Реферат Тақырыбы: Қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы заңдардың орындалуын бақылау Орындаған: Сайлау Думан


Мемлекет еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері



бет3/7
Дата16.02.2022
өлшемі30,98 Kb.
#25613
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1Еңбек қорғау Сайлау Думан ТЭК 310

Мемлекет еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері

Мемлекет еңбек инспекторлары:

1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарын сақтау бойынша дер кезінде және сапалы тексерулер жүргізуге;

3) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарының анықталған бұзушылықтары туралы оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін жұмыс берушілерді, ұйымдардың басшыларын, лауазымды адамдарды хабардар етуге, кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізуге;

4) Ұйымдардың Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңының сақталу жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерін жинауды, қорытындылауды, жүйеге келтіруді және талдауды жүзеге асыруға;

5) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау туралы заңдары мәселелері жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;

6) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бақылауды жүзеге асырған кезде азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;

7) Қазақстан Республикасының заңдарының бұзылу фактілері туралы өз құзыреті шегінде уәкілетті органды және басқа да мемлекеттік органды хабардар етуге;

8) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарының бұзылу фактілері туралы соның ішінде жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуы тоқтатылған кезде материалдар әзірлеуге және оларды құқық қорғау органдарына жіберу;

9) азаматтардың, ұйымдардың, еңбекті қорғау туралы заңдардың мәселелері жөніндегі арыздарын, өтініштері мен ұсыныстарын дер кезінде қарауға;

10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында біліктілік талаптарына сәйкес қажетті әзірлі болуға;

11) өзінің лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде алған мемлекеттік құпияларды, қарайтын мәліметтерді, қызметтік коммерциялық жария етпеуге міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет