Реферат Тақырыбы: Адам мен табиғаттың ерекшеліктері Орындаған: Шайхыева Г. Н. Тексерген: Қалдаманов Д



Дата21.06.2023
өлшемі92,36 Kb.
#102806
түріРеферат

«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі

Реферат
Тақырыбы: Адам мен табиғаттың ерекшеліктері

Орындаған: Шайхыева Г.Н.
Тексерген: Қалдаманов Д.

Жаңаөзен 2023
Жоспары
Кіріспе...................................................................................................................2
I.Табиғат және адам........................................................................................................................2 
II Адам әрекетінен кейін табиғаттың өзгеруі...................................................3 
Қорытынды..........................................................................................................6

Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық.


«Мәуесі бардың әуесі бар» дейді халқымыз. Табиғатқа өз үйіндей қарап, оны аялаған адамның да қоршаған аясы әдемі болмақ. Үйің мен бау-бақшаңа қарай қарағаның сынды тұтас табиғатқа да сондай жанашырлықпен қараған жөн.


Адамның тағдыры табиғатқа байланған. Табиғат болмаса, адам өмір сүре алмақ емес. Таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар тауы жоқ мекеннің қадірі де аз. Ағашы оталып, суы тартылған табиғаттың адамзат үшін берері де жоқ. Ал берері жоқ табиғатта адам қалай тіршілік кешпек. Судың да сұрауы бар емес пе?!


Қоршаған ортасы лас, суы лаң, ағашы улы табиғаттың адамға да зияны көп екені айтпаса да белгілі. Сондықтан табиғатты аялау, оған қамқорлық таныту жер бетіне келген кез келген жұмырбасты пенденің парызы мен борышы болуы керек. Халқымыз топыраққа шыққан жасыл шөптің өзін жұлуға тыйым салған. Өйткені шөп – таудың көркі, малдың жемі. Оны жұлу өзіңнің тамырыңа балта шабумен бірдей.


Табиғат – адамзаттың анасы. Дүниеге есігін ашқан сәбиге бар ризығы мен несібесін тосатын ана сынды табиғат та буыны қатаймаған адам баласына бар болмысын беріп, береке сыйлайды. Ырысымен бөліседі. Бала шақтан өтіп, ержеткен шақта анамызға қалай қамқорлық қылғанымыз сынды табиғат анаға да солай қамқорлық қылуымыз қажет. Ананың ашуы мен қаһары қашанда ауыр. Табиғат-ананың да қаһары адамзатқа жеңіл болмас.


Табиғат,
Әшкерелеп сөкпе бізді.


Тазала, саумал ауа,
Самалыңмен
Заводтың мұржасындай өкпемізді.
Санадан гөрі кейде сезім жетік,
Сезімсіз болар менің сөзім жетім...
Табиғат,
Емде мені,
Оралайын
Өзіңсіз күн жоғына көзім жетіп! –
деп Қадыр Мырза Әли ақын жырлағандай, табиғаттан асып, одан ада тұтып ешқайда кете алмасымыз анық. Ат айналып қазығын табар. Табиғатты сүю мен аялауды қазірден бастағанымыз жөн.

Бұлақтың сылдыры мен таудың жаңғырығын, қамыстың сыбдыры мен қайыңның күбірін естіген жан еріксіз тебіренеді. Тыныштық табады. Асқар тауға шығып та, сар жазыққа көз жүгіртіп те тыныштық табасыз. Табиғатты аялаған сайын адамның да жаны аяулы болады. Жаны таза, ниеті кіршіксіз жаратылысқа айналады.


Демек, жанға шипа, көңілге медеу табар ортамызды неге сақтауға, аялауға тырыспасқа?!


Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудық көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Ғылыми-техникалық дамудың барысында негізгі бағыттық әрқайсысы оларды шешудің өзіне ғана тән жолдарын іздестіруді талап ететін табиғатты қорғаудың өзіндік мәселелерін алға тартып отыр. Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануынын, өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының артуы жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады.
Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына байланысты адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері өте күшейді. Адамзат өндірістік қызмет процесіне барған сайын табиғатты елеулі өзгерістерге ұшыратушы, табиғаттағы геологиялық жүйенін зат алмасуының тепе-теңдік құрылымын бұзушы қуатты фактор ретінде көрінеді.
Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрестің міндеттерін қиындатып жіберді. Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.
Өзінің тегі мен қасиеттеріне қарай барша антропогендік ластағыштар сан түрлі болып келеді. Өнеркәсіп қалдықтары соның ішіндегі анағұрлым кең тарағандары.
Табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің үнемі артуы табиғи ортаның өндіріс қалдықтарымен ластану проблемасын шиеленістіре түседі. Мысалы, өнеркәсіптік-тұрмыстық ағындар арқылы ластанған судын, көлемі, қазірдің өзінде өзен суының 16%.
Суармалы егіншілікті өркендету жедел көбейіп келе жатқан адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етудің қажетті жағдайларының бірі болып табылады. Сондықтан да суармалы жерлердің аумағы барған сайын жедел қарқынмен өсіп келеді. Қең көлемдегі суармалы егіншілікті, су қоймаларын жасау, ылғалы мол аудандардан кұрғақшылық аудандарға су жеткізу — осылардың барлығы да региондық, сондай-ақ орасан зор көлемде табиғи процестердің барысында елеулі өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, үнемі жылы климат жағдайларында жер суару адам мен малдың бірқатар ауруларға шалдығуына қолайлы жағдай туғызады. Су қоймаларының каналдар мен арықтардың жылып кеткен, баяу ағатын суларына безгек таратқыш сансыз маса қоныстанады.
Ерте кезде безгек ауруы суармалы егіншіліктің тұрақты жол серігі болып келді. Археологтар мен тарихшылар Жетісу мен Оңтүстік Шығыс Азияда (цивилизацияның) өркендеп дамудың әлденеше рет жойылып кетуі елеулі дәрежеде безгек эпидемиясына байланысты болды деп есептейді.
Үй малдарының эктопаразиті — масалардың көбеюі де ылғалы мол су қоймаларына байланысты.
Су арқылы улы химикаттар аса үлкен аймақтарға тарайды. Егінді, әсіресе күріш пен мақтаны суарған су өзенді ластап қана қоймайды, сонымен бірге көлдерді де былғайды. Судың улы химикаттармен ластануының бірнеше жолдары бар. Олар қар және жаңбыр суымен де ластанады. Судағы пестицидтер балықтарға үлкен зиян келтіреді. Жыл сайын өзендерге уланған су қосылып отырады. Олардың ішінде жанармай қалдықтары, улы қосылыс — фенолдар, тұздар, қышқылдар бар. Мысалы, АҚШ-тың оңтүстігінде 1950 жылдары химиялық улы препараттарды жиі пайдаланған. Мақташылар қоңызбен күресу үшін ең күшті улы препараттарды колданған. Мақтаға шашылған у суарылған сумен қосылып кішкене бұлақтарға құйылған, олар жинала-жинала өзен сияқты ағып көлдерге, теңіздерге кұйылған. Нәтижесінде өзен-көлдердің балықтарына зиянын тигізген.
Ауасы мен суының ластануы жағынан Алматы облысы да қолайсыз экологиялық жағдайға душар болған аймақтардың бірі. Ластау көздері негізінен тұрмыстық және өндіріс қалдықтары, су көздеріне жақын орналасқан мал шаруашылығы кешендері мен улы химикат-тыңайтқыштарды сақтайтын қоймалардың сыйымдылығы жылына 30 мың тонна ғана, ал облыстық «Сельхозхимия» бірлестігіне жылына 100 мың тоннадан астам тыңайтқыш түседі. Қоймалардың жетіспеуінің салдарынан осы тыңайтқыштардың дені, ашық аспан астында далада сақталады. Мұндай жағдайлар Талғар, Балқаш, Іле аудандарының шаруашылықтарында орын алған.
Тыңайтқыштарды өлшеусіз пайдалану, топырақты өндірістік қалдықтармен ластау, жердің құрамындағы зат алмасуын қиындатып бүлдіруде.
Осының бәрі адамды ойландырады, табиғатқа деген ерекше көзқарасты қажет етеді. Нәтижесінде табиғатты корғау қажет деген орынды сұрақ туады.
Алматы облысының жерінде 124 үлкенді-кішілі өзен бар. Бұл өзендердің бойында мал қораларымен қоса қойды карелинге тоғытатын орындар орналасқан.
Осындай табиғат көрінісі сырттай қарағанда ешқандай зиянсыз көрінуі мүмкін. Дегенмен оның әрекеті көрінбей көзден таса болып қала алмайды. Жұрт бір сәтте өзендер мен көлдердің бетінде қисапсыз қалқьп жүрген балықтарды көрген. Олар біраз күннен кейін шіріп, борси бастаған.
Табиғатта тірі организмдер арасында трофикалык байланыс болады, демек тамақтық байланыс. Мысалы, адамзат масаларды улы химикаттар шашып кырады. Маса-шіркейді құртуға шашылған пестицидтерді суда тіршілік ететін жәндіктер денесіне сіңіреді екен. Оларды ірі жәндіктер қорек етеді. Ал ірісімеи де, ұсағымен де балықтар коректенеді. Удың залалы балықтармен коректенетін құстарға да тиеді. Өлген құстарды лабораториялық зерттеулерден өткізгенде, олардың май қабаттарыда у болып шықты.
Табиғатта кұстарға жем болатын ірілі-ұсақты тірі организмдер— балдырлар, дафниялар, циклоптар, ұлулар, балықтар химиялық анализден өткізілген. Балдырлар меи ұлулардың организміндегі токсофеннің мол жері миллионның 0,3 бөлігіндей ғана болды. Ал дафнияда бұл пестицид миллионның 0,2—0,7 ұсақ балықтарда 0,3 бөлігіндей болатыны анықталды. Сайып келгенде, судағы қарапайым жәндіктер улы химикаттардың «қоймасы» деуге болады.
Ауыл шаруашылығында пестицидтер кең қолданылғандықтан кейінгі кезде сыртқы қоршаған ортаның мөлшерден тыс уланғаны байқалып отыр. Бұлар адам баласына және жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне үлкен зиян келтіруде. Улар ең алдымен ауаға қосылады, ауадан — суға, судан — топыраққа, топырақтан — өсімдіктерге, өсімдіктерден — малдарға малдардан — адамдарға тарайды. Сөйтіп көзге көрінбейтін биологиялық тізбек жасайды. Сондықтан, жердің неше түрлі пестицидтермен мөлшерден тыс уланбауын қадағалап отырған жөи.
Ауыл шаруашылық өндірісін интенсивтендіруде де тигізетін әсерлері бар. Қазіргі заманғы ауыл шаруашық өндірісін машиналар мен құрал-саймандар қолданбай жүргізу мүмкін емес. Алайда ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі құралы — жерге әсерін тигізетін атты техниканы абайлап қолдануды қажет етеді.
Әсіресе егіс даласын әлденеше рет кайталап өңде-Внде ауыр доңғалакты тракторлар мен басқа да ауыл •аруашылық машиналары топырақты тереңдете нығыз-Ьп тастайтындығы соңғы жылдары дэлелденіп отыр. Іұндай нығыздалған қабат топырақтың түрі мен оған Іасалған әрекетіне қарай әр түрлі тереңдікте пайда Ірлады. Әдетте, нығыздалған қабатты казіргі заманғы •рал-саймандармен ендеу қиын, ол тіпті терең жыртқан Іуннің өзінде өңделмей сол күйінде қалады. Мұндай Іабат капиллярлық байланысын үзіп, топырақтьщ су, ауа Іәне химиялық режимін бұзады, бұл сайып келгенде Ііннің шығымдылығын төмендетеді. Ауыл шаруашылық вшиналарының салмағы мен куатын есірудің белгіленген шегі бар, ол шек топырақ қабатының ерекшеліктерін ескере отырып қойылуы керек. Бұдан басқа, топырақтың терең нығыздалуына жол бермес үшін, егіс даласының топырағына қысымы аз түсетін шынжыр табанды трак-торлармен өңдеген дүрыс.
Ғылыми-техникалық прогресс өндіріс күшін дамыта-ды, адамдардын, тұрмыс жағдайын жақсартады, оның .әл-ауқатын арттырады. Сонымен бірге адамдардың қызметінің артуы, табиғатқа араласуы, кей уақытта қоршаған ортаға экологиялық және биологиялық мағы-на жағынан ешуақытта айтып қалпына келтіре алмай-тындай өзгеріс кіргізеді. Қоршаған ортаның ластануы, бүлінуі, ресурстардың сарқылуы адамдардың тікелей әсерінің нәтижесі.
Егер бір жылда жер қойнауынан алынған минерал-дық ресурстарды вагондарға артатын болсақ, ол поез-дын, ұзындығы жер шарын 16,5 есе орап алған болар еді. ІІІьш мағынасында жаңары табиғаттан алынған барлық шикізаттардың қоғамнық пайдасына қоршаран ортаға тек бір проценті ғана пайдаланылады да, ал қалған барлық бөліктері экологиялық уланған күйінде лақтырылып тасталынады.
Рас, біздің елімізде табиғат байлыры ұшан теніз. Әлі де талай миллиард адамдарды миллиондаған жылдар бойы асыраура жетеді. Деседе пайдалы қазба байлық-тары, көмірі, табиғи газы, мүнайы жетпей жаткан слдер де бар.
Адамдар мұнайды ертеден «қара алтын» деп атады. Ал, қазіргі кезде мүнай алтыннан да қымбат. Тіпті мұнай өндіруді бір сәтке тоқтатқанның өзінде — жылу электростанциясы, заводтар, транспорттың барлық түрі тоқтайды. Қаладары тіршілік сөнеді. Егер мұнайды ка-зіргі жағдайға сәйкес көп мөлшерде пайдаланатын болсак, онда оның қоры 37 жылға ғана жететін кө-рінеді.
Сонғы он жыл ішінде биосфераға адам қолымен жасалған бұрын белгісіз болып келген жаңа заттар барған сайын кәптеп түсуде. Олардың көпшілігі өте тұрақты және биосфера заттарының табиғи айналысы-нан келіп түседі. Мұндай заттардың жиналуы табири процестердің барысын бұзады, экологиялық жағдайларды нашарлатып, бірқатар жағдайда территориялык жэне аквальдық кешендердің бұзылуьша септігін тигізеД .Мысалы, тұрмыста және өнеркәсіпте синтетикалык, *У ғыш қосындыларды кеңінен пайдалану өзендер мен көлдердің ластануын күшейте түседі. Бұл заттарды тазалағыш күрылыстарда толықтай ұстап калуға мүмкіндік зкок.. Сондықтан индустриялы аудандардары көптеген өзендердің бетін көбік жауып кеткен. Ондай өзендерде тіршіліктің болуы мүмкін емес, ал өзен суы ауыз сура пайдаланура жарамайды. Әр түрлі синтетикалық орағыш пленкаларды пайдалану да күрделі проблемаға айналып отыр. Бұл пленкалар іс жүзінде ездігінен табиғи жолмен бұзылмайды, ал оларды өртесе ауаны ластайтын бірқатар зиянды химиялық косыпдылар пайда болады. Ортаны осындай пленкалардың жинальш калуынан тазарту үлкен шығынды талап етеді.
Осының бәрі адамды ойландырады, табиғатқа деген срекше көзқарасты қажет етеді. Нәтижесінде табиғатты корғау қажет деген орынды сұрақ туады. Объективті ілындық осындай.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет