Реферат тақырыбы: Қ. ЖҰбановтың ОҚыту ұстанымдары. Қ. ЖҰбановтың мектеп грамматикасына қОСҚан үлесі


Қазіргі дамыта оқытудың басты идеясын



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата19.11.2023
өлшемі231,72 Kb.
#124885
түріРеферат
1   2   3   4
Қазіргі дамыта оқытудың басты идеясын
тілші-ғалым Құдайберген 
Жұбановтың «Қазақ тілінің грамматикасы» еңбегінен кездестіруге болады. 
Көреген ойшыл ғылым-білімге шөліркеп келген қазақ еліне жаңа заманда 
ойланып оқитын, ізденіп оқитын, ой еңбегін меңгерген оқушы тәрбиелейтін 
жаңа үлгідегі оқулық қажет деп есептеген. Оның грамматикасының басқа 
оқулықтардан өзге болу себебі де осында. Оқулық басталған жерден-ақ 
оқушыларға ізденіс жолын нұсқайды. Талдау-жинақтау әдісі арқылы тілді 
зерттеп білуді үйретеді. Ал тіл материалдарын сатылап жүйелі ойлау 
машығына төселдіреді. Салыстыру, көрнекілік әдістері өмірдегі құбылыстарға 
үңілдіреді, болмыс сырына қызықтырады, шәкірттердің білімге деген 
құштарлығын арттырады, оларды ойланып, ізденіп оқуға жетелейді. 
Әдіскер-ғалым 
Қ.Жұбановтың «Қазақ 
тілінің 
грамматикасы» 
оқулығынан қазіргі әдіскерлеріміз кең қолданып жүрген 
деңгейлік 
тапсырмалар арқылы дамыта оқыту әдісінің элементтерін байқауға 
болады.
Оқулық құрылымы әр оқушының белгілі бір тақырып бойынша 
жүйелі білім алуы үшін белгілі бір деңгейдегі тапсырмаларды орындау 
қажеттілігіне негізделеді. Егер оқушы аз уақыттың ішінде көп тапсырма 
орындап үлгерсе, ол оқушының қабілетін, белсенділігін, іскерлігін, ал 
ұстаздың шеберлігін көрсетеді. Мұндай жұмысты жүзеге асыру үшін мұғалім 
оқулыққа сүйене отырып, өз сабағын ғылыми түрде ұйымдастыруы керек. 
Оқытуды ғылыми ұйымдастыра алмаған мұғалім деңгейлік тапсырмаларды да 
орындата алмайды. Оқытушы педагогикалық заңдылықтарды неғұрлым 
жақсы білсе, оқу технологиясының талаптарын да неғұрлым жақсы 
орындатады. Сөйтіп, деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында жақсы 
оқитын бала зерікпейді, орташа оқушы бос отырмайды, ал нашар оқитын 
оқушы бос көшіре бермейді. Бұл әдіс қазақ тілі сабақтарында өз дәрежесінде 
жүргізілсе, жақсы нәтиже беретінін кезінде профессор Қ.Жұбанов атап 
көрсеткен.
Педагог-әдіскер Қ.Жұбановтың «Жаңа грамматика» оқулығында әдістің 
мынадай түрлері көрсетілген:
1.Баяндау әдісі.
2. Түйінді мәселеге көңіл аудара түсіндіру әдісі.
3. Салыстыру әдісі. 
4. Сөзбен суреттеп көрсету.
5. Көрнекілік әдісі.
6. Оқуды еңбек процесімен байланыстыру.
7. Пәнаралық байланыс.
8. Проблема қоя оқыту.
9. Жүйелі ойға төселдіру.
10. Өмірмен байланыстыру әдісі.
Профессор Қ.Жұбановтың әдістемелік еңбектерінің қай-қайсысынан 
болса да заман талабынан туған жаңалықтар мен ғылыми дәлелденген 
пайымдауларды аңғаруға болады. Мысалы, ғалымның «Ауыл мектебінің» 
1934 жылғы 4-ші санында жарияланған «II жартыжылдықта әдістемелік 
бірлестіктер мен үйірмелерде қарастырылатын әдістеме және бағдарлама 


