Реферат тақырыбы: Арнайы психология мен педагогиканың дамуына ғалымдардың қосқан үлесі



бет1/2
Дата15.11.2022
өлшемі89,24 Kb.
#50478
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
мөж 4 реферат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Педагогика және психология институты

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Арнайы психология мен педагогиканың дамуына ғалымдардың қосқан үлесі


7М01902- «Арнайы педагогика» кафедрасы, логопедия


Оқытушы: п.ғ.к., аға оқытушы: Бекбаева З.Н.
Магистранттар: Балгаева Т.С.
Амангелді М
Ақын Ж
Нұрмахан Н
Ермағанбет Ш

2022-2023 оқу жылы

Жоспар
1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім берудің алғышарттары
2. Қазақстанда арнайы оқыту жүйесінің құрылуы
3. 1946-1990 жылы отандық арнайы білім беру жүйесінің дамуы
4. Отандық дефектологтардың арнайы білім беруді дамытуға қосқан үлестері

ҚР-да мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің өзіндік тарихы бар. Бұл білім қиын қыстау кезеңнің мән жағдайын түсіну және осы заманғы арнайы көмектің жағдайын білу үшін керек. басқа ғылымдардың тарихы сияқты арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы бар.Тарихи деректер біздің елімізде арнайы білім беру жүйесі қалыптасып, дамуын нақты көрсеткіштермен сипаттайды.


Қазіргі арнайы білім берудің дамуы ерекше белгілермен тенденцияларының анықталуын, әр түрлі уақыт кезеңдерінің қарама-қайшы жақтарын анықтау және дамуында ауытқуы бар балаларға дәстүрлі емес формада көмек көрсету, қоғамдық тәрбиелеуге сәйкес шарттар құруды қамтиды.ҚР-да арнайы білім берудің теориясымен практикасының дамуы анықталған тарихи кезеңде көрініс тапты.
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу туралы педагогикалық көзқарастармен ой-пікірлерінің тарихи қалыптасу үрдісі қазіргі уақытқа дейін арнайы зерттелетін мәселе болып тұр.Бұл жерде қазақ халқының педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері туралы зерттеулері мен көзқарастары тарихтың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында жиі кездеседі. Осы кездегі қазақ халқының жарқын болашағы, оның тәуелсіздігімен бостандығы және рухани өрлеу жайында қалтықсыз қызмет етіп, оны осы жолда шыбын жандарын қиған аса көрнекті ғұламалар мен қоғам қайраткерлері қазақ аспанында щоқ жұлдыздай жарқырап, кең далада рухани мәдени-дамуының жаңа іргесін қалаған Ы. Алтынсарин, Абай атамыз, Ш. Құдайбердиев, С. Көбеев, А. Байтұрсынов және т. б. болды. Осы біртуар жандар педагогиканы және психология ғылымы саласында ғылыми еңбектер жазып, тәлім-тәрбиелік ғылымның ұлттық терминінің қалыптасуына бағасыз үлес қосқан.
Арнайы педагогиканың қазіргі күнде жетекші парадигмаларының бірі гуманизация. Ал ХІХ ғасырда еңбек еткен Ы. Алтынсаринның шығармаларында педагогикалық гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүрек болу мұғаліммен оқушы арасындағы ынтымақтастықтың принципінің көрініс тапқанын байқауға болады. Ы. Алтынсарин өзінің атақты «Хрестоматиясында» жасөспірімдердің жан дүниесі, ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп санаған. Ыбырай - оқу тәрбие үрдісіне мұғалім ролінде айырықша көңіл бөлген мұғалімнің алдына мынандай мінеттер қойды: нағыз мұғалім болу үшін шәкірттердің өзіндік ерекшеліктерін мықты санау қажет, аса сезімтал бала жанын жазбай танитын адам болуы қажет. Осындай озық ойлар дене және психика дамуында түрлі кемістіктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу, түзету-теңгеру жұмыстарының негізгі қағидаларының бірі - әр баланың жеке ерекшеліктерін есепке алу қажет екені әр дефектологияда таныс.
2.Ұлы қазан төңкерісінен кейінгі уақыт. Қазақстанда ауытқуы бар балалардың көбеюі. Азамат соғысы, ашаршылық, эпидемия және т. б. айғақты себептердің соның ішінде: жеткілікті жағдайда мектептер жүйесі, педагог кадрлардың жетіспеуі салдарынан елімізде кемістігі бар балалар, бұзақылар, қайыршылар көбейіп кетті.Бұл мәселелерді шешу, яғни ауытқушылығы бар балаларды есепке алу және арнайы көмек көрсету қиын жағдайда болды, себебі Қазақстанда бұл бағытта жұмыс істеу тәжірибесі болмаған. төңкеріске дейін Қазақстанда ауытқуы бар балаларды мемлекет тарапынан қамқорлыққа алу арнайы ұйымдастырылмаған. Алайда ағартушы тұлғалардың ауытқуы бар балалардың проблемасына көңіл бөлгенін теріске шығаруға болмайды. Ауытқуы бар балаларға жеке ұйымдастырылған көмек түрлері болды. Кемістігі бар балаларды және ересектерді оқыту және тәрбиелеу тәжірибесі есепке алынған жоқ.
Қазақстанда ғылыммен ағартушылықтың дамуына сол кезеңнің белсенді данышпандары Ж. Аймауытов, А. байтұрсынов, М. жұмабаев, т. б. мүмкіндік туғызды.Қазақстанда ауытқушылықтың алдын алуға байланысты міндеттерді шешуде 1921 жылы Орынборда ұлттық ағартушылық конференцияның маңызы зор болды. бұл конференцияда ең бірінші рет дамуында ауытқуы бар балаларға арналған жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді. Балалар үйіне қабылданатын балаларды тексеру проблемалары, оларды оқыту, тәрбие беретін мекемелерден ажырату, ауытқуы бар балаларды еңбекке даярлау, мектеп тәрбиесінің өзара байланыстары бойынша мәселелер қарастырылды.
Конференцияда шешілетін сұрақтар арнайы білім беру жүйесін әзірлеуде дұрыс жолда екенін көрсетті. Балалар мен жеткіншектердің еңбек қызметінің негізінде тәрбие үрдісін құрастыру, бөлек, ажырата, білім беруге байланысты сұрақтар өз уақытында және дұрыс көтеріліп отырды.Балалардың ауытқуына байланысты күрес балалар арасындағы қылмыс пен панасыздықтың алдын алумен қатар жүреді. мекемелердің көп түрі: балалар үйі, панасыз балаларға арналған коллониялар, жас заң бұзушыларға арналған тәрбие беру түзету пунктері ашылды. ал ауытқуы бар балаларға арналған мамандандырылған мекемелер біздің Республикамызда баяу дамыды.1921 жылы Орынборда ең алғаш рет ақыл-ойы кем және естімейтін-сөйлемейтін тұлғаларға арналған балалар үйі ашылды. олар ауытқуы бар балаларға қажет мекемелермен қамтамасыз ете алмаса да, дегенмен бұл Республикада арнайы білім беру жүйесі дамуының маңызды бөлігі болып табылады. 1922 жылы Ақмола губерниясында ауытқуы бар балаларға арналған балалар үйі ашылды. 1922 жылы 1-шілдесінде 169 адамнан тұратын ауытқуы бар балаларға арналған бар жоғы 5 балалар үйі жұмыс істеді. Сол уақытта көптеген ауытқуы бар балалар жалпы типтегі мекемелерде қала берді.
3. 1946-1970 жылдар біздің Республикамызда ауытқуы бар балаларға арналған алғашқы сапалы арнайы мектептердің құрылу жылдары болды, себебі арнайы мекемелер жүйесінің кеңеюімен бірге дамуында әр түрлі кемістігі бар балаларға арналған мектептердің тереңдетілуімен кемістіктің түріне сәйкес бөліп оқыту мәселелері шешіліп, ауытқуы бар балаларды қоғамда өмір сүруі мен еңбекке даярлау, оқыту мазмұнын әзірлеу жолдарын іздестірді.1945-1946 оқу жылдарында арнайы мектептер жүйесі: көмекші мектеп интернаты - 1, көрмейтін балаларға арналған мектеп интернаты - 1, естімейтін балаларға арналған мектеп интернаттар - 3. Бірақ соғыстан кейінгі жылдарда ауытқуы бар балаларға арналған оқыту - тәрбие беру жүйесі кеңейтілді. дене және ақыл-ойында кемістігі бар балаларға арнайы білім берумен оларды есепке алу сол уақытта ең өзекті мәселенің бірі болды. 1949-1950 оқу жылдарында шамамен 900-ден аса мектеп жасындағы ауытқуы бар балалар анықталған.1953-1954 оқу жылдарында барлық кемістігі бар балаларға арнайы білім беруді қамтамасыздандыру мәселесі қарнастырылды. Бірақ арнайы мекемелер жүйесін кеңейтуге арналған шаралар жүргізілседе ауытқуы бар балаларды мекемеге қабылдау жоспары орындалған жоқ. оның негізгі себебі қажетті ғимараттардың болмауы. алматы, Семей, Шымкент, Қарағанды қалаларында 7 мектеп-интернаттың ғимараты мен 75-100 естімейтін балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы мекемелер салу жоспарланған.Сол бағытта басталған жұмыстар бірінші күннен нәтижесін көрсетті.1958-1966 жылдары көмекші мектептер саны 2-ден 21-ге дейін өсті. 1960 жылдың қазан айында Кеңес Министрлігі «Ақыл-ойы кем, естімейтін, көрмейтін балаларға арналған мектептер жұмысы мен жағдайын жақсарту туралы» жарлық шығарды.1956-1960 жылы Республикада мектеп жасындағы 1190 ақыл-ойы кем бала, 620 естімейтін 209 көрмейтін бала білім алуан қалды.
4. Арнайы білім беру саласындағы білім мен тәжірибені жүйеге келтіріп, жетілдіру үшін арнайы оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу негізгі шаралардың бірі.

Арнайы білім беру саласындағы білім мен тәжірибені жүйеге келтіріп, жетілдіру үшін арнайы оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын талдау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу негізгі шаралардың бірі.


Отандық арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы өткен ғасырдың 70 жылдарына дейін кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу оларды түзету мен бейімдеу мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстар жүргізілмеді, оның негізгі себептерінің бірі Қазақстанда дефектолог мамандарды дайындау дұрыс жолға қойылмаған еді.
1962-1963 оқу жылынан бастап Қазақстан түлектеріне Киев, Мәскеу, сол кездегі Ленинград қаласындағы педагогикалық институттарында дефектология факультетіне түсу үшін арнайы орындар бөлініп, білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бірақ бұл шара отандық арнайы мекемелердегі мамандарды толығымен қамтамасыз етпеді. Өйткені жоғарыда атап көрсеткендей, сол жылдардан бастап арнайы мектептердің саны біршама артқан болатын.
Өз елімізде дефектолог мамандарды даярлау ең алғаш Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында бастау алды. 1976-1977 жылы бөлім болып, кейін дефектология факультеті ретінде қызмет етіп қазақстандық арнайы білім беру жүйесіне дефектолог мамандарды даярлау тәжірибесінің іргетасы қаланды. ҚазПИ‑дің дефектология факультетін ашуға белсенді қатысып, дамуына үлес қосқан дефектолог ғалымдар: Намазбаева Ж.И., Сүлейменова Р.А., Өмірбекова Қ.Қ., Бектаева Қ.Ж., Буфетов Н.М. және т.б. болды.
Қазақстанда дефектология ғылымының дамуы Ж.И.Намазбаеваның кемтар баланың тұлғасын зерттеу жұмыстарынан басталған. 1971 жылдары ақыл‑ойы кемтар балалардың өзін‑өзі бағалау тұлғалық ерекшеліктерін зерттеген, кейін бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып 1986 жылы психология ғылымының докторлық диссертациясында нақтыланған.
80-шы жылдары психология саласында психикалық дамуы тежелген балаларды зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нақты М.Ш.Адилова кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың психомоторикалық ерекшеліктерін зерттеген, бұл еңбектің психомоториканы дамыту мен түзету теориясы мен тәжірибесіне практикалық маңызы зор болды .
Л.О.Сарсенбаева көмекші мектеп оқушыларының тұлғалық бағытын қарастырса, Л.Х.Макина ақыл‑ойы кемтар балалардың тұлғааралық қарым‑қатынас ерекшеліктерін зерттеу жұмысын жүргізген.
Қазақстан дефектологтары кемтар балалардың тілді меңгеру мәселесін зерттеп бұл салада да құнды еңбектер жазды. Атап айтқанда, Бектаева К.Ж., Өмірбекова Қ.Қ көмекші мектеп оқушыларын тілге оқыту әдістемесі бойынша мазмұндама және шығармалар жазуға үйрету жұмыстарымен толықтырған. Ал математика әдістемесі бойынша Р.А.Сүлейменова ақыл‑ойы кемтар балалардың емеп шығарудағы қиындықтарының ерекшеліктерін зерттеуі мен И.Е.Терехованың көмекші мектепте ондық бөлшектерге оқыту туралы ғылыми жұмыстары өзектілігімен ерекшеленген. Арнайы мектептің негізгі міндеті түлектерін әлеуметтік бейімдеу жұмысын әзірлеу үшін А.Қ.Рсалдинованың ақыл‑ойы кемтар балалардың стандартты нұсқау бойынша жұмыс жасауға үйрету аса маңызды, бағалы еңбек.
Қазақстан дефектологтары кемтар балалардың тілдік оқу мәселесін зерттеп, бұл салада құнды еңбектермен танымал. Соның бірі Өмірбекова Қ.Қ. «Көмекші мектеп оқушыларының жазуындағы қателерінің түрлері» атты жұмысында мектепке дейінгі жастағы қазақ тілді балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктерін анықтауға бағытталған зерттеулер жүргізді. Зерттеу нәтижесінде қазақ тілді ЖСТД балалардың сөйлеу тілінде көптеген кемшіліктер, қателіктер кездесетінін анықтады. Ол кемшіліктер сөйлеу тілінің құрылымдық компоненттерінің барлығына қатысты, атап айтсақ: фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жағы. Сөйлеу тілі дамымаған қазақ тілді балалардың дыбыс айтуын тексеру барысында көбінесе ызың, ысқырық дыбыстардың жиі бұзылатыны байқалады. Қазақ тіліне тән дыбыстардың ішінде: ң, қ, ү, ұ фонемаларын алмастыру, шатастыру жиі кездеседі. Сонымен қатар балалардың фонематикалық қабылдау деңгейі өте төмен екені, ал дыбыстық талдау дағдыларының қалыптаспағанын анықтаған және көмекші мектеп оқушыларын тілге оқыту әдістемесінде мазмұндама және шығармалар жазуға үйрету жұмыстарымен толықтырған.
Арнайы білім беру жүйесінің дамуы туралы ғылыми еңбектер Г.М.Коржова мен А.Қ.Сатованың диссертацияларында көрініс алады. Нақты Г.М.Коржова кемтар балаларды еңбекке баулу жүйесінің даму тарихын анықтаған, ал А.Қ.Сатова дефектолог кадрларын даярлау жүйесінің қалыптасу мен жетілдіру мәселелерін зерттеген. Арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы үшін бұл жұмыстар аса маңызды.
Сондай‑ақ еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте жастан коррекциялық‑педагогикалық көмек көрсету жүйесін әзірлеген қазақстандық ғалым Р.А.Сүлейменованы атауға болады. Оның зерттеуі қазіргі таңда бес деңгей бойынша жүзеге асырылуда:

  1. Сәбилердің психикалық және дене дамуын жаппай тексеру. Ерте жастан көмекті көрсетуді іске асыру үшін жаппай тексеруді (скринингті) перзентханалар мен емханаларда жүргізілуі тиіс. Скрининг – «қатер» тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру.

  2. Скрининг нәтижесінде анықталған «қатер» тобындағы балаларды ата‑­аналарының және өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық‑медициналық‑педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді.

  3. Арнайы бала‑бақшаларды жалпы үлгідегі бала‑бақшалардың арнайы топтарында алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету мекемелердің түзету кабинеттерінде оңалту аймақтарында іске асырылатын түзетушілік жұмыс

  4. Ерте коррекциялық көмек көрсету жүйесін ғылыми‑әдістемелік қамтамасыз ету. Бұл жұмыс барысында барлық мәліметтерді жүйелеп, компьютерге енгізу және ғылыми зерттеу бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыру нәтижелері бойынша нұсқауларды дайындау.

  5. Мемлекеттік құқықтық қамтамасыз ету.

2002 жылы А.К.Ерсарина дамуында ауытқушылықтары бар балаларды ерте жастан анықтау, кеңес берудің психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысып, қажетті әдістемелік нұсқау, құралдарды мамандарға ұсынған. Сонымен бірге, кемтар балаларға ерте жастан көмек көрсету саласындағы А.Д.Жалмұхамедованың мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте жастан білім беруге баулудың, ұйымдастырушы-әдістемелік негіздерін қарастырған еңбегінің мәні зор.
Мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардың дамыту мәселелерін нәтижелі түрде іздестіруде Л.К.Макинаның зерттеу жұмыстары маңызды рөл атқарады. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, балалар үйінің тәрбиелік ортасының спецификасы жасөспірімдердің тұлғалық қарым-қатынастарын қалыптастыруда міндетті түрде көрініс табады. Осы зерттеу жұмыстарына орай бірінші жоспарға интеллектуалдық бұзылыстары бар жетім балаларды өз бетімен өмір сүруге даярлау. Оларды әлеуметік ортаға біріктіру мәселесі қойылып, түзетушілік іс-шаралардың жүйесі ұсынылды (балаларды балалар үйінің жағдайында тәрбиелеу). Зерттеу жұмыстарында есту қабілеті зақымдалған, көру қабілеті зақымдалған тұлғалардың тұлғааралық мәселерін зерттеу ұсынылды.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың мектепке даярлықтарын қалыптастырудағы түзетушілік жұмыстың мәселелерін ашудың аспектілері жаңа, әрі өзекті болып келеді. З.А. Мовкебаева сауат ашуды ары қарай меңгеру үшін кеңістіктік дағдыларды кезеңмен ашқан. Сонымен, балаларды мектепке даярлаудың маңыздығы дәлелденіп, сол тақырып бойынша зерттеу жұмыстары ұйымдастырылып, сөйлеу тілінде ауытқушылықтары бар балаларды мектепке даярлықтарын қалыптастырудың интегративті моделі ашылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет