Реферат Тақырыбы : «Ежелгі түркі шешендігі»



бет1/3
Дата26.12.2023
өлшемі16,85 Kb.
#143951
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Реферат Тақырыбы «Ежелгі түркі шешендігі»-emirsaba.org


Реферат Тақырыбы : «Ежелгі түркі шешендігі»

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті


Реферат
Тақырыбы: «Ежелгі түркі шешендігі»

Орындаған: Сакенова Мадина
Тексерген:Көшекова Айнұр
Алматы қаласы 2022ж

Жоспар:

I.Kіріспе

II.Негізгі бөлім
1.1Ежелгі түркі шешендігінің пайда болу тарих
III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I.KІPІCПE
Ежелгі түркі елінің шешендігі жайлы сөз қозғау, соншалықты қажеттілігіне қарамастан, қиыннын, қиыны. Олай болатын себебі біріншіден, шешендікті тарихи кезендерге бөліп қарастырудың болмағандығы. Саналы ғұмырын шешендікті зерттеуге арнаған атақты Б.Адамбаев қазақтың шешендік өнерінің тарихын орта ғасырдағы билерден бастап карастырды. Екіншіден, халықтың ақыл-ойы, сана-сезімі, тіршілігінің айнасы болған өнердің ежелгі түрі фольклорлық туындылар әдеби және тілдік тұрғыдан зерттелсе де, шешендік тұрғыдан зерттелмеуі орта ғасырлардан бері қарай белгілі болған билер сөзінің ауыз әдебиетінің бір түрі ретінде қаралғаны белгілі. Үшіншіден, ежелгі түркі еліндегі бізге белгілі болған материаддардан байқалған шешендіктің қызметі көне грек, Рим елдеріндегі шешендіктің қызметінен өзгешеленетіндігі.

Дәуірі бір бола тұра, бұл еддердің қоғамдық саяси-әлеуметтік жағдайының, шаруашылық-мәдени сүлесінің әр түрлілігі шешендіктің айтылу мақсаты мен жұмсалатын (көрінетін) орындарының әр басқалылығына әкеліп соқтырды.


Зерттеушілердің айтуынша, көне Грекияда шешендік өнердің дамуына мықтап әсер еткен Афина басқарушысы Салон заңының өмір сүрген кезі б.ж.с. дейінгі 594 ж.
Бұл заң бойынша, Афина азаматы сотта өзін-өзі қорғау үшін қызыл тілге жүйрік болуға тиісті болған. Әрбір азамат өз Отанының саяси-мәдени өміріне мықтап араласқан. Онда демократия-шешендік өнердің арнасы болған. Ертедегі Грекияда және Римде шешендік өнер мен саясат бөлінбеген. Грекияның көрнекті шешендері ірі-ірі саяси қызметкерлер болған. Мысалы, Терикл Афинаны 15 жыл бойы басқарған. Шешендік өнердің жарық жұлдызы саналған Демосфен афина қүлдары демократиясының қорғаушысы болды. 30 жыл бойы Македонның Филипп патшасына ашу ызамен карсы тұрды.
Көне Римнің шешендері де, көне гректердегі сияқты, әйгілі саяси қызметкерлер болды. Солардың бірі Римнің мемлекеттік қайраткері б.д. дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда Марк Катон Старший болды. Ол Карфагенмен бітіспес жау болғаны сондай өзінің әрбір сөзін “Карфегенді құрту керек” деген фразамен аяқтап отырған.
Ерте заманда гректер мен римдіктерде көшпелі түркілерде әскери өнер мен шешендік өнерді құрметтеді. Шешендік өнерді ыждағаттықпен үйрену әрбір грек азаматының парызы болды. Рим халқында шешендік өнер қасиетті іс ретінде қабылданған. Олар қан майданда Отанын қалай қорғаса, бейбіт өмірде халық мәжілістерінде суырылып сөйлеу де әрқайсысының басты парызы саналған. Міне, сол кезде риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз (ритор) мамандығы пайда болды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет