Модуль Философияның пайда болуы және дамуы Дәріс Тақырып: Қайта ӛрлеу және Жаңа дәуірдегі философия



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата31.12.2021
өлшемі222,65 Kb.
#21575
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6 дәріс



Модуль 1. Философияның пайда болуы және дамуы 

Дәріс 6.  

Тақырып: Қайта ӛрлеу және Жаңа дәуірдегі философия  

Сұрақтар 

 

1. Ренессанс және Реформация мәдениетіндегі философия. 

Антропоцентризм. Гуманизм. Гелиоцентризм. Пантеизм. 

2. Эксперименталды жаратылыстанудың пайда болуы және Жаңа дәуір 

философиясы. Ғылыми әдіс мәселесі (Ф.Бэкон және Р. Декарт). 

3. Ағарту кезеңінің қоғамдық-саяси доктриналары. Ж.Ж.Руссоның теориясы 

 

Бұл дәуірдің Қайта ӛркендеу (орысша- Возрождение, франц. Ренессанс) 



деп  аталуы  ортағасыр  дәуірінен  кейін  бас  кӛтерген  мәдениет  (әсіресе, 

философия) ортағасырды дағдарыс кезеңі деп місе тұтпай, еркіндіктің ошағы 

деп  таныған  антикалық  дәуірге  мойын бұрып, оны  мұрат  тұтып,  антиканың 

кейбір  белгілерін  жандандыруды  кӛздеумен  байланысты.  ХІV  ғ-дың  аяқ 

кезінде  феодалдық  қоғам  іріп-шіри  бастады,  Еуропада  жаңа  саяси, 

экономикалық және мәдени тенденциялар пайда болды. 

Мәдени ӛмір діннің және шіркеу идеологиясының қыспағынан босануға 

әрекет  жасады  (секуляризация).  Философияда  шіркеуге  (схоластикаға)  және 

феодалдық ӛмір салтына сын кӛзімен қарау орын алды. Еуропаның алдыңғы 

қатар елдерінде капиталистік қоғамның негіздері қаланды. Қайта ӛрлеу дәуірі 

шамамен екі жарым ғасырды (ХV-ХVІІ-ғ-дың бірінші жартысы) қамтиды. 

Қайта ӛркендеу философиясының ерекшеліктері. 

1)  Философиялық  ойлаудың  негізгі  нысанасы  енді  құдай  емес  адам 

болды  (антропоцентризм).  Ортағасыр  философиясы  адамды  әлсіз,  күнәқар, 

құдайдың  құлы  деп  есептеді.  Қайта  ӛрлеу  дәуірі  бұндай  түсініктен  бас 

тартып, адамды белсенді, жасампаз, суреткер тұлға ретінде таныды. 

2) 

Қайта 


ӛрлеу 

философиясы 

жаратылыстану 

саласындағы 

жетістіктермен,  географиялық  жаңалықтармен,  медицина,  математика 

ғылымдарымен тығыз байланысты дамыды. 

3)  Қайта  ӛрлеу  дәуірінде  Құдай  табиғаттан  тыс  құдіретті  күш  ретінде 

емес, табиғатпен біртұтас рухани бастау ретінде қарастырылды. Қайта ӛрлеу 

философтары пантеистік кӛзқарасты ұстанды. 

4)  Натурфилософияда  диалектикалық  идеялар  орын  алды,  тәжірибенің 

рӛлі  байқалды.  Аристотельден,  Птоломейден  бері  үстемдік  құрып  келген 

геоцентристік  кӛзқарастың  орнына  Н.  Коперник  ұсынған  гелиоцентристік 

кӛзқарас дүниеге келді. 

5)  Антропоцентризм  ұстанымы  адамды  дүниедегі  ең  басты  құндылық 

деп танитын гуманизм идеясымен толықты. 

6)  Қайта  ӛрлеу  дәуірінде  адам  сапасына  айырықша  мән  берілді.  Жаңа 

заман, жаңа қоғам жан-жақты жетілген, ӛнерпаз, батыл, іскер, білікті адамды 

керек етті. Философияға индивидуалдық, тұлға ұғымдары енгізілді. 

Қайта ӛрлеу философиясының танымал ӛкілдері. 



Бұл  арада  Данте  Алигерьиді,  Николай  Кузанскийді,  Леонардо  да 

Винчиді,  Д.  Пико  делла  Мирандоланы;  Эразм  Роттердамскиийді,  Никкола 

Макиавеллиді,  Мишель  Монтеньді,  Джордано  Бруноны  атап  ӛту  керек.  Бұл 

жӛнінде  оқыңыз:  Т.Х.  Рысқалиев.  Философия  тарихына  шолу.5  тарау;  Г. 

Нұрышева Философия. 6 тақырып. 

3.Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм және рационализм мәселелері. 

Жаңа дәуір философиясы деп жаңа, капиталистік қоғам дүниеге әкелген 

жаңа философияны, жаңа кӛзқарасты айтамыз. 

Жаңа  дәуір  философиясы  ғылыммен,  ӛндірістің,  ӛнеркәсіптің 

сұраныстарымен тығыз байланысты болды. 

1. Жаңа дәуір философиясының ерекшеліктері. 

1) Философия қоғам талабына ден қойып, қоғам алға тарқан міндеттерді 

атқара бастады. 

2) Философия ғылымға бет бұрды және ғылымның нығаюына, қарыштап 

дамуына жол ашты. 

3)ХVІІ- ғасырда ғылым діннің ғана емес, философияның да ықпалынан 

босанып  шығуға  тырысты.  Философия  бұл  әрекетке  кедергі  болмай, 

керсінше, ғылымның дербес күйде дамуының жолдарын кӛрсетті. 

4) Жаратылыстану ғылымдарындағы ірі тӛңкерістердің, жаңалықтардың 

әсерімен философия материализмге қарай ойысты. 

5)  Философия  ғылымның  практикалық  функциясына  айырықша  кӛңіл 

бӛлді,  ғылым  жолындағы  тәжірибенің,  экспериментальдық  әдістің  маңызын 

ашып кӛрсетті. 

6) XVII- ғасырда ғылым салаларының ішінде алдыңғы орында механика 

болды. Ғылымда ғана емес, философияда да дүниенің механикалық көрінісі 

орнықты. 

7)  Жаңа  дәуір  философиясында  таным  сатылары,  жолдары,  тәсілдері 

сияқты  мәселелерге    баса  кӛңіл  бӛлінді,  философияның  сенсуализм, 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет