Реферат тақырыбы: Арнайы психология мен педагогиканың дамуына ғалымдардың қосқан үлесі



бет2/2
Дата15.11.2022
өлшемі89,24 Kb.
#50478
түріРеферат
1   2
Байланысты:
мөж 4 реферат

Г.А.Абаева игеру қабілеті зақымдалған қазақ балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің ерекшеліктерін, ойдың қазақ фольклорының түрлі жанрларын түсінуін зерттеген болатын. Көру қабілеті зақымдалған балалардың ауызша байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастырудың әдістемесін ашуда бұл мәселені шешу баланы мектепке даярлау кезіндегі түрлі қазақ фольклор жанрларын қолданумен тыңыз байланысты екендігін көруімізге болады.
Г.С.Оразаева мектепке дейінгі логопедиялық іс-тәжірбиеде қазақтың ұлттық ойындарын түзетушілік бағытта қолданудың типологиясын сипаттаған. Қазақ ұлттық ойындарының тарихы мен шығу тегін зерттей отырып, олардың ерекшеліктерін анықтап, ғасырлар бойы жинақталған әлеуметтік тәжиірбиесі мол колоритпен даналықта жинақталған тәрбиелеу және білім беру мүмкіндіктерін логопедиялық жұмыс барысында қолдануды сипаттаған.
Г.А.Абаева мен Г.С.Оразаева жүргізген мүмкіншілігі шектеулі балалар үшін жағдай туындатып, қазақ халқының мәдениетіне қол жеткізуге жол ашып отыр. Аталған мамандардың басшылығымен жұмыс істеп келе жатқан жас кадрлар да он жылдық ішінде отандық білім беру аймағына өз үміттерін қосуда. Олар А.А.Байтұрсынова, А.А.Даурамбекова, Г.И.Тулебиева, Г.Б.Ибатова және т.б. Қазіргі уақытта арнайы педагогика кафедрасында зерттеудің төмендегідей бағыттары айқындалған: мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне қосудың ұйымдастырылған педагогикалық жағдайлардың сөз туындату дағдыларын қалыптастыру, қазақша оқытылатын ақыл-ойы кем балаларды сауат ашуға үйретудің ғылыми – әдістемелік негіздері ретінде көмекші мектеп оқушыларының сөйлем құрау ерекшеліктерін анықтау.
А.А.Тайжан, Л.И.Завалишина, Л.Н.Манжуова, Г.С.Шубаева зерттеу жұмыстарында мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау көрсетудің медициналық аспектілерін қарастырған.
Ең алғаш рет Қазақстанда есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға арналған «Естімейтіндер әлемінде» атты терминалогиялық сөздік шығарылды (Ж.И.Кошикова). Сөздіктің қазақша, орысша, ағылшын тіліндегі түп нұсқаларын шығару мәселесі БҰҰ–дағы мүгедектердің құқықтары жайлы (2007) конвенциясымен бекітілуде. Сонымен қатар мемлекет Конвенциясы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты бірқатар өзгерістерді қабылдауда.
Ең алғаш қазақ кемтар балалардың ерекшеліктерін ғылыми зерттеулері тәуелсіздіктен кейін жүре бастады. А.Н.Аутаева естуінде ауытқуы бар балалардың дыбыс айтуын қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеген. Бұл отандық естуінде ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу саласындағы алғаш ғылыми жұмыс. Ол есту қабілеті бұзылған қазақ тілді балалардың дыбыс айтуын қалыптастыру психологиялық‑түзету жұмысында олардың потенциалды мүмкіндіктеріне, қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің психолингвистикалық негіздеріне, сөйлеу тілі дамуының психологиялық, психофизиологиялық заңдылықтарына сүйене отырып жүргізу қажеттігін қарастырған.


Әдебиеттер

  1. Адилова М.Ш. Особенности психомоторики младших школьников с ЗПР. Автореф.дис.канд.псих.н. – М.,1988

  2. Омирбекова К.К. Формирование связной письменной речи учащихся IV классов вспомогательной школы: Автореф.дис.канд.пед.н. – М:,1985.

  3. Сүлейменова Р.А. Организационно-технические основы ранней коррекционно-педагогической помощи детям с ограниченными возможностями. Автореф.дис.док.пед.н.-М:, 2001

  4. Аутаева А.Н. Психолого-педагогические основы формирование звукопроизношение у детей-казахов с нарушениями слуха 7-8 лет. Дисс. Алматы, 1999


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет