күш болды.
Ерте заманда гректермен римдіктер де, көшпелі түркілерде әскери өнермен шешендік өнерді құрметтеді. Шешендік өнерді ыждағаттықпен үйрену әрбір грек азаматының парызы болды. Рим халқында шешендік өнер қасиетті іс ретінде қабылданаған. Олар қан майданда Отанын қалай қорғаса, бейбіт өмірде халық мәжілістерінде суырылып сөйлеуге де әрқайсысының басты парызы саналған. Міне, сол кезде риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз мамандығы пайда болды. Шешендік өнердің теориясының дамуына Дәуірлеу дәуірінің кемеңгері Кампанелла мен Томас Мор, Петрарка мен Данте, Рабле мен Шекспир, Сервантес пен Лопе де Вега шеберлігі зор әсер етті.
Көне дәуірде шешендік өнердің көркейіп гүлденуінің екі кезеңі болған. Біріншісі, б.э.д.V-IV ғасырлар, Афина елінде отты шешен Периклден бастап даңқты шешен Демосфенге дейінгі уақыт, ал Румде б.з.д. бірінші ғасыр немесе Цицерон заманы. Сол дәуірлердің сипатынан шығарып, Цицерон: «Адамды ең жоғарғы құрметке жеткізетін екі өнер бар: бірі – жақсы қолбасшылық өнер, екіншісі — жақсы шешендік өнер», — деген еді. Осыны түсінген скифтің әскер басшысы Анақарыс бұл екі өнерді жан тәнімен жақсы көрді және шешендік өнермен әскери өнердің қыр-сырын жетік білген. Оған әйгілі философ Диогеннің: скиф Анақарыс Гнурдың ұлы және скиф патшасы Кадиудың бауыры еді, оның шешесі – грек қызы, сондықтан да ол екі тілді де білетін. Ол скифтермен элладалықтардың дәстүрі, өмірді жеңілдетудің жолдары туралы жазды және әскери айла – тәсіл жөнінде сегіз жүз өлең шығарды. Ерекше шешендігімен көзге түсті, «Скифтік сөйлеу мәнері», — деген еңбегі дәлел бола алады. Анақарыстың әйелі шешен Солонмен сөз жарыстырып, шешендігін сынау үшін Грецияға аттануы да осы даналық ілімге деген құмарлығы еді. Анақарыс келген уақыт Солонның егде тартқан кезі еді. Анақарыстың ұтқыр ойы, тапқыр сөзі, әрі қысқа, әрі нұсқа сөйлейтін ділмарлығы Солонның өзін қабылдауға мәжбүр етеді. Анақарыстың шешендігін дәлелдейтін деректерді Т.Жұртбаевтың «Дулыға» кітабынан алдық, Анақарыс сөздерінің қазақша аудармасы да осыдан.
Солон мен Анақарыстың достығы өле-өлгенше жалғасады. Анақарыстың даңқты ойшылы Солоннан ділмарлықтың тәсілдерін үйреніп қана қоймаған, ол Солонның өзіне де түйінді мәселелерді шешуге ақыл қосып, ескерту жасап отырған, яғни Солон да Анақарыстан көп нәрсені үйренген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет