Реферат Тақырыбы: "Ауыл шарушалылық жерлерін тиімді пайдалану "



бет2/3
Дата14.09.2023
өлшемі96,5 Kb.
#107401
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану

Жел эрозиясы (дефляция) дегеніміз топырақтың жел әсерінен бұзылып, ыдырап, шаң болып ұшып, бүлінуі.
Қазақстанның көпшілік жерінің табиғи-экологиялық жағдайы, топырақ жамылғысының ерекшеліктері жел эрозиясының дамуына ықпалын тигізеді. Топырақтың жел эрозиясына шалдығуының басты себебі- мерзімді түрде қайталанып отыратын ауа райының құрғақшылығы және шапшаңдығы жоғары қатты желдің жиі соғуы. Сонымен бірге жер бедерінің жазық, тегіс болып, орманды алқаптардың сирек кездесуі жел әсерінің топыраққа ықпалын арттыра түседі. Осылармен бірге жел эрозиясының дамуына топырақтың қасиеттеріде септігін тигізеді. Әсіресе гранулометриялық құрамы жеңіл (құм, құмдақ, жеңіл саздақ), қарашіріндісі аз, біріккіштігі шамалы, үстіңгі қабатында карбонаты бар топырақтар жел эрозиясына тез шалдығады. Егістік алқаптарда көктемде өңделіп, бапталып тұқым себілген, өсімдіктері жаңа көктеп, жер бетін толық жаппаған танаптар жел әсеріне төзімсіз болып, эрозияға тез ілігеді.
Топырақтың жел эрозиясы екі түрге бөлінеді. Олар:
шаңды боран (қара дауыл)
күнделікті (жергілікті).
Шаңды боран (қара дауыл) желдің шапшаңдығы 10-20 м/сек дәрежеге жеткенде байқалып үлкен ауданды қамтиды. Зияны көп болады. Жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтар желдің шапшаңдығы 6 м/сек болсада эрозияға ұшырайды. Мысалы қара дауылдар 1960 жылы Украинада, Қырымда, Кавказ таулары баурайында, Қазақстанда байқалып үлкен кесапатын тигізді. Павлодар облысында 1962 жылы жел эрозиясы 628,6 мың, ал 1963 жылы – 1млн.68 мың гектар алқапты қамтыды. Осы екі жыл ішінде 600 мың гектар алқап бүлініп, жарамсыз болып егістіктен шығарылды (Г.Г.Берестовский, 1969).
Күнделікті (жергілікті) жел эрозиясы шамалы ауданды қамтиды. Топырақ бетінде майда бөлшектерден құралған сырғыма шаңды боран байқалады. Шаңның ауаға көтерілуі адам бойының биіктігінен аспайды. Осы эрозияға әсіресе қыраттар, жел өтіндігі беткейлер жиі шалдығады. Ұшқан шаң, топырақ бөлшектері көктеп келе жатқан әлсіз өсімдіктерге залалын тигізеді (жапырақтарды тесіп, шеттерін жұлып, немесе түгелімен қиып түсіреді). Осы эрозияға шалдыққан топырақта құм бөлшектер молайып, майда пайдалы бөлшектер кемиді. Топырақ біртіндеп, жылдан жылға өз құнарын төмендете береді.
Топырақтың жел эрозиясы қары жоқ, немесе қары шамалы алқаптарда қыс мезгілінде де байқалады. Орман жолақтары мен жол тораптары жиегіне, не басқадай тосқауылдар жанына қыста жиналған топырақ араласқан «қара» қар осы қысқы жел эрозиясының белгісі.
Топырақтың шаң болып ұшып, эрозияға ұшырауы себебін (механизімін) ғалымдар зерттеп, анықтаған (Конке, Бертран, 1962, А.И.Бараев, 1975). Топырақтың майда бөлшектерінің жер бетінен көтеріліп шаң болып ұшуы келесі жолмен жүреді. Топырақтың ең үстіңгі бетінде, шамамен 0,2-0,4 мм биіктікте желдің шапшаңдығы нольге тең, ал биіктік біртіндеп өскен сайып желдің шапшаңдығы күрт артады. Көлемі әр түрлі топырақ бөлшектері желдің әсеріне ерекше ілінеді. Майда, көлемі 0,1 мм кіші бөлшектер жел әсеріне ілікпей тыныш қалпында болады. Ал диаметрі 0,1-0,5 мм бөлшектер жел әсеріне ұшырап, қозғалып бірте-бірте айналмалы қозғалысқа түседі (43-сурет). Олардың айналмалы шапшаңдығы 1сек 200-1000-ға дейін жетеді. Айналып қозғалған түйіршіктің үстіңгі жағының шапшаңдығы желдің шапшаңдығынан асып түседі, ал оның астынғы жағы желге қарсы қозғалады. Шыр көбелек айналған түйіршік қоршаған ауаны өзімен бірге ілестіріп алып қозғалысқа келтірді. Сондықтан түйіршіктің үстіңгі жағында ауа жетіспеушілік (вакуум), ал түйіршіктің астынғы жағында ауа қысымы пайда болады. Осы ауа қысымының екі өзгерісі топырақ түйіршігін жерден көтеруге бағытталады (44-сурет). Сондықтан түйіршік жер бетінен секіріп ауаға көтеріледі. Бірақ көлбеу бағытталған қозғалыс инерциясы әсерінен түйіршік ауаға 75-900-ты бұрыш жасап 15-30 см, кейде 60-90см биіктікке көтеріледі. Көтерілген сайын оның айналуы кемиді, желмен біршама ұшып, жоғары көтеріліп секіруіне себебші күштің жойылуына байланысты түйіршік біртіндеп топырақ бетіне 6-120 бұрыш жасап құлайды. Бұл құлаған түйіршіктердің салмағы мен күші әр түрлі. Құлаған түйіршік үлкен түйіршіктерге түсіп олардың үгіліп майдалануына әсер етеді, яғни ұсақ, эрозияға төзімсіз бөлшектердің санын күрт арттырады және жел әсеріне шалынбаған майда түйіршіктерді тыныштық аймағынан қозғап шығарып жіберді. Осы себептер әсерінен топырақ беті біртіндепқаттышаң боранға айналады. Өте майда бөлшектер аспанға жоғары көтеріліп басқа алқаптарға, аудандарға барып шөгеді.
Диаметрі әр түрлі топырақ түйіршіктеріне желдің ықпалы қатты әсер етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет