ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:« Топтық қарым-қатынас,жеке адамдар қарым-қатынасы»
Институт:«Математика,физика және информатика институты»
Мамандық,группа:«6В05401-Математика,МЕК-216»
Пән:«Психология»
Орындаған:Сауедин Ж.Ж
Тексерген:Аға оқытушы Кудушева Н.
Алматы 2022 Жоспар : Кіріспе
Негізгі бөлім.
1. Топ және ұжым туралы түсінік. Топтың түрлері
2. Қарым-қатынас психологиясы
3. Топтағы адамдардың қарым-қатынасы
ІІІ. Қорытынды.
Кіріспе.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені онын психикасы тек айналасындағылармен карым-катынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасынын дамуы қоғамнын дамуымен байланысты.
Кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынаска түсуді кажетсінеді. Өзгелермен қарым-қатынас жасау тіршілікке аса манызды ақпарат алмасу деген сөз.
Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, енбекпен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, онын шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсекте, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарласақ та, дос-жарандармен сөйлессек те осынын бері қарым-қатынастын сан алуан кырлары. Өмірдегі сан алуан тыныс-тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не жанама, не біреу арқылы қарым-қатынаска түседі.
Осындай қарым-қатынастын мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігімен жақсы байқалып отырады.
Қарым-қатынас топ, ұжым деген ұғымдармен тікелей байланысып
жатады.
Адам баласы жалғыз жүріп,көздеген мақсат-мұратына жете алмайды,сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс.Мұндайда адам ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі.
Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әртүрлі топтармен,адамдармен істес болып,өзара тығыз қарым-қатынас жасайды.Бұл адамның қызмет немесе оқу орындағы,сондай-ақ, өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары да болуы мүмкін.
Жеке адамның өзі де – қоғам мүшесі әрі әлеуметтік тұлға.Сондықтан, оның өмір тіршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті,ісі қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады.