мектепте кейбір жеке пәндер бойынша оқушы біліміндегі, білігіндегі, дағдысындағы жетіспеушіліктерді жою;
түрлі себептермен мектепке мүлдем немесе белгілі бір уақыт аралығында келе алмайтын оқушыға мектептің базалық курсты оқыту;
қызығушылығы бойынша қосымша білім алу.
Қашықтан оқыту түрлері.
Орындалған талданымдар негізінде қащықтан оқытудың кең тараған түрлері мыналарға негізделген:
инетрактивтік теледидар;
компьютерлік телекоммуникациялық желі (аймақтық, ғаламдық), қолданыстағы конфигурацияның (мәтіндік файлдар, мультмедиялық технология, видеокконференция, телекөпір, онлайын-сабақ...) әртүрлі дидактикалық мүмкіндіктеріне қарай;
Интернет желісі мен компакт-диск бірлігі технологиясы.
Интерактивті теледидар арқылы жүргізілетін оқытудың артықшылығы, ондағы оқытушыдан әртүрлі қашықтықтағы аудиториямен тіклей бейнелік жанасу мүмкіндігінде. Оның кемшілігі сонда, осылай оқытқанда кәдімгі сабақпа, әлде қазіргі заманғы педагогикалық технология қолданылған ба, оған қарамастан сабақтың тиражы көбейтіле береді. Мұғалімдер мен оқушылар жаңа білім игерудің, өзне қажет әдстердің, жаңа ақпараттық технологияының, куәгері немесе қатысушысы боларда, дискуссияға қатысарда, тамаша бір әдістеме немесе лабораториялық жұмыс көрерде осы интерактивтік теледидардың пайдасы зор. Қашықтан оқытудың осы формасы интерактивті және мамандар дайындау мен квалификациясын көтеруде болашағы зор. Бірақ, қазіргі мезетте бұл өте қымбат технология болып отыр.
Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың келесі тәсілі компьютерлік телекоммуникацияны электрондық почта, телеконференция, аймақтық мен Интернет желісінің ақпараттық қорлары тәртібінде пайдалануды ұсынады. Бұл қашықтан оқытудың кең тараған және арзан түрі. Оны ұйымдастыруда телекоммуникациялық технологияның жаңа құралдарын қолдану қарастырылған.
Үшінші тәсілде базалық электрондық оқулық ретінде кмопакт-дискілерді пайдалану ұсынылады. Ол ЖОО-ры мен мектепте білім беруге және мамандардың білімін көтеруге арналған зор дидактикалық мүмкіншіліктерге ие. Компакт-дискілердің артықшылығы мынады;
инетрактивтік;
мультмедиялық;
ақпараттың үлкен көлемін қамтиды және осының есебінен қашықтан оқытуды елеулі түрде оңтайландырады.