проблемалары» қазір де өзекті болып табылады. Мұнда педагог әр деңгейлі 
мектептердің оқу бағдарламаларын негізге ала отырып, мұғалімдерге арналған 
курстар ашудың маңыздылығын айтады. Сөйтіп сабақтың апталық, айлық, 
циклдік т.б. тақырыптарын белгілеп, конспектілерін, жоспарларын және 
тезистік сызбаларын беру керектігін ескертеді. Сабақ үстінде оқулықты ғана 
пайдаланып қоймай, дидактикалық материалдарды, оқу-әдістемелік 
құралдарын қолданудың тиімділігіне басты назар аударады. Сондай-ақ 
Қ.Жұбанов сабақтарды талдауды дағдыға айналдыру қажеттілігін айта 
отырып, талдау барысында мұғалім жетістіктерімен қатар кемшіліктері де 
көрсетілуі керек дейді. Бұл өз кезегінде мұғалімнің оқытудың тиімді әдістерін 
таңдап алуына мүмкіндік береді. Бұл екі мақсатты көздейді, біріншіден
мұғалім күшін нақты тақырып бойынша белгілі бір сабақты ұйымдастыруға 
қажетті педагогикалық тәсілдерді іздеуге жұмылдырса, екіншіден, жалпы 
бағдарламалық материалдар ішінен бірінші жартыжылдықта өткен 
сабақтардың ең таңдаулысын табуға көмектеседі. Бұл мұғалімге баланың 
бұған дейінгі және осы күнгі білімі арасындағы байланысын анықтауға 
мүмкіндік береді. Бірақ әдіскер бұл жерде материалды ірі блок түрінде 
түсіндіруге болмайтындығын, себебі оның тақырыпты дұрыс түсінуге 
мүмкіндік бермейтінін атап айтады. Сөйтіп ғалым-ұстаз әр сабақта белгілі бір 
бөлімнің бөлшегін үйрету керек дейді. Бұл үшін алдын ала бағдарлама мен 
оқулықтарға сай кезекті сабақтың мазмұны мен құрылымы анықталады, 
тақырыпты жеткізуге оңтайлы әдістер қарастырылады. Мұнан кейін 
практикалық жаттығу түрлері тыңдалады, өз бетімен орындалатын жұмыс 
түрлері қарастырылып, сабақтың әртүрлі элементтерінің өзара байланысты 
болуы көзделеді. Педагог Қ.Жұбанов әдістемелік бірлестік мәжілістерінің күн 
тәртібіне оқуға деген практикалық дағдыны қалыптастыруға арналған жұмыс 
түрлерін, қоршаған ортаны ауызша суреттеп беруге үйрету әдістемесін 
жетілдіру мәселесін, бала тіліндегі кемістіктерді жою, ана тілі дыбыстарын 
дұрыс айтуға үйрету проблемасын, оқушының жазу қабілетін жетілдіруге 
арналған жұмыс түрлерін талдауды ұсынады және бұл жұмыстарды жүзеге 
асырудың нақты жолдарын меңзейді. Мұның бәрі ғалым ұсынған 
проблемалардың соңғы кездері қолданысқа енген сөйлесім әрекетінің бес түрі 
арқылы (оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім) тілдік қатынасқа 
қол жеткізу проблемасымен өзектес екенін көрсетеді. Шынында да, бұдан 
ғалымның сол заманның өзінде-ақ қазақ тілін меңгеруде грамматикалық 
ұғымдарды түсіндірумен қатар, дұрыс оқу, оқығанның мазмұнын жеткізе білу, 
көргенін ауызша айта білу және жазу қабілетін жетілдіру сияқты практикалық 
дағдыларды қалыптастырудың маңыздылығын алдыңғы орынға қойғаны 
көрінеді. 
Ғалым-ұстаз ұсынған амал-тәсілдер мен әдістемелік ұғымдар қазіргі 
оқыту үрдісінде орын алған ұғымдармен үндес келеді.
Мәселен, - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет