Реферат тақырыбы : Р. Бойль мен флогистон теориясы орындаған: Нагашбаева Айдана Тобы: хнк 3



Дата28.01.2023
өлшемі117,26 Kb.
#63422
түріРеферат


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ



РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Р.БОЙЛЬ МЕН ФЛОГИСТОН ТЕОРИЯСЫ
Орындаған: Нагашбаева Айдана
Тобы: ХНК 3
Қабылдаған: Шокыбаев Ж.А

Алматы, 2022


ЖОСПАР

  1. КІРІСПЕ

  1. Ғылыми химияның құрылуы;

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Роберт Бойль;

  2. Роберт Бойльдың теориясы;

  3. Флогистон теориясы;

  1. ҚОРЫТЫНДЫ

  2. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


КІРІСПЕ

  1. Ғылыми химияның құрылуы:

XVII ғасырда жаңа тәжірибиелік жаратылыстану – ғылыми химия пайда болды. Жаңа жаратылыстану бағыты көптеген жаңа көзқарастар, жаңа ашылулар мен ғылымға үлкен жаңалықтар әкелді. Жаңа жаратылыстану – жаңа ұйымдастырушылық формаларын тудырды: ғылыми қоғам – бірлестіктер мен ғылыми академиялар құрылды. XVII ғасырдың екінші жартысында пайда болған ғылыми революцияның нәтижесі жаңа – ғылыми-химияның құрылуы болды. Ғылыми-химияның құрушысы болып дәстүрлі түрде Роберт Бойль саналады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Роберт Бойль:
Роберт Бойль (1627 жыл, 25 қаңтар Лисмор, Ирландия -1691 жыл 30 желтоқсан) - ағылшын физигі, әрі химигі, философтарының біріде бірегейі болған. Роберт Бойль ғылыми химияға еңбегі сіңген, жаңа жаңалықтар ашқан. 1660 ж. ол газ қысымының көлемге тәуелдiлiгiн анықтайтын заң тапты. Кейiнiрек бұл заң Бойль – Мариотт заңы деп аталды. Бойль химиялық процесстердi көп зерттедi – мысалы, металды күйдiргендегi, ағашты құрғақ айдағандағы, тұздар, қышқыл және сiлтiлер түрленгенде болатын процесстердi. «Химик-скептик» (1661ж.) кітабы, Роберт Бойльдың маңызды еңбектерінің бірі болып саналады. Бұл кітапта жаңа философиялық хмия жүйесі мен зерттеулер баяндалды, әрі сол замандағы химияның даму үдерісі бойынша көптеген сұрақтарға жауап берді, агрегаттық күйдегi денелердiң ерекшелiгiне алғаш рет түсiндiрме берілді. «Химиктер осы уақытқа дейін аса кең көзқарасты талап етпейтін өте тар принциптерді ұстанған; олар өздерінің есептерін дәрі-дәрмек жасауда, металл алу мен айналдыруда көрген – деп жазған Бойль. Мен химияға мүлдем басқа көзқараспен қараймын: емші, алхимик сияқты емес, философтың көзқарасымен қараймын. Мен осы жерде химиялық философияның жоспарының сызбасын сыздым, ол өзімнің бақылауларым мен тәжірибелерім арқылы орындап жетілдіремін деп үміттенемін», - Роберт Бойль.

2. Роберт Бойльдың теориясы:
Роберт Бойльдың теориясы - Бойльдың пікірінше, элемент дегніміз қарапайым, өзінен басқа еш затпен қосылмаған, басқа барлық заттарды түзетін, күрделі заттар айрылғанда ақтығында шығатын, тәжірибиеде бөлінбейтін зат. Бойльдың теориясының ең негізгі мағынасы келесіде көрсетілген:
1. Жаңа химияның мақсатына сипаттама беру – заттың құрамын және зат құрамының оның қасиеттеріне байланысты зерттеу.
2. Шынайы өмірде бар химиялық элементтерін іздеу және зерттеу бағдарламасын ұсыну.
3. Индуктивті тәсілді химияға енгізу.
Бойльдың теориясы қолданысқа жаратылыстанушылар арасында көптеп енген, алайда Бойльдың заманында зерттеулерді тереңдете жүргізу мүмкін болмағандықтан, қандай заттарды элемент қатарына жатқызу керектігі мүмкін әрі айқын болмаған. Дегенмен, 18 ғасырда химияда тәжірибелер жасау мүмкін болып, нәтижелер нақтыланған соң Бойльдың берген анықтамасын растайтын эксперименнтер қатары көбейді. Солай күмән тудырған эменттер қатарына: жаңадан дәлелденген сутек, оттек, хлор, азот сияқты газ түрінде кездесетін элементтер кірді.

3. Флогистон теориясы:
Флогистон теориясы ( грекше: жанғыш, тұтанғыш зат ) - барлық заттың, кез-келген жанғыш заттың құрамына кіреді. Яғни, зат жанған кезде немесе тұтанғанда флогистон одан бөлініп ұшып кетеді. Мысалы, ағаш = күл +флогистон қоспасы деп есептелінеді, ал ағашты жағу барысында флогистон бөлініп, күл қалады. Барлық заттың құрамында болатын жанғыш немесе жаққанда қаққа және әкке айналатын затты 1669 ж. неміс химигі И.Бехер басқа да құрам бөліктерімен қатар әр заттың құрамында Флогистон болады деген пікір айтқан. 1697 ж. неміс химигі Г.Э. Шталь Флогистонның оңай тұтанатын заттарда (май, көмір, күкірт, т.б.) көп болады, ал металл өртелгенде Флогистон жоғалып қақ, топыраққа айналады деген тұжырым жасады. Флигстон теориясы қате түсінік болғанымен химия тарихында маңызды рөл атқарды. Ол тәжірибе қорытындыларын бір жүйеге келтірді және химияның алхимия түсініктерден тазаруына себепші болды. Флогистон теориясын А.Лавуазье еңбектері жоққа шығарды. Флогистон теориясының ашылуы нәтижесінде химиктер жалпы газдарды, жанудың газды өнімдерін белсенді зерттеді

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, XVIII ғ ортасына қарай химияның ең басты тарауларының бірі – пневматикалық химия болды, оның негізін қалаушылар Д.Блэк, Д.Резерфорд, Г.Кавендиш, Д.Пристли және К.Шеле, химияда көлемдік әдістер жүйесін ашты. XVIII ғ. екінші жартысында флогистон теориясы химиктер арасында кең қолданысқа ие болды. Флогистон көзқарастары арқылы заттардың номенклатурасы, олардың түсі, мөлдірлігі, сілтілігі және т.б. оларда флогистон болуымен байланыстырғысы келді. белгілі бір реагенттердің әсерінен кейбір денелердің табиғатын, бірақ олардың «өзіндігін» емес күйрететін өзгерістерін бақылай отырып, Бойль денелер түзілген «корпускулалар» денелердің әртүрлі айналуларында өзгеріссіз қалады деп қорытындылады

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Шокыбаев Ж.А «Химия тарихы» кітабы.

  2. https://elibrary.kaznu.kz/kk/node/5


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет