3. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жоспар Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жоспар (ҚжЕҚ) келесі іс-шараларды қамтиды:
Материалды бекіту үшін, сондай-ақ оны жұмыста қолдану үшін желілік қызметкерді техникалық оқытудан өткізу.
Қауіпсіздік техникасы ережелерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану ережелерін сақтау; жарақаттануды және жазатайым жағдайды болдырмау мақсатында қызметкердің білімін біліктілік тексеруден өткізу.
Қауіпсіздік техникасы бойынша қателіктерді болдырмау және қайталау мақсатында жұмыс орнында нұсқаулық өткізу.
ҚжЕҚ саласындағы міндеттер үшін жауапты мамандарды ҚжЕҚ бойынша уақтылы оқытудан өткізу.
Қауіпсздік шараларын сақтау, сондай-ақ мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында жіберілген жазатайым жағдайлар бойынша техникалық кеңестер және талдау жүргізу.
Санитарлық нормаларды және ережелерді, есептеуіш техникаларда жұмыс кезіндегі ережелерді сақтау, кемшіліктерді анықтау және уақтылы жою мақсатында жұмыс орындарында (аралау, тексеру) іс-шаралар өткізу.
Қолайлы еңбек жағдайларын жасау бойынша іс-шаралар өткізу.
Слесарлық-монтаждық аспаптарының сапалы сынақ өткізуі және бақылау.
Қызметкерге жұмысқа рұқсат беру мақсатында міндетті медициналық қарауды ұйымдастыру және өткізу.