Реферат тақырыбы: Аралас оқытуды тиімді жүзеге асыру мәселелері



Дата13.02.2023
өлшемі36,72 Kb.
#67575
түріРеферат
Байланысты:
Реферат та ырыбы Аралас о ытуды тиімді ж зеге асыру м селелері


Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті


РЕФЕРАТ



Тақырыбы: Аралас оқытуды тиімді жүзеге асыру мәселелері

Қабылдаған: Адранова А.
Орындаған: Сатмағанбетқызы Д.

Жоспары
Кіріспе


Негізгі бөлім

  1. Аралас оқыту технологиясының заманауи білім беру үдерісіндегі рөлі

  2. Аралас оқыту технологиясы әдістеріне шолу

  3. Аралас оқыту формаларының оқу процесін ұйымдастыру

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Аралас оқыту - бұл онлайн-оқу материалдары мен интернеттегі өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін дәстүрлі сыныпқа негізделген сыныптық әдістермен біріктіретін білім беру тәсілі. Мұғалімнің де, оқушының да физикалық қатысуын қажет етеді, мұнда оқушылардың уақытты, орынды, жолды немесе қарқынды басқарудың кейбір элементтері бар. Оқушылар мұғаліммен бірге «кірпіш» мектептерге барғанда, сыныптағы бетпе-бет тәжірибелер ұштастырылады мазмұны мен жеткізіліміне қатысты. Аралас оқыту біліктілікті арттыру мен оқыту жағдайында да қолданылады.


Аралас оқыту контекстке өте тәуелді, сондықтан оның әмбебап тұжырымдамасы қиын. Кейбір есептерде аралас оқытудың қатаң анықтамасы туралы ортақ пікірдің болмауы оның тиімділігі туралы зерттеулерде қиындықтар туғызды деп мәлімдеді. Жақсы келтірілген 2013 жылғы зерттеу аралас оқытуды интерактивті және жеке жеткізілім қоспасы ретінде анықтады, мұндағы онлайн бөлігі оны толықтырудың орнына кейбір бетпе-бет байланыс уақытын тиімді түрде алмастырады. Электрондық технологиялардың заманауи даму деңгейі мен білім беру жүйесінің инновациялық үрдістерге ұмтылысының бірлестігі білім беру ошақтарында білім беру үрдісін трансформациялап, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын тиімдендіру қажеттігін көрсетеді. Оқушылардың өз бетінше іздену қызметін басқарудың ең тиімді әдістерінің бірі электронды оқыту құралдарын пайдалана отырып, аралас оқыту технологиясын енгізу және қолдану. Аралас оқыту терминінің мәндік сипаты дәстүрлі және электрондық технологияларды шебер үйлестіру болып табылады.
Жастарға білім берудің қазіргі кездегі маңызы өте жоғары, себебі мектеп партасында отырған бүгінгі оқушы мемлекетіміздің болашағын жалғастырушы. Тарихи, әдеби тәрбие берудің сауатты, салауатты, білімді ұрпақты қалыптастыруда маңызы өте жоғары екені ақиқат. Болашағымызды сеніп тапсыратын жас ұрпаққа ең негізгі құндылық білім екенінін, соның негізінде жас ұрпақ бойына тарихи сананы қалыптастыру кезек күттірмейтін мәселе екені айқын.
Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, IT-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы. Осы жағдайда білім және ғылым өзгерістердің алдыңғы қатарында тұруы тиіс. Әлемнің жетекші экономикалары жоғары деңгейдегі адам капиталы есебінен ғана өркендеуге қол жеткізуде. Оған жаңа білім беру стратегиялары мен саясаты ықпал етеді.
Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың заманауи кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді. Адамның бәсекеге қабілеттілігі ұлт жетістігінің факторы болып табылады. Сондықтан әрбір қазақстандық жаңа жаһандық сын-тегеуріндерге, заманауи технологияларға, еңбек нарығының өзгермелі талаптарына және жаңа кәсіптерге табысты бейімделу үшін қажетті құзыреттілікке ие болуы қажет.
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында проблемаларды шешу дағдылары, сыни ойлау, креативтілік, эмоционалдық интеллект басты қасиеттер болады. Сондықтан білім беру жүйесі белсенді, шығармашыл, сыни, талдамалық тұрғыда ойлай алатын, бұрынғы белгісіз проблемаларды шешуге, өзгерістерге тез бейімделуге, жаңаны құруға қабілетті креативті адамдарды дайындауға шоғырлануы тиіс. Сондай-ақ функционалдық, ІТ сауаттылық, ағылшын тілін білу, адамгершілігі мол азаматтық кемелдену де маңызды.
Қазақстан мектептері білім беруде жаңа кезең деңгейінде тұр. Дүниежүзілік экономикалық форум XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Бұл - командадағы жұмыс дағдылары, көшбасшылық қасиет, бастамашылық, IT-біліктілік, қаржылық және азаматтық сауаттылық және басқалар.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 10-қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс - деген болатын.
Қазақстан Республикасының Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары субъекті - білім алушы, ал оқытушы ұйымдастырушы, көмекші болатын білім беру жүйесіне көшуді көздейді. Уақыт өте келе білім беру үрдісін ұйымдастыру қағидалары өзгеріп, динамикалық жеке-дараланған оқытуға жағдай жасалып келеді. Әр оқушының қажеттілігін ескере отырып, білім беру үрдісін ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының (2007 жылғы 27-шілдедегі ҚР № 319-ІІІ заңымен бекітілген өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) 3-тарау, 11-бабында Білім беру жүйесінің міндеттері оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология - ларды енгізу және тиімді пайдалану,- делінген. Сонымен, білім беру қызметінің заманауи даму дәуірі ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың басымдылығымен айқындалады, оған себеп білім берудің дәстүрлі түрі мен әдістерін мейлінше қарқынды етуі. Көптеген адамдар азғантай уақыт мезетін жұмсап барынша көп білім алғысы келеді, өйткені өмір қарқыны дәстүрлі күндізгі оқуға уақытты тым аз қалдыруда. Осы бағытта аралас оқыту технологиясын білім беруде қолдану өзекті болып табылады.
Зерттеудің мақсаты. Орта мектепте информатика пәнін аралас оқыту технологиясын, электронды оқыту қорларын тиімді пайдалана отырып ұйымдастыруды зерттеу және жүзеге асыру.
Орта мектеп оқушыларын ақпараттандыру жағдайында аралас оқыту технологиясының кейбір әдістерін пайдалана отырып оқыту. Қазіргі заманғы түрлі ақпараттық қорлар мен сандық технологияларды тиімді қолдана отырып 8,9 сыныпта информатика пәнін аралас оқыту технологиясын пайдалана отырып өткізу. Қазақстан республикасында орта білім беру деңгейінде сабақ үрдісін мейлінше ақпараттандыру жағдайында аралас оқыту технологиясын енгізу және сол арқылы мұғалімдер мен оқушылардың ақпараттық технологияны қолдану дағдыларын қалыптастыру және дамыту, білім беру үрдісін иілгіш, барынша қолжетімді ету. Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану деңгейін арттыру. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жетістіктері, олардың теориялық және практикалық қолдану тұжырымдамалары, білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы, ақпараттық үдерістерді орта білім ордаларында енгізудегі танымдық процестер мен философиялық көзқарастар, АКТ арқылы білім беру үдерістерін дамыту жолдары, ақпараттық мәдениеттілікті қалыптастыру теориясы, оқытудың ақпараттық технологиясының мәні және оларды білім беру үдерісінде пайдалану мүмкіндіктері туралы теориялық тұжырымдамалар.
Зерттеу көздері: аралас оқыту саласы бойынша ғалымдардың зерттеулері, білім беру үдерісінде және ұйымдастыруда компьютерді пайдалану туралы ғылыми еңбектер, жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарттары, білім беру туралы нормативті құжаттар, аралас оқытуды мектепке енгізу туралы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін ақпараттандыру мен қашықтан оқыту тұжырымдамалары, электрондық әдістемелік жүйе, озық тәжірибелер, сондай-ақ, магистранттың педагогикалық және зерттеушілік іс-тәжірибесі.
Зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, орта мектептің оқу құжаттарын (білім беру стандарттары, оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар), озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, модельдеу, салыстырмалы талдау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу, оқу үдерісін бақылау, тестілеу, мониторинг, эксперимент және оның нәтижелерін статистикалық өңдеу, қорытындылау. Келесі шарттар орындалған жағдайда орта білім беруді ақпараттандыруда электронды білім беру қорларын пайдалану, аралас оқытуды оқу үрдісіне енгізу тиімділігі артады:
Білім беру үрдісінің негізгі қатысушыларының электронды білім беру қорларына деген негізгі қажеттіліктері айқындалса;
Орта білімді ақпараттандыру жағдайында аралас оқыту жүйесінің негізгі элементтері анықталып, құрылымданса;
Орта мектепте аралас оқытуды ұйымдастыру мен қолдау көрсету әдістемесі негізделіп, жасақталған болса.
Зерттеу кезеңдері 2017-2019 жылдар аралығында жүргізілді.
Бірінші кезеңде зерттеу мәселелері бойынша әдебиеттерге талдау жасалып, анықтамалар мен түсініктер анықталды. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталды.
Екінші кезеңде түрлі электронды білім беру қорларына талдау жасалып, сараланды
Үшінші кезеңде орта білім беру жүйесінде информатика пәні аралас оқыту технологияларын пайдаланып өткізілді. Сабақтарға талдау жасалып, осы әдістің тиімділігі бағаланды.
1.Аралас оқыту технологиясының заманауи білім беру үрдісіндегі ролі
Ақпараттық технологиялардың жаңартылған нұсқасы болып табылатын цифрлық дәуір білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін көкейкесті етуде. Технологиялық төңкерістің келуі білім беру технологияларынан да тап сондай өзгерісті талап етуде, солардың қатарында аралас оқыту (blended learning) технологиясы да бар.
Аралас оқыту - негізіне күндізгі оқу технологиясы мен электронды оқыту технологияларын біріктіру қағидасына негізделген АКТ және заманауи оқу құралдары ұсынатын жаңа дидактикалық мүмкіндіктерге сүйенетін оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы. Аралас оқыту - бұл білім алушы, жекелеп алғанда оқушы немесе студент, білімді онлайн, яғни, өз бетінше де, мұғаліммен де ала алатын білім беру концепциясы. Мұндай қадам материалды оқып үйренудің уақытын, орнын, үйрену жолын бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Егер оқу уақытының 30%-дан 79%-ға дейінгі бөлігі он-лайн өтетін болса ғана ол аралас оқыту деп танылатынын есте ұстаған жөн. Оның басым ерекшелігі ретінде келесі аспектілерді айтуға болады:
* Әр білім алушы қажетті білімдер мен дағдыларды ыңғайлы форматта алуына мүмкіндік бар;
* Оқыту қандай сұранысты қанағаттандыратыны және қандай нәтиже әкелетіндігін түсіну әрі жоспарлау;
* Білім алуды басқарудың тиімді құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету;
* Технология мен оқыту бірін-бірі өзара толықтыра және байыта түседі;
* Білім алушылардың өзара және ұстаздармен белсенді әлеуметтік қатынаста болуы;
* Білім алудың мезгіл мен мекенге тәуелді емес бола алуы;
* Білім сапасының оқытудың тиімдірек құралдарын пайдалану салдарынан артуы;
* Шәкірттің өз бетінше жұмыстануына басымдық берілуі;
* Топтық жұмысты қолдану;
* Білім беру траекториясының иілгіштігі;
* Онлайн және офлайн оқу-әдістемелік контенттердің интеграциялануы;
Көріп отырғанымыздай аралас оқытуды жүзеге асыру ҚР ББМС толықтай сәйкес келеді, яғни оны тәжірибеде қолдануға болады.
Заманауи білім беру жүйесі қалыпты, жақсы, базалық білім беріп қана қоймай, инновация туралы ойлайтын, креативті білім алушыларды дайындауы қажет. Аралас оқытудың модельдері, түрлері және артықшылықтары алдын-ала зерттеліп, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріне ендірілуі қажет. Бұл біздің елімізге сандық дәуір сынақтарына төтеп беріп, Цифрлы Қазақстан бағдарламасын жүзеге асыруға, әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына сәтті енуіне жағдай жасайды.
2017 жылдың қыркүйек айында елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық жиналыста Цифрлы Қазақстан бағдарламасы таныстырылған болатын. Мемлекет басшысы 2017 жылдың басындағы мемлекет халқына жолдауында атап өткен үшінші модернизацияның тірегі болып цифрландыру табылатынын баса айтты. Сондай ақ, Президент біліктілік деңгейі жоғары мамандарды дайындау маңыздылығын атап өтіп, бұл өз кезегінде білім беру саласындағы саясатты қайта қарауды қажет ететінін айтты: Оқушылардан зейнеткерлерге дейінгі барлық қазақстандықтар қайтадан кітапқа отырып, жаңа технологияларды үйрену қажет. Өмір бойы білім алу қағидасы қажеттілікке, қалыпты жағдайға айналуы тиіс.
Бұл жағдайда білім беру жүйесінің алдында үздіксіз білім алу үшін заманауи білім беру технологияларын меңгеріп және дер кезінде енгізу мәселесі өткір сұрақ болып тұр. Алдыңғы орынға цифрландыру немесе диджитализациялау құралы ретінде аралас оқыту (blended learning) технологиясы шығады. Замандасты сандық дағдылармен қаруландыру өте маңызды, себебі мұндай дағдыларға көптеген мамандыққа қажеттілігіне байланысты сұраныс артып келеді.
Оқу процесінің білім контентін онлайн технологиялармен жеткізілуінің қанықтылық деңгейіне және қатысушылардың өзара қатынас дегейіне байланысты сарапшылар төмендегідей бөледі:
* Дәстүрлі оқыту (электронды технологияларды қолданбай);
* Веб-қолдаумен дәстүрлі оқыту(курстың 1-29% желіде жүзеге асады: контентті жеткізу, білім алушылардың өзіндік жұмысты орындауына LMS арқылы минималды түрде әрекет ету);
* Аралас оқыту - blended learning (курстың 30-79% пайызы желіде жүзеге асады: аудиториядағы және желідегі сабақтар кіріктіріледі) ;
* Толық онлайн оқыту( курстың 80% астамы желдіе өтеді, тіпті бетпе - бет оқыту болмауы мүмкін).
Аралас оқытудың құрамдас бөліктері болып сыныпта оқу, қашықтықтан оқыту және Интернет арқылы оқыту табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері ғана тек онлайн режимде өтетін оқытудан тиімділігі артық аралас оқытудың дамуына зор үлес қосты. Бұл ғылыми зерттеулермен дәлелденген. Жекелеп алғанда, Стэнфорд университетінің мамандары АҚШ білім беру федералды департаментінің тапсырысымен мыңнан аса дәстүрлі, онлайн және аралас оқыту туралы эмпирикалық зерттеулерді талдаған.
Аралас оқытудың тарихы 1840-ж. бастау алады. И.Питман ең алғаш болып қашықтықтан оқыту курстарын ұйымдастырды. Ол өз шәкірттеріне тапсырманы хат түрінде жіберіп, олардың жауабын тексеріп отырған. Аралас оқыту қағидалары ХХ ғ. 60-ж. алғаш пайдалана бастаған, алайда термин алғаш рет 1999-ж. американдық Интерактивті Оқу Орталығы Интернет арқылы сабақ беруге арналған бағдарламалық жабдықтаманы шығарғаннан бастап қолданылды. Басқа педагогокалық технологиялардан айырмашылығы аралас оқытуда нақты автор жоқ, ол оқытудың бар әдістері мен тәсілдерін өзгертуге бағытталған талпыныстар жиынтығынан құралған. Сондықтан да бұл терминге дәл анықтама беру қиындық тудырады. Аралас оқытудың кейбір анықтамалары:
Аралас оқыту -- бұл оқыту тәсілдерінің үйлесімділігі (Bersin&Associates, 2003)
Аралас оқыту -- онлайн және күндізгі оқытуды сабақтастыру (Reay, 2001)
2006 ж. Аралас оқыту анықтамалығы (Bonk, 2006) мақаласында оның негізгі ерекшеліктерін бейнелейтін алғашқы сипаттамасы жарық көрді: Аралас оқыту - бұл күндізгі оқу (бетпе-бет білім алу) мен компьютер құралдарымен оқытудың үйлесімділігіне негізделген оқыту.
Аралас оқыту АҚШ және Еуропада кең таралды. Бұл Интернет коммуникациясының жақсы деңгейі мен халықтың компьютерлік сауаттылығының жоғарғы көрсеткішімен түсіндіріледі. Әлеуетті студенттердің техникалық (компьютерлік) жабдықталуы да аз роль ойнаған жоқ.
Педагогикалық тәжірибеде аралас оқыту қағидалары ұстазғамұғалімге келесі мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді:
1. Білім берудің қол жетімділігі мен иілгіштігін арттыру арқылы, олардың жеке білімділік қажеттілігін, оқу материалын игерудің қарқыны мен ырғағын ескере отырып білім алушылардың білім алу мүмкіндігін арттыру;
2. Оқушының белсенді әрекетін қалыптастыруын ынталандыру: оның оның уәжін, әлеуметтік белсенділігін, дербестігін арттыру, соның ішінде оқу материалын игеруде рефлексия мен өзін-өзі талдау қабілеттерін арттыру, нәтижесінде білім беру процесінің тиімділігін тұтастай арттыру;
3. Педагог стилін өзгерту: білімді трансляциялаудан оқушылардың өз білімдерін құрастыруға жағдай жасайтын интерактивті әрекеттесуге ауысу;
4. Білім беру үрдісін білім алушы оқу мақсаттары мен оған жету жолдарын өзінің білім алу қажеттілігін, қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып өз бетінше анықтай алатындай жекелендіру және дербестендіру, ал мұғалім көмекші және тәлімгер ролін сомдайды;
2. Аралас оқыту технологиясы әдістеріне шолу
Қазіргі заманғы сабақтарды жоспарлауға деген дидактикалық талаптар пәндік қана емес, метапәндік, сондай-ақ оқушылардың тұлғалық нәтижеге жетуіне бағытталған. Аралас моқыту модельдерін жүзеге асыру сабақты сабақ тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін тұжырымдауда, оқушылар әрекетін жоспарлап, олардың қызметін басқару және түзетуді іске асыруда, үй тапсырмасын даярлап, бағалауды жаңа талаптарды басшылыққа алады. Оқушы дәстүрлі сабақтарда сабақта отырып мұғалімнің айтқанын белсенді емес орындаушыдан аралас оқытуда басты қайраткерге, ал мұғалім оқу үрдісін жасырын басқарушыға айналады, яғни оқушыларды шабыттандырады.
Оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсат-міндеттерін, олардың өзектілігін анықтауға тікелей араласып, мақсатқа жету жолдарын жоспарлауға белсенді араласады, белгіленген жоспар бойынша жұмыс жасайды, сонымен қатар бақылау (өзін-өзі бақылау, өзара бақылау) жүргізіп, соның нәтижесі бойынша өз қызметін реттейді, соның нәтижесі арқылы өз қызметіне баға береді.
Мұғалім сабақтың кез-келген уақытында кеңес береді, ақыл айтады, көмектеседі. Оқушылар қызметін дұрыс ұйымдастырғанда мұғалімге сабақты жоспарлау кезеңінде ақ метапәндік және тұлғалық нәтижеге жету үрдісінің қаншалықты сапалы өтетіні белгілі болады.
Аралас оқыту технологияларын қолдану педагог ролін түбегейлі өзгертіп, оны тьютор, кеңесші деңгейіне көтереді. Педагогтың міндеті оқушыларға мақсатқа жетер жолда педагогикалық қолдау, көмек көрсету. Педагог - тьюторды келесі кәсіби қырлары ерекшелейді: жоғары кәсібилік және өз пәндік аймағындағы тиянақты білімі, ой өрісінің кеңдігі, жоғары деңгейдегі тіл табысқыштық, төзімділік, көшбасшылық қабілеттер мен топта жұмыс жасай алуы, даулы жағдайларда шешім таба білу, жауапкершілік, оқушыларды ілестре білу қабілеті, жеке және топтық рефлексия дағдыларына ие болуы.
Аралас оқыту технологияларын жүзеге асыруда мұғалім оқушылармен бірлесіп сабақта және сабақтан тыс олардың дербес оқу траекториясын жасайды, әртүрлі ақпараттық-білім беру қорларын пайдалана отырып түрлі қызмет ұйымдастырады, оқушылардың бетпе-бет немесе сыныптан тыс қызметін үйлестіреді. Педагог қызығушылықты оята білетін, назар аударта алатын, белсенділікке шақыратын, білімді тәжірибеге ұштастыратын, қызметін, әрекетін бағалайтын дағдыларға ие болуы тиіс.
Аралас оқытудың моделдеріне келер болсақ, бүгінгі таңда оның жалпыға ортақ бірыңғай жіктелімі жоқ. Алайда, макси деңгейден қарайтын болсақ, онда екі түрін қарастыруға болады: 1) мектеп немесе ЖОО ішілік сынып-сабақ жүйесі деңгейінде; 2) өзі үшін міндетті ғана емес, қосымша да білім беруді пайдалана алатын білім алушы тұлғасы деңгейінде.
Шетелдік тәжірибеде дәстүрлі түрде аралас оқытудың алты үлгісі бар: Face-to-Face Driver (бетпе-бет), Rotation (бұрылу, ротация), Flex (иілгіштік), Online Lab (онлайн - зертхана), Selfblend (өз бетінше білім алу), Online Driver (онлайн кездесулер).
Әр модель аралас оқытудың үш компонентінің басымдылығына байланысты ерекшеленеді:
oo білім беру үдерісінің қатысушыларының дәстүрлі тікелей қарым-қатынасы;
oo компьютерлік телекоммуникациялық технологиялар мен онлайн сандық ақпараттық білім беру қорлары арқылы интербелсенді қарым-қатынас;
oo өз бетінше білім алу.
Аралас бастамалық оқытуды енгізу берілген модельдің келесідей артықшылықтарымен түсіндіріледі:
oo ауырлық центрінің дәстүрлі оқу үрдісін ұйымдастыру формасынан мұғалім басқаратын білім алушылардың өзіндік жұмысына ауысуынан, білім беру үрдісінің мөлдірлігі мен бақылануынан (барлық параметрлер жүйемен тіркеліп, ұйымдастырушылар мен бақылаушылар тарапынан үнемі мониторингке қол жетімді болады), оқу процесінің барлық құраушыларының сапасын бағалауға мүмкіндік беретін лездік кері байланыс есебінен білім беру сапасының артуы;
oo аудиториялық және зертханалық фондты және оларға қызмет көрсету құнын едәуір үнемдеу, оқу-әдістемелік материалдарды дайындау үрдісін тиімдендіру(баспа формаларынан бас тарту, курстарды ашық дереккөздер негізінде құру, т.б.) арқылы жоо ресурстиімділігінің артуы. Сарапшылардың бағалауы бойынша әлемде аралас оқытуды ұйымдастыруда дәстүрлімен салыстырғанда 35% дейін ресурстар үнемделеді екен.
Зерттеу университетінің қажеттіліктерін ескере отырып, мұғалімнің жұмысын тиімдендіру, аудиториялық сабақтардан бас тарту арқылы мұғалімнің бос уақыты артады, білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға, әдістемелік және ғылыми жұмысқа қосымша уақыт қоры пайда болады.
oo жаңа технологиялармен тәрбиеленген жаңа буын білім алушыларының сұраныстарына бағдарлану арқылы абитуриенттер арасында ЖОО тартымдылығы артады (сабаққа күнде барудың қажеттілігі жоқ, жұмыс жасау мүмүкіндігі бар, т.б.).
Сынып-сабақ жүйесі ішінде аралас оқытудың дербес топ, төңкерілген сынып, жұмыс аймағының ауысуы - а)Онлайн жұмыс аймағы (мұғалімнің нұсқауымен жеке жұмыс); б) Топтық жұмыс аймағы (мұғалімнің нұсқауымен топтық жұмыс), жеке траектория сияқты модельдерін қолдануға болады.
Ал дербес деңгейде білімді жекелендіру модельдері пайдаланылады: жаңа бағдар, мектепаралық топ, дербес оқу жоспары.
Төңкерілген сынып, кейде мұны априори тәсілі деп те атайды - ұйымдастыру-техникалық жағынан ең қарапайым модель.
3.Аралас оқыту формаларының оқу процесін ұйымдастыру
Аралас оқыту (blended learning) форматындағы оқу үдерісін ұйымдастыру, оқытушы мен білім алушылардың күндізгі оқу кезінде өзара іс-қимылының дәстүрлі формаларын қоспағанда жекелеген қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Аралас оқыту форматындағы теориялық оқыту кезеңінде пәндерді оқыту "Төңкерілген класс" технологиясы бойынша жүзеге асырылады: оқытушылармен байланыс сағаты арқылы және Univer жүйесі, MOODLE ҚОЖ электронды қашықтан оқыту жүйесі арқылы (dl.kaznu.kz) студент барлық оқу материалдарымен (дәріс конспектілері, бейне лекциялар, презентациялар), тапсырмалармен (тесттер, жазбаша тапсырмалар, ұжымдық талқылау) қамтамасыз етіледі.
Аралас оқытуды іске асыру кезінде оқу үдерісіне университеттің білім беру платформаларының немесе жақын және алыс шетелдердің білім беру платформаларының жаппай ашық онлайн курстарының материалдарын қосуға жол беріледі.
Аралас оқытуды жүзеге асыру үшін оқу үдерісінде пайдалануға ұсынылатын онлайн-курстардың тізбесі, жыл сайын факультеттің әдістемелік кеңесінің төрағасының басшылығымен факультетте жасалады және факультеттің ғылыми кеңестерімен ағымдағы күнтізбелік жылдың 30 мамырынан кешіктірілмей бекітіледі.
Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысы (СӨЖ, МӨЖ, ДӨЖ) бекітілген кестеге сәйкес білім беру бағдарламасының оқу жоспарында қарастырылған көлемде ҚБТ арқылы жүргізіледі.
Аралас оқыту форматындағы оқу үдерісін іске асыру кезінде оқытушының білім алушылармен аудиториялық сағатының көлемі пән бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің жалпы көлемінің 40% - нан кем болмауы тиіс.
Аралас оқыту форматында жүзеге асырылатын пәндердің оқу-әдістемелік кешендері, білім алушылардың сандық білім беру ресурстары мен өзіндік жұмысы бойынша ұсынысы толық мазмұнды болуы тиіс.
Қорытынды
Сонымен, білім беру қызметінің заманауи даму дәуірі ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың басымдылығымен айқындалады, оған себеп білім берудің дәстүрлі түрі мен әдістерін мейлінше қарқынды етуі. Көптеген адамдар азғантай уақыт мезетін жұмсап барынша көп білім алғысы келеді, өйткені өмір қарқыны дәстүрлі күндізгі оқуға уақытты тым аз қалдыруда. Осы бағытта аралас оқыту технологиясын білім беруде қолдану өзекті болып табылады.
Қазақстан республикасында орта білім беру деңгейінде сабақ үрдісін мейлінше ақпараттандыру жағдайында аралас оқыту технологиясын енгізу және сол арқылы мұғалімдер мен оқушылардың ақпараттық технологияны қолдану дағдыларын қалыптастыру және дамыту, білім беру үрдісін иілгіш, барынша қолжетімді ету. Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану деңгейін арттыру. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздемесі: ақпараттық коммуникациялық технологиялар жетістіктері, олардың теориялық және практикалық қолдану тұжырымдамалары, білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы, ақпараттық үдерістерді орта білім ордаларында енгізудегі танымдық процестер мен философиялық көзқарастар, АКТ арқылы білім беру үдерістерін дамыту жолдары, ақпараттық мәдениеттілікті қалыптастыру теориясы, оқытудың ақпараттық технологиясының мәні және оларды білім беру үдерісінде пайдалану мүмкіндіктері туралы теориялық тұжырымдамалар.
Аралас оқыту саласы бойынша ғалымдардың зерттеулері, білім беру үдерісінде және ұйымдастыруда компьютерді пайдалану туралы ғылыми еңбектер, жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарттары, білім беру туралы нормативті құжаттар, аралас оқытуды мектепке енгізу туралы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін ақпараттандыру мен қашықтан оқыту тұжырымдамалары, электрондық әдістемелік жүйе, озық тәжірибелер, сондай-ақ, магистранттың педагогикалық және зерттеушілік іс-тәжірибесі. Аралас оқыту қолдануға және әрі қарай дамытуға кең мүмкіндікке ие дамып келе жатырған педагогикалық технология. Дұрыс және толыққанды пайдаланылған кезде аралас оқыту тұлғаның ХХІ ғасыр дағдылары деген атпен де белгілі құнды қасиеттерінің қалыптасуына жағдай жасайды. Қорыта айтқанда, аралас оқытуды бетпе-бет оқыту мен электронды оқытудың артықшылықтарын барынша тиімді етуге бағытталған синергиялық жүйе деп қарастыруға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




  1. Аралас оқыту арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын арттыру». Электрондық оқытудың электрондық журналы. 14.

  2. Фризен, Норм (2012). «Есеп: араласоқытудыанықтау»

  3. «Араласоқыту (стейкер / мүйіз - мамыр 2012 ж.)» (PDF). Архивтелген түпнұсқа (PDF) 2013-08-21. Алынған 2013-10-24.

  4. Штраус, Валерия (22 қыркүйек 2012). «Араласоқытутуралыүшқорқыныш». Washington Post.

  5. «Аралас курстың дизайны: үздік тәжірибелердің синтезі». Асинхронды оқыту желілері журналы. 16.

  6. Лотридж, Карен; т.б. (2013). «Аралас оқыту: тиімді, уақтылы және үнемді». Сот сараптамасы журналы. 45 (4): 407–416. дои:10.1080/00450618.2013.767375.

  7. Москал, Патси; Дзиубан, Чарльз; Хартман, Джол (2012 жылғы 20 желтоқсан). «Аралас оқыту: қауіпті идея?». Интернет және жоғары білім. 18: 15–23. дои:10.1016 / j.iheduc.2012.12.001.

  8. Оливер М, Тригвелл К (2005). «Аралас оқытуды» өтеуге бола ма? ». Электрондық оқыту. 2 (1): 17–26. дои:10.2304 / elea.2005.2.1.17.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет