Реферат Тақырыбы: "Абай Құнанбаев философиясындағы адам мәселесі"



бет2/3
Дата19.03.2023
өлшемі92,22 Kb.
#75459
түріРеферат
1   2   3
Негізгі бөлім
Философияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне заманнан белгілі. Адам мәселесі – философияда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Ертедегі ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-толғауларына тоқталып көретін болсақ,грек ойшылы Протагор: “Барлық заттың өлшемі-адам” деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы : ”Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам – данышпан“ депті. Үнді философиясының, буддизм ілімі өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қояды. Ал қазақтың ұлы данышпаны Абай : “Атаңның баласы болма, адамның баласы бол” атты қанатты сөз қалдырған. Адам мәселесі және оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай қалдырған емес. Адамды философиялық тұрғыдан түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар образдар мен ұғымдар негізінде, философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Абай заманынан алыс кетсек те, даналық ойларын санамызға сіңіре отырып, оның рухани әлеміне жақындай береміз. Хәкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті. Абай философиясының бүгінгі күнгі өзектілігін Ел басы Н.Ә.Назарбаевта атап өтеді. Абайды оқи отырып, адам – таза, әділетті, қайырымды болып қалыптасады дейді. Олай болса, Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі адам. Абай өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мәнін ашу. Бүкіл өміріне азық етіп басқаларға да шарапатын тигізу. М.Әуезов Абайдың: “ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады”;- дейді. Бұл тұжырым Абайдың адамгершілік тәрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала беретін себебін ашып көрсетеді. Абай қазақтардың өткені мен бүгінін, болашағын, салт-дәстүрі мен рухани мәдениетін жетілдіру, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бүгінгі уақыттың талабына сай ой түйіндейтін болсақ, хакімнің ойлау мәдениеті қазақтың менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен философиясын адам бойынан таба білді. Ол кісілік қасиеті, білімі мен парасатын елдің қамын ғана емес, адамзаттың мақсат-мүддесін ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын адамды тәрбиелеуге жұмсады. Ұлы данышпанды адам өмірінің мәні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы, ар – намысы сияқты мәселелер ерекше толғандырды. Ол былай дейді: Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес, «мені» мен «менікінің» айрылғанын, «өлді» деп ат қойыпты өнкей білмес. Өйткені, қоғамдағы құбылыстар мен процесстердің өзегі адам болмысы болып табылады. Бұл жерде “мен” деген не, “менікі” деген не, сауалдарға жауапты Абайдың өзінен табамыз. ”Мен” дегеніміз ақыл мен жан. Екеуі де рухани түп негіз. “Менікі” деп сөзді тәнге қатысты айтып отыр. Абай адам баласының жаман-жақсы қасиеттеріне терең мән беріп, философиялық ой - толғауларында атап көрсетеді. Отыз сегізінші сөзінде Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек дейді. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшіншісі зұлымдық. Үш - ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» . Адам бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып, оны үлкен әлеуметтік ізгі күшке айналдыратын ғылым деген қорытындыға келеді. Ол ғылымды үйреткенде, бақталастық, атақ – данқ үшін емес, айқын мақсатпен, білмек үшін үйрену керектігін баса айтады. Өйткені қай қоғамда болмасын, бақталастық адамды жаман жолға жетелейтіні рас. Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады. Сондықтан: “адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз…” деп басталатын мына өлеңіне назар аударайық: Адам болам десеңіз Бес нәрсеге асық бол Бес нәрседен қашық бол Талап Еңбек Терең ой Қанағат Рақым Өсек Өтірік Мақатаншақ Еріншек Бекер мал шашпақ. Бұл өлеңде Абай «адам болу» қағидасын ұсынады. Бекер даурығып, өтірік айтып, жалқау болудың орнына өнер – білімнің арқасында өзіңнің орныңды тап дейді. Адам өміріне мән беретін, негізгі нәрсе өзінің бойындағы адамшылдықты жоймау. Бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Бұл дүниеге адам болып келген соң, адам болып кету керек. Қандай жағдай болмасын адамдық қасиетті жоғалтып алмау, адамның басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі. Ол адам тарапынан ерік-жігерді, қайратты қажет етеді. Отыз алтыншы қара сөзінде: «Ұяты күшті адамдар ұйқыдан тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін - өзі өлтіре тұғын кісілер де болады. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты»,- дейді . Ұлы ойшыл, адам бойындағы ұят пен иман мәселесін қозғайды. Бұл екі ұғым адам мен хайуанның ара жігін ажыратады. Адам хайуаннан, ақ жүректігімен адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді. Ұяты бар адам – иманды. Ойшыл Абай адамдық танымдағы ұяттың басымдығын сөз етіп тұр. Жиырма бесінші қара сөзінде: «Қарыны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап – ішуге малдың тапшылығы да ағайынның араздығына уа әртүрлі бәлеге ұрлық зорлық, қулық сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатын нәрсе» деп ой түйіндейді. Қоғам көре алмаушылық, зұлымдық, қулық, сұмдықтан толық тазарғанда ғана бұл жаман қасиеттер, басқа да дөрекі мінез-құлықтар, тіпті адамға көрсетілетін зорлық-зомбылықта жоғалады деп сенеді. Абайдың мына бір даналығына тоқталайықшы: «Адам баласын замана өсіреді, кімде кім жаман болса замандасының бәрі жазықты»
Абай философиясының негізгі ерекшелігі ең алдымен адам мәселесін философияның негізгі мәселесі ретінде алып қалыптастырады. Абу Хайян ат-Таухиди айтқандай адам адам үшін мәселеге айналды.Бұл, әрине Абай философиясына антропологиялық сипат береді, бірақ Абайдың философиялық антопологиясының өзіндік сипаты бар ерекше философиялық ілім, жүйе болып табылады. Профессор О.А. Сегізбаев Абайдың антропологиялық философиясын Фейербахтың философиялық жүйесімен салыстыра отырып, екеуінің де философиясының ең басты мәселесі адам болғанымен, арасында ұқсастықпен қатар сапалық айырмашылық бар екендігі туралы ой-тұжырымға келеді. Л. Фейербах “Гегель философиясына сын” деген еңбегінде: «Табиғат асқазанның жай ғана шеберханасын жасап қойған жоқ, сонымен қатар ми сарайын орнатты, ол тіл ғана берген жоқ, дыбыстардың үйлесімділігін есту үшін құлақ, жарық көру үшін көз берді» - деп айтса, Абай отыз сегізінші сөзінде Алла: “…Адам баласын құрт, құс, өзге хайуанаттар сипатында жаратпай, бұл гүзәл сипатты беріп, екі аяққа бастырып, басын жоғары тұрғызып, дүниені көздерлік қылып өзге хайуандар секілді тамақты өз басымен алғызбай, ыңғайлы екі қолды басқа қызмет еттіріп, ауызына қолы ас бергенде, не ішіп не жегенін білмей қалмасын деп, иісін алып ләззаттанғандай қылып ауыз үстіне мұрынды қойып, оның үстіне тазалығын байқарлық екі көз беріп, ол көздерге нәзіктен, зарардан қорғап тұрарлық қабақ беріп, ол қабақтарды ашып жауып тұрғанда қажалмасын деп кірпік жасап, маңдай тері тура көзге ақпасын деп, қаға беруге қас беріп, оның жүзіне көрік қылып, бірінің қолынан келместей істі көптесіп бітірмекке, біреуі ойы, біреуі ұқтыраралық тіліне сөз беріп жаратты” - дейді. Бірақ Фейербах адам табиғи құбылыс болғандықтан, оның адамгершілік, әдептілік сипаты оның табиғи мінімен анықталады деп есептегендіктен оның антропологиялық философиясы адамнан Құдайға өтеді. Ал хакім Абай үшін адамды жаратқан Құдай болғандықтан, адамның бойындағы адамдық табиғатпен емес, Аллаға деген сеніммен, махаббатпен анықталады. Сондықтан Абайдың философиялық антропологиясы Құдайдан адамға өтеді. Абайдың философиялық антропологиясының келесі өзіндік ерекшелігі дүниежүзілік философияда, әсіресе Шығыс философиясында кең тараған “әмбебап адам”, “жан-жақты жетілген адам” ілімінің көптеген нұсқаларының ішінде (герметизм мен гностицизмдегі Антропос, Каббаладағы Адам Кадмон, маздаизм мен зоростризмдегі Гейомарт, Ежелгі Үндінің діни философиясындағы Пуруша, Ежелгі Қытай философиясындағы шэн жэнь, соның ішіндегі Конфуцийдің әлеуметтік идеал болып табылатын цзюнь-цзы, арабтілдік мұсылман Шығыс философиясындағы әл-инсан әл-кәмил және ортаазиялық жәуанмәртілік ілімдер) өзіндік орны бар. Абай адам мен кісі мәселесін жан-жақты, ауқымды қарастыру арқылы, өзінің кісілік философиясы арқылы жан-жақты жетілген “толық адам” тұжырымын негіздеді. “Толық адам” ілімі тұрғысынан Абайдың өзінің қаншама “толық”, жан-жақты жетілген адам екендігіне тағы да көзіміз жетеді. Абайдың “толық адам” тұжырымында басқа философиялық жүйелермен сабақтастық, байланыстылық бар екендігін байқауға болады. Мұның өзі оның қаншама жан-жақты білімді, парасатты философ екендігіне көз жеткізеді. Мысалы, ортағасырлық Шығыс мұсылман философиясының ірі өкілдерінің бірі әл-Газалидің пікірі бойынша, Құранда айтылғандай, адам Алланың көшірмесі, оның көмескі бейнесі. Адам да Алла сияқты көреді, естиді… Абайдың “Қара сөздерінің” 38-сөзінде де осы жайлы айтылады:“…Алла Тағалаға ұқсай алам ба деп, надандық бір лән ол сөзден жиіркенбе, ұқсамақ – дәл бірдейлік дағуасы бір лән емес, соның соңында болмақ. Оның үшін Алла тағаланың сипаттары: “Хаят (тіршілік), Ғылым, Құдірет (күш), Басар (көру), Сәміг (есту), Ирада (тілеу, қалау), Кәләм (сөздер), Тәкин (болу). Бұл сегізінен Алла тағалағыдай кәмәлат – гәзәмат (жетісу, үлкен) бір лән болмаса да, пендесінде де әр бірінен өз халінше бар қылып жаратыпты” . Абайдың пікірінше Аллаға тән негізгі сегіз қасиет бар: тіршілік, ғылым, күш, көру, есту, тілектілеу, сөз,бар болу. Осы қаситеттер адамға да тән, бірақ олар Алланың бойындағыдай жетілмеген. Егер бұл қасиеттер адамда да жетілген күйінде болса, онда Алла мен адамның арасында айрмашылық болмас еді. Абайдың пікірінше жәуан мәрт, яғни жан-жақты жетілген толық адамға үш негізгі қасиет: шындық, ізгілік, даналық тән болуы керек. Осыған байланысты 38-сөзінде Абай былайдеп жазады: “Енді біздің бастағы тагриф (тану) бойынша құдай тағала ғылымды, рақымды, ғадаләтті құдіретті етті. Сенде бұл ғылым, рақым, ғадаләт үш сипат бір лән сипаттан бақ: ижтиһадің (талап) шартеттің, мұсылман болдың, һәм толық инсаниятың (адамгершілік) бар болады. Белгілі жәуән мәрттілік үш хаслат (сипат) бір лән болар деген сиддық (шындық), кәрәм (ізгілік), ғақыл (даналық) – бұл үшін дән сиддық, ғадаләт болар. Кәрәм шафағат болар, ғақылмағлұм дүр, ғылымның бір аты екендігі, бұлар әр адамның бойында Алла табарақауатағала тәхмин (шама, шамамен) бар қылып жаратқан. Бірақ оған рауаж (реттеу, пайдаға асыру) беріп гүлдендірмек, бәлки адам өз халінше кәмәләтқа жеткізбек, жеһәтінде болмақ”. Сонымен, шындықты Абай әділеттілік, ізгілікті қайырымдылық, мейірімділікдеп, ал даналықты ғылымның бір аты деп түсіндіреді. Әділеттілік – жақсылықтың анасы, ар-ұждан да әділеттілікке негізделеді. Еш уақытта әділеттілік сезімдеріңді жоғалтпай, жақсылық жасаудан шаршамандар деп үйретеді ұлы ойшыл, себебі әділетсіз иман да, адамгершілік те болуы емес. Ғылым мен даналық та адам бойында жақсылық пен адалдық қаситеттердің болуын үйретеді, яғни қайырымдылық қасиеттерін тәрбиелейді. Абай бұл қасиет барлық адамдардың бойында бар деп айтады. Бірақ аз төмен дәрежеде, сондықтан әрбір адамның парызы, яғни толық адам болу үшін осы қасиеттерді жетілдіру қажет және де оларды өз бойында сақтап, тек қанаигі, жақсы істерге жұмсалу керек. Конфуций өзінің философиясында цзюнь-цзы мен қатар “сяо-жэнь” (“кішкентай адам”, “арам, жаман адам” деген мағынада) мәселесіне де көңіл бөлді. Конфуцийдің айтуы бойынша “жақсы адам парыз туралы ойласа, жаман адам өзінің пайдасын ойлайды”. Бұл мәселе Абай философиясында пенде мәселесі арқылы сабақтастық тапты. Абай адам мен пенде мәселесін дүние мен жалған атты қарама-қарсы түсініктер арқылы ашуға тырысты. Егер де дүние – мәңгілік болса, жалған – уақытша, өткінші. Адам – осы дүниенің, мәңгіліктің туындысы болса, пенде – жалғанның, немесе күнделікті тіршіліктің көрінісі. Сондықтан адам, оның бар болмысы ең алдымен адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық, ақиқат сияқты прициптерге негізделсе, пенде күнделікті күн көріс шеңберінен шыға алмайды. Абайдың пікірінше тіршілікте ар сақтау да, жансақтау да бар. Әрине, Абай өзінің адамгершілік философия тұрғысынан ар сақтауды жан сақтаудан жоғары қояды. Адамның адамагершілігі, адамдық қасиетін жоғары ұстануы, оның жан сақтауында емес, арын сақтауында. Абай: “Ант ішіп күнде берген жаны құрсын, Арын сатып тіленген малы құрсын, Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып, Қу тілмен құлық сауған зақы құрсын” деп, немесе: “Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер, Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер, Ұятың мен арыңды малға сатып, Ұятсыз да иман жоқ, түпке жетер”, “Абиыр қайда, ар қайда? Өз басына не пайда?” деп, ар, ұят, намыс ұғымдарына ерекше терең мән беріп, адамның адам болуындағы, жан-жақты жетілген адам болып қалыптасуындағы олардың рөлін ерекше жоғары бағалайды. Абай осы ұғымдарға бір жақты қарамай оларды күрделі философиялық этикалық категориялар ретінде қарап, жан-жақты талдау жасайды. Мысалы, 36-сөзінде ұят категориясына философия тұрғысынан талдау жасайды, бір жағынан ұят – надандықтың ұяты: “Жас бала сөз айтудан ұялған сияқты, жақсы адамның алдында жазықсыз-ақәншейін барып жолығудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын терістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған ұялу – ақымақтық, жамандық”. Мұндай ұят адамға қажетемес, ол адамның жетіліп, дамуына кедергі болатын, кері әсер ететін ұят. Шын ұят болады, ол “шариғатқа теріс я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс біріс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі – ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі, сол ұят істі қылған адамды есір кегендіктен болады… Біреуі сонда ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абиұрлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден, яки нәпсіге еріп ғапылдықтан өз бойыңнан шыққандығынан болады. Мұндай ұят қылық қылғандығынды бөтен кісі білмесе де, өз ақылың, өз нысабың өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіңе жазатартырады. Кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қала тұғыны да бар, хатта өзін-өзі өлтіре тұғын кісілер де болады. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойның асалып, сөгіп қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көзіңнің жасын, мұрның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгілі, еш нәрсені көрмейді. Мұндай қылыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар” . Ұяттың бұл түрі, ар, намысы бар адамдарға тән, ол адам бойында адамшылық қаситеті тәрбиелеуде орны ерекше. Абай 14-сөзінде: “Ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойынжиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір түгіл, әуелі адам ба өзі?” деп осы мәселе бойынша өзінің ой толғанысын білдіреді. Ал пенде мәселесіне келетін болсақ, ол Абайдың айтуынша өз басында еркі жоқ, барлығына тәуелді – байқұс. Пенденің бүкіл өмір болмысы жан сақтауға бағытталған, оның алдына қойған тілек, мақсаты – мал табу, тамақ пенкиім, мансаппен атақ. Пенде жеке басының қамы үшін, жан сақтау үшін арын сатуға дейін барады. Аяқтап келгенде пенденің өмірлік мақсаты – мал табу, тамақ пен жан сақтау үшін арын сатуға дейін барады. Пенденің өмірлік мақсаты — өзінің қара басының қамығана. 38-сөзінде Абай айтқандай, пенденің “толық адам” болуына Алла ерік берген. Бірақ, адам әруақытта да Алланың берген еркін дұрыс пайдалана алмаған, көп жағдайда пендешілік жасап, шайтанның торына түсіп отырған. Абай “мұңлы шайтан құдайдың қуған жаны, — деп шайтан дүние танымына зер салған. Професор Ғарифолла Есімнің пікірі бойынша, ақынды қызықтырған шайтанның бейнесі емес, оның мұңға батуы, ал оған кінәлі адам: “Дүниеге мұң әкелген Адам, оған дейін әлемде мұң болмапты. Сонда да адамның болмысында тек адам шындық сияқты ірі қасиеттерден ғана емес, өзгеге мұң әкелген, қайғы әкелген “шайтандықтың да болғаны. Шайтан деген ұғым адамға дейін болмаған. Демек, дүниеге ізгілікті де, зұлымдылықты да әкелген — адам”. Сонымен, Абай үшін адам болмысы ішкі қайшылықтарға толы күрделі құбылыс. Абайдың данышпандылығы, ұлылығы, көрегендігі, оның сол кездегі көтерген мәселелердің бүгінгі күн үшін де өзекті, өзінің маңыздылығын жоймағандығынан да көруге болады. Абайдың философиялық ой-толғаныстары тек оған дейін өмір сүрген Батыс және Шығыс философтарының ойымен сабақтасып қана жатқан жоқ. Сонымен қатар, бүгінгі заманның ірі ойшылдарының философиялық ізденістерінен де байланыстылық, сабақтастылық бар екенін байқауға болады. Мысалы, Абайдың адам заттарды өзіне құл етсе, пенде заттың құлы деген ойы, жалпы пенде туралы ой-толғаныстары Франкфурт мектебінің өкілі Герберт Маркузенің “бір өлшемді адам” идеясы мен сабақтасып жатыр. Г.Маркузе өзінің “Бір өлшемді адам” атты еңбегінде индустриалдық қоғамның орнауы сол қоғамның әлеуметтік таптық құрылымының өзгеруіне алып келеді, жаңа, өзгерген жағдайда пролетариат – маңызды әлеуметтік тап болудан қалады, себебі индустриалдық өркениеттің құлы пролетариат емес, тұтынушы болып табылады деген идеяны ұсынады. “Индустриалдық қоғам” дегеніміз Г.Маркузенің пікірі бойынша “тұтынушылар қоғамы”, ол қоғамның адамы өзінің революциялық-сыншыл қасиеттерін жоғалтып бір өлшемді адамға айналады. Бір өлшемді адамда текқана экономикалық, әлеуметтік, саяси жүріс-тұрыстың белгілі бір типі қалыптасып қоймайды, оның бүкіл психологиясы да өзгереді. Бір өлшемді адамның бүкіл өмір болмысы бір нәрсеге – тұтынуға ғана бағытталған. Абай өзінің көптеген өлеңдері мен “қара сөздерінде” пендеге тән әдепсіздік, әділетсіздік, надандық, арсыздық, пара және пәлеқорлық, мақтаншақтық, менмендік, арамдық және т.б. терісқасиеттері туралы жиіркенішпен, ренішпен айтса, жан-жақты жетілген толық адамға тән адамгершілік, ізгілік, шыншылдық, білімділік, әдептілік пен әділеттілік, қайраттылық пен төзімділік, имандылық сияқты көптеген қасиеттеріне жан-жақты талдау жасап, адамның өз бойында осы қасиеттерді бар мүмкіндігінше жетілдіру қажеттігін айтады. Неғұрлым тұжырымдалған түрінде Абай осы ойын 38-сөзінде жалғастырады: «… Құдай тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз (өлшеусіз) болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып, кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді. Дүние де түпкі мақсатың өз пайдаңа болса, өзің ниһаятылысың, ол жол құдайдың жолы емес. Ғаламнан жиылсын, маған құйылсын, отырған орныма ағып келе берсін деген ол дегенын сап? Не түрлі болса да, я дүниеңнен, я малыңнан гадаләт, шапағат секілді біреулерге жақсылық тигізбек мақсатың болса, олжол – құдайдың жолы. Ол – ниһаятсыз жол, сол ниһаятсыз жолға аяғыңды берік бастың ниһаятсыз құдайға тақырыпхасил (жақындық табу) болып хас (нағыз) езгу құлдарынан болмақ үміті бар, өзге жолда не үміт бар?… Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі — надандық, екінші – еріншектік, үшінші зұлымдық деп білесің. Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады. Бұлардың емі халқына махаббат, халық ғаламға шапқат, қайратты тұрлаулы, ғадаләтісінің алды-артын байқарлық білімі, ғылымы болсын» . Абай философиясының негізгі мақсат мүддесі — әр пендені адам ету, оны пенделік жолдан құтқару. Абайдың пікірі бойынша адамның кісі ретінде қалыптасуында орта және тәрбие өте үлкен рөл атқарады. Адамдар табиғаты жағынан тең, бәрі де туады, өледі, барлығына да киім, тамақ керек, бәрі де қуанады, қайғырады. Олар туғаннан жаман не жақсы болып тумайды. 19-сөзінде: “Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөзін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әр бір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады” дейді. Абай адамда кісілік қасиетінің қалыптасуын да ортаның, ең алдымен қоғам, уақыт пен дәуірдің ерекше рөл ойнайтындығына ерекше назар аударады. Егер де адамдар әдепсіз болса, оған сол өздері өмір сүріп отырған дәуір кінәлі деп есептеді, себебі адам баласын заман өсіреді. Кімде-кімжаман болса замандасының бәрі кінәлі. Абай тәрбие мәселесіне де көп көңіл бөлді, себебі ол адам бойында кісіліктің қалыптасуына әсер ететін өте маңызды факторлардың бірі болып табылады. Осы мәселеге байланысты 15-сөзінде Абай былай деп жазады: “Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасын да бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан кейін бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылық пен өткізіппісің? Жоқ болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?”. Адамның кісілік кейпінің қалыптасуында оның сырт пішіні емес, ішкі дүниесінің жетілуі, тәрбиелеуі неғұрлым маңызды болып табылады. Осыған байланысты Абай былай деп жазады: “Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты киімін түземек, жүріс-тұрысын түзетпек болады да, мұнысын өзінше бір дәулет деп біледі”. Ал толық адам өзінше ең алдымен өзінің рухани жетілуін ойлау керек. Оның жолдары басқаша: “әуелгісі — әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл адамға нұр болады. Екінші — өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады. Үшіншісі – қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемітпек. Олар дұшпандық шақырады. Һәм өзі өзгеше боламынде мектің түбі – мақтан. Әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілікті бітіреді де, күншілік күншілікті қозғайды. Бұл үш түрлі істің жоқтығы, адамның көңіліне тыныштық береді. Әрбір көңіл тыныштығы көңілге талапсалады” . Осы ойды Абайдың он сегізіншіс өзінде де кездестіреміз: “Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек – дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ – кербездің ісі. …


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет