Реферат тақырыбы: «Адвокаттың құқықтары мен міндеттері»



Дата12.06.2022
өлшемі40,38 Kb.
#36732
түріРеферат
Байланысты:
реферат адвокатура


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Құқықтық пәндер кафедрасы


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Адвокаттың құқықтары мен міндеттері»


Тексерген: т.ғ.м аға оқытушы Сабыргалиева Н.Б
Орындаған: Юр 43 студенті Едіге М.А

Орал, 2021


Жоспары:



  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  1. Адвокатура ұғымы және ұйымдық құрылуы

  2. Адвокаттың құқықтары мен міндеттері

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе



Конституциялық кепілдіктерді толық жүзеге асыру үшін құқық қорғау органдары жұмысының нышаны мен тәсілдерін демократия ағымына икемдеу, болашақ заңгерлерді оқыту мен тәрбиелеудің сапасын көтеру қажет. Мемлекеттік органдардың азаматтардың құқықтары мен бостаңдықтарын сақтауы және қорғауы белгілі бір дәрежеде азаматтар мен ұйымдарға кәсіби заң көмегін көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалар қызметінің негізгі принциптерін анықтайтын адвокатура сияқты қоғами-құқықтық институтпен де тығыз байланысты.
Адвокатураның мәні мен мақсаттары және 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи түрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың қүкықтары мен міндеттері туралы. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, қылмыстық істерде корғаушы, азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.
Адвокаттық қызметті реттейтің қолданыстағы заңнама мен жоғарыда тізбеленген мәселелер бойынша жетекші қазақстандық жэне ресейлік ғалымдардың жарияланымдағылары мүмкіндік берді.
Адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық деп жариялаған 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясы талаптарына сәйкес 1997 ж. 5-желтоқсаңда Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" Заңы қабылданды. Осы заң адвокатура институтының рөлін айтарлыктай көтерді, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын жэне заңды мүдделерін корғауға жэрдемдесті, сол аркылы жалпы заңдылықтың сақталу мен нығаюына ықпал етті. Сонымен қатар, бұл жаңа заң демократиялық, құқықтық мемлекетті құру және нарықты экономиканың тереңдеу жағдайында адвокатураның ұйымдастырылуы мен кызметін реттеуге орайластырылды.
Осы заңга сәйкес адвокаттар алқасы әртүрлі тәсілдермен кез келген қол сүғушылык пен тәртіп бұзушылықтан азаматтар қүқығын қорғау жөніндегі міңдеттерді, атап айтқанда, қылмыстық жэне азаматтық істер бойынша білікті заң көмегін көрсету, ұйымдар тапсырысымен сотта өкілдік ету, заң түрғысынан акыл-кеңес беру, азаматтық істердің сот талқысына айыпкердің, талапкердің және іске қатысушы басқа тұлганың өкілі ретінде қатысу және де басқадай заң көмегін көрсету арқылы жүзеге асырады.
Адвокаттар алқасының және оның мүшелерінің жүмысымен соттардың, прокурорлардың, тергеушілердің қызметі тығыз байланыста. Азаматтар мен үйымдардың қүқығын қорғау айтарлықтай дэрежде солардың іс-эрекетіне байланысты. Құқық қорғау оргаңдары жүйесінде жүмыс істейтін кейбір лауазым иелері адвокатураның маңызын бағаламайды, ал кейбір жағдайларда адвокатура, адвокаттық қызмет жэне заң көмегін көрсету тэртібі туралы түсініктері шамалы болып келеді. Нәтижесінде, адвокатура туралы қауқарсыз қосалқы қоғамдық-құқықтық институт сияқты құкықтық менсінбеушілік қалыптасады. Адвокатура қызметінің міндеттері мен қызметі туралы қажетті білімнің жоқтығы, түптің түбінде, зандылық пен құқық тэртібін нығайтуға септігін тигізбейді, осы тұлғалар мен адвокаттар арасыңда жанжалдың шығуына алып келуі, азаматтар мен қоғам үшін жағымсыз салдарды. тудыруы мүмкін.
Адвокаттың қызметі қолданыстағы заңнаманың теориясы мен тәжірибесін терең білуге негізделуге тиіс. Осыған байланысты кәсіби адвокаттық қызмет азаіматтық және қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, кылмыстық, әкімшілік құқық сияқты пәндер мен соттағы дәлелдеу теориясын және тағы басқаларды жетік және дәйекті игеруді талап етеді.


  1. Адвокатура ұғымы және ұйымдық құрылуы

Адвокат – міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Заңымен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы. Жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады.


Қасақана қылмыс жасағаны үшiн сотталған, белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан босатылған адам — босатылған күнінен бастап бір жыл бойы адвокат бола алмайды.
Жоғарыда аталған Заңның 8-бабында былай деп жазылған:
1. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi болуы ммкiн.
2. Адвокаттың көмекшiлерi еңбек шартының (келiсiм-шартының) негiзiнде заң консультациясында, адвокат кеңсесiнде немесе адвокаттық қызметпен жеке-дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс iстей алады.
Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқаулары бойынша және соның жауапкершiлiгiмен адвокаттың тапсырмаларын орындауға құқылы.
3. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары ғана адвокаттың тағылымдамадан өтушілері бола алады. Тағылымдамадан өтушілер тағылымда туралы шарттың негізінде адвокаттарда тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан өтуші ретіндегі жұмыс кезеңі заң мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.
4. Тағлымдаманың тәртiбiн, мерзiмi мен шарттарын адвокаттар алқасы белгiлейдi». Адвокат лицензияның негізінде жұмыс істейді. Заңның 9-бабына сәйкес:
1. Әділет аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген адвокат лицензиясы лицензияда көрсетілген адамның адвокаттық қызметпен айналысуына рұқсат беру болып табылады.
2. Лицензия аттестаттаудан өткен жағдайда беріледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Адвокаттар лицензияларының мемлекеттік тізілімі туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы тізілімді жүргізеді.
2-1. Аттестаттаудан өтпестен адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алуға Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алқасына біліктілік емтиханын тапсырған адамдардың, тұрақты судьялардың және өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңды бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдардың құқығы бар.
3. Біліктілік емтиханын тапсыруға жіберу туралы өтініш бір мезгілде лицензия беру туралы өтніш болып табылады.
4. Лицензия негізгі, тұрақты болып табылады және оның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
Адвокатураның міндеттері: азаматтар мен ұйымдарға заң қызметін көрсету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және зңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, заңдылықты сақтау болып табылады.
Жоғарыда аталған Заңда көрсетілген мөптеген міндеттер оның нақты мақсатына сай келмейді. Атап айтқанда, осы нормативтік актіде адвокатураның міндеті сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылатыны көрсетілген. Алайда адвокат өз клиентінің мүддесін білдіреді және сот шешімінің өз пайдасына шығуына қол жеткізу мақсатында өзінің заң білімін пайдаланады. Адвокат, егер үкім оның клиентін қанағаттандырса, негізсіз үкімге шағым бермейді.
Жоғарыда аталған Заңның 1-бабына сәйкес: «1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.
2. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық және басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды».
Жоғарыда аталған Заңның 3-бабына сәйкес «адвокатура ұйымдастырылуы мен қызметi:
1) адвокаттардың өз қызметiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгi;
2) адвокаттық қызметтi заңдарда тыйым салынбаған әдiстермен және құралдармен жүзеге асыру;
3) заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттiк органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;
4) кәсiби мiнез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау қағидаттарына негiзделедi».
Адвокат өзiнiң кәсiби қызметiнде әртүрлi заң көмегiмен көрсетедi. Қазақстан Республикасыың Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде әрбiр адамға бiлiктi заң көмегiн алудың үлкен және тең мүмкiндiгiн бередi [4]. Бұл жағдайда заң көмегi өзiнiң мазмұны бойынша iс-әрекеттiң үлкен шеңберiн қамтиды, сот органдарында заңды және жеке тұлғаларға өкiлдiк ету мен қорғауды жүзеге асырады. Адвокаттың қылмыстық процеске қатысуы-бұл адвокат қызметiн маңызды түрлерiнiң бiрi, ол негiзiнен жүзеге айыптаушыны (сезiктi) қорғау әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты.
Қорғау — қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қаматамазыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi.
Қорғану тарабы сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлдерi болып табылады.
Қылмыстық процестiң әрбiр сатысында айыпталушы қорғаушы көмегiн қажетсiнедi, онсыз айыпталушы өз кiнәсiздiгiнiң дәлелдерiн келтiруге, сондай-ақ айыптауды терiске шығаратын немесе жауапкершiлiгiн жеңiлдететiн мән-жайларды анықтауға дәрмесiз.
Қорғаушы – заңда белгiленген тәртiппен сезiктiлердi айыпталушы мен олардың құқықтары мен мүдделерiн жүзеге асыратын және оларға заң көмегiн көрсететiн адам.
Тергеушi, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтiрiлгендiгiн хабарлап, соған байланысты Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде белгiлеген негiздерде және тәртiппен өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейiн бұлтартпау шарасы қолданылған адам сезiктi болып танылады.
Өзiне қатысты айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, не өзiне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық iс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекiткен адам айыпталушы болып танылады.
Заң қорғаушы ретiнде жiберiлуi мүмкiн тұлғаларды нақты анықтайды. Оған жататындар:
а) адвокаттар, яғни адвокаттар алқасында мүшелiкке тұрған тұлғалар;
б) жұбайы (зайыбы);
в) жақын туыстары мен заңды өкiлдерi;
г) өз бiрлестiктерi мүшелерiнiң iстерi бойынша кәсiподақтың және басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, олар өз өкiлiн бөлiп, қорғаушы ретiндегi оның өкiлеттiгiн айғақтайтын тиiстi құжаттармен (шешiм немесе хаттама, сенiм хат) қамсыздандырады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында (ҚІЖК 70-бап 2-тармақ) қорғаушы ретiнде iске, егер бұл Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен халықаралық шартында өзара негiзде көзделсе, заңнамада белгiленген тәртiппен iске қорғаушы ретiнде шетел адвокаттарының қатысуына жол берiледi.
Қорғаушылар (адвокаттар) iске қатысуға тұлға айып тағылған немесе ұсталған, айыпталушы деп танылған не айыпталғанға дейiн бұлтартпау шарасы қолданылған сәттен бастап жiберiледi.
Бiр адам, екi сезiктiнiң, айыпталушының бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, екеуiне бiрдей қорғаушы бола алмайды.
Қылмыстық iс бойынша кәсiби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.
Бiлiктi заң көмегiн алу құқығын жариялай отырып Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық азаматтарды бостандықтары мен заңды мүдделерiн кәсiби қорғау құқығымен, қылмыстық iзге түсуден қорғану құқығын қоса алғанда, қамтамасыз ету принципiн орнықтырды (ҚР ҚІЖК 28-бап). Осы ережеге сәйкес анықтауды жүргiзетiн адам, тергеушi, прокурор, сот әрбiр iс бойынша азаматқа өз құқығын жүзеге асырудың нақты мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Құқықты тiкелей немесе жанама шектеу я болмаса, әлеуметтiк шығу тегi, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, дiни ұстанымы, көз қарасы, тұрғылықты жерiне байланысты желеумен немесе кез –келген басқа мән жай бойынша жазаланады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде процесс барысында бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар субъектiлер анықталды. Олар қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында құқықтары мен мүдделерiн қорғалатын немесе бiлдiретiн тұлғалар (сезiктi, айыпталушы, сотталушы, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, куә).
Бұл арада кәсiби қорғаудың қылмыстық iс бойынша қорғаудың саналуандығы болып табылатындығын ескерген жөн. Онда қорғау үшiн тән барлық белгiлерi бар (Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексi 7-бап, 19-тармақ), алайда, сонымен қатар оның Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңымен реттелетiн адвокаттың құқықтық мәртебесiне байланысты ерекшелiктерi кездеседi. Оған адвокат мiнез-құлқының кәсiби нормалары, адвокаттық қызметтiң кепiлдiктерi, адвокаттық құпия, адвокаттар алқасы мүшелерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiгi және тағы басқа жатады.
Сондықтан кәсiби қорғау – адвокаттың бiлiктi заң көмегiн көрсету мақсатында қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында көзделген және белгiленген құралдар мен әдiстер негiзiнде ғана жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi, оның құрамдас бөлiгi айыпталушының, сезiктiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауды, қылмыстық қудалауға заңсыз ұшыраған адамның айыбын терiске шығару немесе жеңiлдету мен ақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсiби қорғаушының (адвокаттың) көмегiн пайдалануға қажеттiлiк сондай-ақ, сот жүргiзу iсi тәртiбiнiң ерекше күрделiлiгiнен және көптеген заңи мәселелердi шешу кезiдегi қылмыстық рәсiм барысында пайда болуы мүмкiн, орны толмас құқықтық салдардан туындайды.
Осы негiзгi конституциялық пртнциптi сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiнде сақтамауды қылмыстық iс жүргiзу нормаларын өрескел бұзу деп санауға болады. Осы жайт мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың кез келген шешiмнiң, егер олар айыпталушының (сезiктiнiң) қорғану құқығын шектейтiн болса, күшiн жоюға әкеп соқтырады.
Қоғам мен мемлекет бiрде – бiр азаматтың жеткiлiктi дәлелдерсiз қылмыстық жауапкершiлiкке тартылмауына және сотталмауына мүдделi. Мемлекет, қорғану құқығын қамтамасыз етудiң конституциялық кепiлдiгiн атқара отыра, оның iшiнде адвокаттық қызмет кепiлдiктерiн бередi, олардың арасында анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттар адвокат қылмыстық iске жiберiлген сәттен бастап кешiктiрмей, оған қорғауындағы адамның қамауда ұсталуының бүкiл мерзiмi үшiн iске қатысуға жiберiлетiндiгi туралы жазбаша айғақтама беруге мiндеттi; анықтау, алдын ала тергеу органдары, iс жүргiзу заңында көзделген жағдайларда, адвокатқа оның тергеуге және адвокатпен келiсiлген мерзiмдегi басқа да iс жүргiзу әрекеттерiне қатысу қажеттiгi туралы хабарлауға мiндеттi және тағы басқа.
Адвокат өз қызметiн адвокаттар алқасының мүшесi бола отырып, жүзеге асырады. Жоғарыда адвокат заң көмегiн көрсететiн негiзгi тұлға екендiгi айтылғанмен, ол бiрден-бiр тұлға болып табылмайды. Алайда нақ кәсiби тәжiрибе мен құқықтық бiлiм адвокаттың айыпталушыға (сезiктiге) аса бiлiктi көмек көрсетуiне мүмкiндiк бередi. Заң көмегiн көрсету жөнiндегi адвокаттық мiндеттердiң орындалуы мемлекет өкiлеттiгiн адвокат-қорғаушының кәсiби парызы болып табылады. Адвокаттың қорғау жөнiнде өзiне қабылдаған мiндеттемелерiнен бас тартуға құқығы жоқ. Адвокат үшiн қорғауды жүзеге асыру, кәсiби қызмет болып табылады.
Алайда, заңнамаға сәйкес қылмыстық процеске қатысуға қорғаушының өзге де санаты жiберiледi. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативтiк 2002 жылдың 6 желтоқсандағы №26 “Қорғану құқығы реттейтiн қылмыстық iс жүргiзу заңнамасын қолдану тәжiрибесi туралы“ қаулысымен қорғану құқығының кәсiпқой адвокаттық немесе тек арнайы заң бiлiмi және қорғаушыға нақтылы бiлiктi заң көмегiн көрсетуге қабiлеттi болған жағдайларда, қорғаушы ретiнде жiберiлген өзге де адамдардың-сезiктiнiң, айыпкердiң, сотталушының жұбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкiлдерiнiң қатысуымен жүзеге асырылатыны туралы қағиданы алғаш рет бекiтiп бердi. Анықтау, тергеу органдары мен соттар осы мәселенi анықтап, егер сезiктi, айыпкер, сотталушы, сотталған таңдап алған қорғаушы қорғалушының мүдделерiн бiлдiруге қабiлеттi болмаса, онда iске кәсiпқой адвокатты тарту туралы мәселенi талқылауға тиiс. Мұндай жағдайда сезiктiнiң, айыпкердiң, сотталушының жұбайы, жақын туыстары, немесе туыстары, немесе заңды өкiлдерi, кәсiподақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi iске адвокатпен бiрге қатыса алады. Бұл қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған адамға қатысты толық, жан-жақты және объективтi тергеуге, iстi қарау мен шешуге жәрдемдеседi.
Адвокат — тек қорғаушы ғана емес, сондай-ақ сот iсi саласына тартылған кез келген тұлғаның заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ететiн тәуелсiз кепiл, сондықтан да адвокаттың қылмыстық процеске қатысуы барлық уақытта Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының құқығын тиiмдi қорғауға ықпал ететiн болады.
Айыпталушыға заң көмегiн көрсете отыра, адвокат қылмыстық сот iсi мiндеттерiн шешуге көмектеседi. Бұл қорғаушысыз (адвокатсыз) оның қатысуы мiндеттi iстi тергеу немесе қараудың заңды елеулi бұзушылық болып табылатындығымен түсiндiрiледi.
Қылмыстық iстiң барлық сатысында айыпталушыға (сезiктiге) қорғану үшiн заңмен құқықтардың ауқымды жиыны берiледi, олардың маңызды шарты iс жүргiзу нормалары мен қылмыстық сот iсi ережелерiн, атап айтқанда, айыптау және қорғану тараптарының бәсекелестiгi мен тең құқықтығы принциптерiн қатаң сақтау, iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу болып табылады.
Айыпталушыға қорғану құқығының берiлуiне байланысты қылмыстық iске қорғаушының мiндеттi қатысу негiздемесiн; адвокаттың қорғаушы ретiнде қатысуын болдырмайтын жағдайды; қорғаушыны шақыру, ауыстыру және тағайындау тәртiбiн; қорғаушының iс жүргiзудегi жағдайын, мiндеттерi мен құқықтарын қарау қажеттiгi туындайды.
Қазақстан Республикасының адвокатура қызметiнiң негiзгi бағыттары әр түрлi заң көмегiн көрсетуге жәрдемдесу болып табылады. Олар:
— шешiлiмi кәсiби заң бiлiмiн талап ететiн мәселелер бойынша консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер, жазбаша қорытындылар беру;
— талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасау;
— адвокаттардың анықтау және алдын ала тергеу iстерi кезiнде, сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталға адамдардың қорғаушылары, жәбiрленушiлердiң, азаматтық талап қоюшылардың, азаматтық жауапкерлердiң өкiлi ретiнде қылмыстық iстер бойынша сотқа қатысуы;
— соттар мен мемлекеттiк органдарда азаматтық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi бойынша өкiлдiк ету;
— азаматтар мен ұйымдарға заңда тыйым салынбаған басқа да заң көмегiн көрсету.
Адвокаттың қылмыстық сот iсiне қатысуы – адвокаттық қызметтiң негiзгi бағыттарының бiрi. Мұнда адвокат қызметi негiзiнен айыпталушыларды (сезiктiлердi) қорғау мiндетiн жүзеге асырумен байланысты. Оның кәсiби тәжiрибесiмен құқықтық бiлiмi қорғайтын адамына аса бiлiктi көмек көрсетуiне мүмкiндiк бередi. Қоғам мен мемлекет бiрде-бiр азаматтың жеткiлiктi айғақсыз қылмыстық жауапкершiлiкке тартылмауын және сотталмауын көздейдi.
Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегiн пайдалануға құқылы.
Заң сезiктiлердiң және қылмыс жасағандығы туралы айыпталғандардың, сондай-ақ сотталғандардың қорғану құқығын қамтамасыз етедi. Осы құқықтық қорғаушы ретiнде заңмен қажеттi кепiлдiктер берiлген адвокаттар жүзеге асырады. Атап айтқанда, қылмыстық iстi жүргiзу заңы сот талқысы кезiнде (сот талқысы және ақты iс бойынша шығарылған үкiмдердiң заңдылығы мен қисындылығын iзiнше тексеру сатысы), сондай-ақ алдын ала тергеуде немесе анықтауды жүргiзу кезiнде, сонымен қатар қадағалау тәртiбiмен iстi қарау кезiнде адвокатқа (қорғаушыға) берiлетi құқықтардың үлкен шеңберi айқындайды.
Адвокаттар (қорғаушылар) iске қатысуға айып тағылған немесе сезiктi адам мойындаған сәттен — ұстау жүргiзiлген я болмаса айып тағылғанға дейiн бұлтартпау шарасы қолданылған сәттен бастап жiберiледi. Бұл жағдайда ол ұстау хаттамасымен немесе қамауға алынған түрiндегi бұлтартпау шарасы таңдалғандығы туралы қаулымен таныса алады. Қорғайтынн адаммен оңаша жүздессе, одан жауап алуға қатыса алады және т.б. Жүздесу саны мен олардың ұзақтылығы шектеусiз. Конституцияның 16-бабының 2-тармағы тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығын бередi. Бұл құқықтардың көлемiмен мазмұнын реттеу ұдайы жетiлiп отырады.
Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде анықталға көп жағдайда, қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған адамның қорғаушысы болуға мiндеттi. Егер бұл азамат немесе оның туысқандары не заңды өкiлдерi адвокатты шақыруға ынта бiлдiрмесе, адвокат тергеушiнiң, прокурордың немесе соттың қаулысы бойынша тағайындалуға тиiс. Мұндай адвокатта айыпталушы немесе оның жақын туысқандары шақырған адвокаттардың құқығын пайдаланады. Оның еңбегi толығымен республикалық бюджет қаражатынан төленедi.
Қылмыстық iстi қарауға қатысқан адвокат айыпталушыны ақтайтын немесе жауапкершiлiгiн жеңiлдететiн жағдайды анықтау мақсатында заңда көзделген барлық қорғау құралдарымен тәсiлдерiн пайдалануға және айыпталушыға қажеттi қорғау мен заң көмегiн көрсетуге мiндеттi.
Адвокат қылмыстық iстi қараған кезде тек айыпталушының қорғаушысы ғана емес, сондай-ақ жәбiрленушiнiң мүддесiн бiлдiрушi, азаматтық талап қоюшы, азаматтық жауапкер ретiнде қатыса алады.



  1. Адвокаттың құқықтары мен міндеттері

«Адвокаттық қызмет туралы» ҚР Заңының 14-бабына сәйкес:


1. Адвокат көмек сұрап келген адамға ол мұқтаж болған кез келген заң көмегiн көрсетуге құқылы.
2. Адвокат өзiне өтiнiш жасаған адаммен заң көмегiн көрсету туралы өз атынан келiсiм жасасады.
3. Адвокат, қорғаушы немесе өкiл ретiнде әрекет жасай отырып, iс жүргiзу заңына сәйкес:
1) барлық соттарда, құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн мемлекеттiк, өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге;
2) барлық мемлекеттiк органдардан және мемлекеттiк емес ұйымдардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға;
3) заң көмегiн көрсету үшiн қажет нақты мәлiметтердi дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;
4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамға қатысты материалдармен, соның iшiнде iс жүргiзу құжаттарымен, тергеу және сот iстерiмен танысуға және олардағы ақпаратты заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен белгiлеп алуға;
5) iске қатысуға жiберiлген сәттен бастап жолығулар санын, олардың ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға;
6) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi қажет ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;
7) өтiнiштер мәлiмдеуге, әдiлет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттың лауазымды адамдарының, сондай-ақ көмек сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтарына және заңдармен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын өзге де лауазымды адамдардың әрекеттерiне белгiленген тәртiппен шағым жасауға;
8) мемлекеттiк құпияларды құрайтын ақпаратпен, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен, егер бұл анықтау, алдын ала тергеу кезiнде және сотта қорғау немесе өкiлдiк ету үшiн қажет болса, заң актiлерiнде көзделген тәртiппен танысуға;
9) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңдарда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;
10) заңдарға қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.
4. Мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам адвокаттың заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамның мүддесiн бiлдiру құқығын танудан бас тарта алмайды.
5. Адвокаттың мемлекеттiк органдардың, соттардың, прокуратураның, анықтау және алдын ала тергеу органдарының әкiмшiлiк үйлерiне кiруi осы органдар мен соттар белгiлеген тәртiппен өзiнiң адвокаттық куәлiгiн көрсетуi бойынша жүзеге асырылады.
Адвокаттың ұсталғандар, тұтқынға алынғандар және жазасын өтеп жатқандар отырған орындарға кiруi белгiленген рұқсаттық режимге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Адвокаттың мiндеттi сақтандыру қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.
Әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды адвокаттар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төлейдi».
Адвокат құқықтармен қатар белгілі бір міндеттерді көтереді. Көрсетілген заңның 15-бабына сәйкес:
1. Адвокат заң талаптарын сақтауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң принциптерiн басшылыққа алуға, кәсiптiк мiнез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға мiндеттi.
2. Егер адвокат осы iс бойынша мүдделерi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның (тараптардың өзара келiсiмi бойынша ара ағайын болған жағдайларды қоспағанда) мүдделерiне қайшы келетiн адамдарға заң көмегiн көрсетiп жүрсе немесе бұдан бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, анықтауды жүргiзушi адам, тергеушi, сарапшы, маман, аудармашы, куә, жәбiрленушi немесе куәгер, азаматтық талап қоюшы немесе азаматтық жауапкер ретiнде iске қатысқан жағдайларда, сондай-ақ егер iстi тергеуге немесе қарауға адвокатпен жақын туыстық қатынастағы лауазымды адам қатысса, ол заң көмегiн көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға мiндеттi.
3. Адвокат заң көмегiн көрсетуге байланысты өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi және көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз оларды жария етуге құқығы жоқ.
4. Iс бойынша адвокаттық көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстануына тыйым салынады.
5. Адвокаттың қылмыстық iс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша әдiлетсiз үкiм шығарылған жағдайда алған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi.
6. Адвокатқа мемлекеттiк қызметте болуға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысуға тыйым салынады».
Сонымен қатар, осы Заңның 16-бабында адвокаттың кәсiби мiнез-құлық нормалары көзделген:
«Адвокат заң көмегiн көрсету кезiнде мынадай кәсiптiк ережелердi сақтауға тиiс:
1) көп күш-жiгер не уақыт жұмсауды талап ететiн қажеттi әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттылық пен құлшыныс бiлдiру;
2) заң мәселелерiн қарап жатқан органдар мен лауазымды адамдарға қатысты өзiн әдептi ұстау;
3) өз кәсiби мiнез-құлқын көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, iстi негiзсiз сөзбұйдаға салуға, заң көмегiн көрсетудiң заңсыз әдiстерiне, алдауға жол бермеу;
4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiне адал болу және оның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау».
Кәсіптік мінез-құлық нормаларын сақтау және адвокаттық құпияны сақтау қажеттігін адвокаттық қызмет қағидаттарының бірі ретінде қарастырып, заң шығарушы сол арқылы адвокаттық әдеп нормаларының маңыздылығына баса мән бергенін атап өту қажет. Адвокаттың өзі қорғайтын адамымен ерекше қатынасын ескере отырып, заң көмегін сұрап өтініш жасаған адамға адвокатқа берілген мәліметтердің жария етілмеуіне заңда кепілдік беруге тиіс. Оның қағидаттарының бірі ретінде адвокаттық қызметтің этикалық сипатын бекітумен қатар, заң қорғаушыға осы қағидатты сақтауды міндеттеді, өйткені қорғаушының өз функциясын орындауы кезінде соңғысына адвокат пен қорғайтын адамынан басқа, барлығы үшін құпия болып қалуға тиіс көптеген мән-жайлар белгілі болады. Бұл талап көрсетілетін заң көмегінің кез келген түрі бойынша адвокат қызметінің қажетті талабы болып табылады. Бірақ осы қағидат адвокаттың қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысуы кезінде өзекті болады.

Қорытынды


Сонымен қорыта келе, Адвокат (гр. advocatus — шақырылған) — адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және арнаулы заңда көзделген шеңберде кәсіби құқықтық көмек көрсететін заңгер; кең мағынасында алғанда — қорғаушы. Заңды көмек көрсете отырып, адвокат: заң мәселелері бойынша түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді; талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды; анықтау, алдын-ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және т.б. органдар мен ұйымдарда, азаматтық қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілі ретінде қатысады, оларды қорғауды жүзеге асырады. Адвокаттың статусы, адвокаттық қызметпен айналысу тәртібі, кәсіби құқылары мен міндеттері, мінез-құлықнормалары Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңында (1997 жылы 5 желтоқсан) көзделген. Адвокаттар алқасының мүшесі. Жоғары заң білімі, екі жылдан кем емес заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқына лицензия алған адам.


Адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған ұйым. Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заңды көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995 жылғы 07.10.1998 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.

  2. Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» заңы 05.12.1995 жылғы 11.07.2001 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 1999 жылы 13 шілде, 09.08.2002 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 1997 жылы 13 желтоқсан, 24.12.2001 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

  5. С.Т.Тыныбеков «Организационные формы и деятельность адвокатуры в Республике Казахстан». Алматы 1997 год.

  6. О.В.Арсентьев «Адвокатура и нотариат в Республике Казахстан» г.Костанай 1998 год.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет