Реферат Тақырыбы : шжм сабак кестесы. Орындаған : Ерлан. Г топ : но3Б (11) Жетекші : Кажыбаева Ж. Ш



бет3/3
Дата07.11.2022
өлшемі38,78 Kb.
#48147
түріРеферат
1   2   3
Міндетім:
- Өзімнің теориялық білімді күнделікті заман талабына сәйкес етіп жетілдіру.
- Жаңа оқу технологияларының элементтерін тиімді пайдалану.
- Сабақ жоспарлары бойынша түрлендіріп, оқушы білімінің сапасын арттыруға негіздеу.
Мақсатым:
- Біріктірілген сыныптардағы әр оқушының алған білім денгейі мемлекеттік білім стандартына негізделген және бағдарламаға сәйкес болуын көздеу.
Ата аналармен тығыз карым – қатынас құру арқылы оқушылардың саналы да тәртіпті шәкірт болуын қалыптастыру, тапсырмаларын орындау барысында жоғары денгейдегі тапсырмаларды орындауға жетекшілік етемін. Бұл мәселе, біріктірілген сыныптар үшін оңай емес, бір 45 минут ішінде екі сыныпқа бірдей білім мазмұнынын толық жақты болуы талап етеді. Мұғалім, яғни ұстаз өз білімділігімен шығармашылық әрекетін толық көрсетіп, балаға берген білімі мол болса, оқушы да оны қабылдап алуға мүмкіндігі болады. Дәлірек айтсақ, мұғалім сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін ойлаумен шектелмей, денгейіне қарай оқушының әрекетіне де мән беруі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет.

Корытынды
Шағын жинақты мектептің педагогикалық ерекшеліктерін ескерген мұғалім ғана өзінің шығармашылық жұмысын ұйымдастыра алады. Кез – келген әрекет талдаудан басталады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушыларды талдауға үйретуде тәсілдер жүйесін мақсатты түрде пайдалана білген жөн. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізі. Демек әрбір сабақ – оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол – оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыру. Сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстінде сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Сол үшін бүгін жақсы оқытуымыз керек, ал ертең бүгіннен де жақсы оқуға тиіспіз. Ал, ең бастысы оқушының психологиясына айрықша көңіл бөліп, терең зерттеу жүргізіп, оның барлық тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған жөн.Мен өзім шағын жинақты мектепте 10жылдан бері жұмыс істеп келемін. Жоғарыда көрсетілгендей ШЖМ-тің артықшылықтарымен қоса, кері жақтары да бар.Екі сыныпты қоса оқытқандықтан,әр сыныпта 5сабақ болса,10сабақ жоспарын жазамыз.Шектен тыс жүктеме орындаймыз,мұғалім үшін қиын әрі екі сыныпқа көрнекілік,дидактикалық материалдар дайындау қажет етіледі.Кейбір пәндерде сабақтың тақырыптары бір-біріне ұқсас болғандықтан,сабақ жоспарын бір құрып отырамыз.Мыс:2-сынып Туған жер, 4-сынып Атамекен деген тақырыптар кездесіп қалса,сабақтың мақсатын бір жазып, кіріспе сөз,дидактикалық ойындар,қорытынды бір жазылады.Көбінесе Өзін-өзі тану пәндерін оқытуда көп қиындық тудырмайды.Өйткені тақырыптары бір-біріне ұқсас,жақын болып келеді.Көбіне қиындық тудыратыны, бала санының аздығына байланысты сыныпта топпен,ұжымдық жұмыстар ұйымдастыра алмайсың.Қасындағы сыныптың жастары бір болмағандықтан тағы мүмкіндік жоқ. Ата-аналар жиналысын мектебімізде бір өткіземіз.ШЖМ –те сынып оқушыларының арасында тәртіп бұзушылық тіпті болмайды.Бір оқу бөлмесінде күнде болғандықтан,бір үйдің балаларындай тату.Мектепішілік тәрбие шараларына 1-4 сынып оқушылары түгел қатысып отырады.ШЖМ-тер бір-бірімізбен хабарласып, бір-бірімізге барып тәжірибе алмастырып отырамыз.
Ауылдық жерде өсетін балалар өмірге көбірек бейімделеді. Балалар әр жастағы ұжымдарда тәрбиеленіп, жылы жүзділігімен, ашықтығымен, үйірсектігімен ерекшеленеді.
Шағын комплектілі мектептегі тәрбие жұмысының өз ерекшеліктері бар, атап айтсақ, ата-аналармен тығыз байланыс, ер оқушының тәрбиесіне ықпал ету, халықтың дәстүрге сүйену, табиғатқа жақындық, ақыл-ой, дене, еңбек, моральдық, сезімдік тәрбие жүзеге асырылады. Жоспарда оқушылармен бірлесіп істейтін жұмыстар әр жас кезеңдеріне сай көрсетіледі. Тәрбие жұмысы ізгілік принципіне негізделген және баланың жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға бағытталған.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1 ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызыметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер 2000 ж.
2 «Бастауыш мектеп» журналы № 1-5. 2013ж. № 5-7. 2014ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет