Реферат тақырыбы : Талдау жасайтын тапсырмалар Орындаған: Мырзан. Ж тексерген: Сыздыков. С



бет4/5
Дата17.03.2023
өлшемі30,25 Kb.
#75105
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ðåôåðàò òà?ûðûáû Òàëäàó æàñàéòûí òàïñûðìàëàð Îðûíäà?àí Ìûðçàí

Соқыртеке 
Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған баланы «Соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойы тұрған балалар «соқыртекені» түрткілейді. Сол кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы тиіс. Тыныш тұрғанды да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған бала «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді. Осы ойынды балалар көбірек ойнауға тырысадыБалаларға қызықты, ал бізге, педагогтарға, ұтымдысы – дене қимыл-қозғалыс ойыны, сондайақ дыбыстарға мән беруге, қимылдарды сезінуге, яғни сенсорлық дағдыларын қалыптастыруға көмек береді. 
Ақсүйек
Ақсүйек — ұлттық ойын.Жігіттер мен қыздар жиналып, айлы түнде ашық далада ойнайды. «Ақсүйек» ойнау үшін әдетте, қойдың жілігі немесе жауырыны, жамбасы пайдаланылған. Ойынды жүргізуші ойыншыларды екі топқа бөліп, топ басшылары сайланады. Ең алдымен топ басшылары ойынның кім бастайтынын шешіп алады. Ол үшін топ басшылары жүргізуші ұсынған таяқты кезектесіп ұстайды, кімнің қолы таяқ басына бірінші жетсе, сол бастайды. Сөйтіп, алдын ала әзірленген сүйекке белгі салып алған соң, оны топ басшысы бар күшімен алысырақ лақтырады. Кейде екі топтың мүшелері кезектесіп те лақтырады. Ойынға қатысушылар ақсүйекті іздеп табуы тиіс. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, оны көмбеге жеткізуі тиіс. Ал мұны қарсыластары біліп қойса, қолма-қол тартып алуға тырысады. Негізгі ереже бойынша, егер де қарсылас топтың мүшесі біліп қойып, жүгіріп жетіп алатын болса, соған беруі тиіс. Сөйтіп жүгіре отырып, әр топ сүйекті көмбеге жеткізуі керек. Сондықтан ақсүйекті тауып алған топтың ойыншылары біріне-бірі лақтырып, көмбеге қай топ бұрын жеткізсе, сол топ жүлдегер атанады. Ойын шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулиды. Ақсүйек бірін-бірі ұнатқан жастардың оңаша кездесуіне дәнекер де болған.
Қамбар батыр» жырындағы Қамбар бейнесіне талдау
Күмістен тағып қарғысын, соңына ертіп тазысын, аңшылықпен айналысып жүрген Қамбардың белсенді қимыл-әрекеті кереметтей тартымды. Күш-қуаты кемеліне келген нағыз жігіттік шағынан басталған оқиға сол рухта аяқталады. Өз ауылы, Әзімбай ауылы және жау елі (қалмақ) — жырдағы кеңістік осылар. Батырдың ерекше болмысы екі жағдайда көрінеді.
Біріншісі, көне эпос салтына тән жолбарыспен алысқандағы ерлігі болса, екіншісі — ел шетіне жау келгенде қорған бола білген қаһармандық іс-әрекеті. Сондай-ақ әлеуметтік жігі айқындала бастаған екі түрлі өмір сипатталады.
Қамбармен алғашқы ерлігіне дейін тұтас бір рудың қамын күйттеп, аш-арығын тойдырып, жетпегенін жеткізу жолында жүрген қарапайым аңшы-мерген бейнесінде танысамыз.
Түске дейін ілгені,
Төбедей болып қалады.
Көтеріп тастай береді,
Жарлының шығып көңілінен,
Қызыққа мейірі қанады, — деген жолдар оның аңшылық қасиет пен осы кәсіпке ерекше мән беретіндігінің дәлелі болса керек. Тіптен аң-құс атаулы мергеннің атының сыбдырын ес­тігеннен-ақ қашып жасырынады екен. Жыр бол­мысын ерекшелендіретін елеулі оқиға — Қам­бардың жолбарыспен жалғыз айқасып жеңуі.
Қамбар да қайтпай ұмтылып,
Бар қайратын шақырды.
Құйрығынан көтеріп,
Айналдырып басынан,
Лақтырып кеп жіберді,
Қырық қадам жерден асырып,
Мықтылығын ел көрді.
Жырдың айтарлықтай тағы бір ерекше­лігі — Назымның күйеу таңдап жар салған сынағына Қамбар қатыспайды. Бұл жағдайды жыршы әртүрлі себептермен түсіндіреді.
«Бір жаман келіп малы көп, Алып кетсе айырып, Қайғыменен басылар, Ат басындай жүрегім», — деп сұлудан тартынуына кедейлігін сылтау етеді. Осыған қоса «Кедей демесең, одан артық адам жоқ» дейтін хабаршының сөзі бар. Демек, сол жерде Қамбардың бар кемшілігі — кедейлігі екені айқын айтылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет