Реферат тақырыбы: «Атқа міну мәдениеті генезисінің пайда болуы»


Ежелгі адамдардың өміріне саяхат



бет2/5
Дата10.12.2023
өлшемі4,71 Mb.
#136488
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тарих 3 бөж

Ежелгі адамдардың өміріне саяхат







4
1.1 Қазақ даласында атқа міну мәдениеті қашан пайда болды
Ең алғаш атқа міну мәдениеті қазақ жерінде басталғаны Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған жылқы сүйектерін зерттеу негізінде дәлелденді. Мұнда табылған аттардың азу тістерінде ауыздықтың ізі қалған. Ол жерден сол замандағы ат әбзелдері, кәдімгі құрық, теріден тігілген шалбар, тізеден асатын тері етік, тымақ та табылған. Британиялық ғалымдар ботайлықтар тұтынған керамикалық ыдыстардан қымыздың жұғынын анықтаған. Бұдан ботайлықтар жылқыны мініс көлігі ретінде пайдаланып қана қоймай, бие сауып, қымыз ашытып, шипалы сусын өндіруді де меңгергенін көре аламыз. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дəуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дəлелдеді. Ата-бабаларымыз жылқыға қатысты ашылған барлық жаңалықтың бастауында тұр. Демек, атқа міну мәдиениеті Ұлы даладан тараған деп айтуға толық негіз бар. Петербург академиясының академигі, түрколог, этнограф, шығыстанушы В.В. Радлов қазақ өлкесінің зерттелуіне үлкен үлес қосты. Атқа міну мәдениетінің қазақ жерінде дамығанын өткен ғасырлардағы зерттеушілердің еңбектерінен көре аламыз. Мысалы, Орталық Азияны, оның ішінде Қазақстанды зерттеуде академик В.В.Радловтың еңбегі маңызды. Ол өзінің қазақ жеріндегі зерттеулері жазылған күнделігін «Из Сибири» еңбегінде жариялады. Бұл еңбектің «Тюркские степные кочевники» деп аталатын бесінші тарауында қазақ этнографиясы, оның ішінде мәдениеті жайлы көп айтылады. В.В.Радлов зерттеулерін Алтай қырғыздарымен, яғни қара-қызғыздармен салыстыра отырып зерттеп, сипаттап жазды. Қазақтардың материалдық мәдениетінің жай-күйі қоғамның көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Материалдық мәдениеттің маңызды дерегі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет