Реферат тақырыбы: Қарым-қатынас түрлері Орындаған: Бекзат Несібелі Тобы: Фи-19-1к1 Қабылдаған



бет1/8
Дата04.05.2023
өлшемі60,53 Kb.
#89708
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ðåôåðàò òà?ûðûáû ?àðûì-?àòûíàñ ò?ðëåð³ Îðûíäà?àí Áåêçàò Íåñ³áå



Мұхтар Әуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан университеті
Филология факультеті
«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы

РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Қарым-қатынас түрлері
Орындаған: Бекзат Несібелі
Тобы: Фи-19-1к1
Қабылдаған: Айнабек Сандуғаш
Шымкент 2021 ж.
Жоспар:


А) Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы


1.Қарым-қатынас түсінігі, түрлері, формалары
2.Тұлғааралық қарым-қатынас сипаттамалары
3.Қарым-қатынас стильдері, көшбасшылық, жетекшілік
Ә) Қарым-қатынастың перцептивті жағы


1.Қарым-қатынастың перцептивті механизмдері
2.Тұлғааралық өзара әрекеттесу кеңістігі
3.Мен және басқалар
Б) Қарым-қатынастың интерактивті жағы


1.Психологиялық әсер етудің мәні, түрлері
2.Психологиялық әсер етудің негізгі тәсілдері мен әдістері

Адам қоғамнан тыс өмiр сүре алмайды. Өйткенi оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесiнде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгiлi мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмiрiнiң болуы мүмкiн емес.


Кез-келген адам дүниеге келiсiмен екiншi бiр адаммен қарым-қатынасқа түсудi қажетсiнедi. Мәселен, нәрестенiң анасымен "тiлдесу" қажетiн қанағаттандырмау - бiртiндеп оның қасаң сезiмдi, мейiрiмсiз болып өсуiне, кiшкентайынан айналасына деген сезiмiнiң азаюына әкелiп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтiп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киiм-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай бiлу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түрi екендiгiне шүбә келтiруге болмайды. Өзгелермен қарым-қатынас жасау - бұл тiршiлiкке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлiмет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлi құндылықтарды меңгередi. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейдi, оның шеңберi аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос-жарандармен сөйлессек те - осының бәрi - қарым-қатынастың сан алуан қырлары. Өмiрдегi сан алуан тыныс-тiршiлiкте адамдар бiр-бiрiмен тiкелей, жүзбе-жүз не жанама (хат жүзiнде, радио, теледидар арқылы), не бiреу арқылы қарым-қатынасқа түседi. Мәселен, мұның тiкелей "бетпе-бет", телефон арқылы сияқты түрлерiнде қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар десеңiзшi!
Осындай қарым-қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлi көрiнiстерi жеке адамдармен топтық ұйымдардың тiршiлiгiнен жақсы байқалып отырады.
Қарым-қатынас құрылымы және функциялары. Қарым-қатынас — бір адамның басқа адамдармен қоғам мүшесі ретінде өзара әрекеттесуінің арнайы формасы. Қарым-қатынас формасында адамдардың әлеуметтік байланысы, бір-біріне деген қарым-қатынасы жүзеге асады.
Қарым-қатынастың өзара байланысты 3 жағы бар:

  1. Коммуникациялық - адамдардың өзара ақпарат алмасуы;

  2. Интерактивті - адамдардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;

  3. Перцептивті - адамдардың бір-бірін қабылдауы және соның негізінде өзара түсінушіліктің орнауы.

Қарым-қатынас барысында келесі кезеңдер бөлінеді:

  1. қарым-қатынасқа түсу қажеттігі адамды басқа адамдармен байланысқа түсуге итермелейді;

  2. қарым-қатынас жағдайы мен мақсатына бағдарлану;

  3. өзімен қарым-қатынасқа түсетін адамның тұлғасын бағдарлау;

  4. өз мәліметінің мазмұнын жоспарлау, яғни адамның не айтатыны туралы ойлауы;

  5. айтатын нақты сөздерін тандау, қалай айтатынын және өзін қалай ұстайтынын ойластыру;

  6. өзімен қарым-қатынасқа түсетін адамның жауап қайтаруын қабылдау және оған баға беру, кері байланыс негізінде қарым-қатынас тиімділігін бақылау;

  7. қарым-қатынастың тәсілдерін, стилін, бағытын өндеу.

Егер қарым-қатынастың осы актілерінің біреуі бұзылса, онда адам күткен нәтижесіне жете алмайды, яғни қарым-қатынас тиімді дамымайды. Ал осы актілердің бәрін дұрыс орындай білу қабілеттері "әлеуметтік интеллект", "психологиялық-практикалық ақыл", "коммуникативті компоненттілік", "ашық мінезділік", "қарым-қатынасқа тез түсушілік" деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет