Кіріспе бөлім Зерттеу сұрағы: Көшпелі мал шаруашылығы. Атқа міну мәдениетінің генезисіне шолу: Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті. Көшпелілер туралы түсінік, алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Археолог ғалымдар 6000 жыл бұрын жылқының қазіргі Қазақстан жерінде тұңғыз рет қолға үйретілгенін дәлелдеді. Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі, Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгені дәлелденді 1.Жылқының қаңқасы. Б.з.д IV-III мыңжылдықтағы Ботай жылқысының сүйек қаңқасы орталықтағы аса құнды жәдігер болып табылады. Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таң қалдырған. 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелген. Нәтижесінде Ботай аттары бұрынғыдан белгілі жылқылар түріне жатпайтыны, олардан ерекше екендігі анықталды. (авторы археолог, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберт). 2.Берел жылқысы. Сонымен қатар ХХ ғасырдың аяғында бүкіл әлемнің назарын өзіне аударған археологиялық сенсация, сән-салтанатымен жерленген Берел жылқысының реконструкциясы да ұсынылып отыр. 3.Келесі жәдігерлер – сақ, ғұн, түркі және қазақ ер-тұрмандарының реконструкциясы. Сонымен қатар аттарды кастрация жасауға арналған құралдар. Доместикация – жануарларды қолға үйретіп, олардың шаруашылық маңызы бар белгілері бойынша жаңа тұқымын алу. Арқан езуге арналған тас. Тұсау.