Реферат тақырыбы: «Қазақ тілін оқытуға қойылатын талаптар»



бет2/2
Дата18.03.2023
өлшемі117,31 Kb.
#75332
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Джумагалиева Бинур-201-СРС

Қазақ тілі сабақтарында оқытушы атқаратын негізгі әрекеттер 
Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Сондықтан қазақ тілін оқыту үдерісін жоғары дидактикалық талаптарға сай деңгейде ұйымдастыруды бүгінгі заман талап етеді. 
Қазақ тілі сабақтарына қойылатын талаптардан сабаққа дайындық кезінде және сабақ жүргізу барысында оқытушы атқаруы тиіс негізгі әрекеттер туындайды. 
1. Қазақ тілі сабақтарына дайындық жұмыстарын жүргізу 
1. Негізгі, базалық лексика-грамматикалық деректерді нақтылап алу; 
2. Бұрын өткен сабақтардан тағы қайталауға тиісті материалдарды (негізінен грамматикалық) анықтап алу; 
3. Сабақтарда сезімдеріне үйлесімді әсер ететін көрнекілік тәсілі қолданылады және бейнелі көрнекіліктерді, жағдаяттық жаттығуларды, әсіресе, рөлдік ойындарды орындау кезінде оқушылардың тәжірибесі мен қиялы көз алдына елестетумен байланысты дамытылады. Ж.Аймауытов: «Көзге көрсетілмей ұғындырылғанның бәрі мағынасыз бос сықылды. «Көз көрмегеннің бәрі бекер» дейді жұрт. Балаға үйретілетін нәрсенің өзі, болмаса, оның тұрпаты көрсетіліп, ұғым беріледі. «Көрнекі оқыту» деп осыны айтады», - деп жазады. Соған байланысты жаңа сабақты меңгерту үшін көрнекілік құралдар (слайдтар, диафильмдер, суреттер, карточкалар, сызбалар, модельдер т.б.) дайындап алу қажет;
4. Жаңа сабақта қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық құралдарды (компьютерлер, электронды тақта, веб-проектор, компьютерлік, мультимедиалық оқу, тексеру, ойын, тренажерлық бағдарламалары т.б.) сайлап алу; 
5. Өтетін жаңа грамматикалық тақырыпқа байланысты білімді бекіту үшін бірнеше қатысымдық жағдаяттық ойын түрлерін дайындап алу; 
6. Берілген әрбір жаттығуды қатысымдық талаптарға сай орындату жолдарын ойластырып алу; 
7. Сабақ барысында кездесетін жекелеген дыбыстарды дұрыс айту дағдысын қалыптастыру үшін бірнеше ойындар, өлең немесе ән т.б. дайындап алу; 
8. Әрбір оқушыға лайықтап жеке қатысымдық тапсырмаларды сұрыптап алу. Жұптық, топтық тапсырмаларды орындату кезінде оның қатысушы мүшелерін үнемі ауыстырып отыру қажет; 
9. Үйге қандай тапсырма беру керектігін (нақты орындайтын жаттығуды, қандай тақырыпта шағын шығарма жазуды) анықтап алу керек. Үйге берілетін тапсырмалар қызықты, әсерлі болуы тиіс. Мысалы, белгісіз өткен шақты оқыған кезде - «Өзің көрген бір түсіңді әңгімелеп бер» немесе шартты райды оқыған кезде – «Мен бастық болсам, не істер едім?» тақырыптарында шығарма жазып кел» т.с.с. тапсырмалар; 
10. Сабақтың толық жоспарын жасау, яғни орындалатын жұмыстардың ретін, әрқайсысына қанша уақыт бөлу керек екендігін нақтылап алу. Жоғарыда аталған жұмыстардың түрлері сабақ жоспарын құрайды. Оқытушы әр сабақтың алдында мақсатты түрде аталған жұмыстардың барлығын тиянақты орындап отырса, ол сабақтың қызықты да сапалы өтуіне жағдай жасайды. Нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген ынталары арта береді. 
2. Қазақ тілі сабақтарын жүргізу жолдары 
1. Сабақты тым ресмилендірмей, күнделікті қарым-қатынас кезіндегі тәрізді өткізу қажет. Ол негізінен оқытушының сабаққа дайындығына, кәсіби шеберлігіне байланысты жүзеге асады. Топпен жақсы таныс, материалды мүлтіксіз меңгерген оқытушының сабағы неғұрлым қызықты өтеді; 
2. Сабақ әрқашанда жоғары көңіл-күймен басталуы керек. Оқытушының сабақтың басында оқушылармен сәлемдесуі, қызу әңгімеге шақыруы оқушылардың көңілін сергітеді, сенімдерін тудырады; 
3. Сабақтың жүргізілу ырғағы өте маңызды. Ол жеткілікті дәрежеде жоғары болуы тиіс, алайда, сабақтың басынан аяғына дейін бірдей дәрежеде болмайды. Неғұрлым белсендіру керек екен деп, оқытушының күші сарқылып, тіл үйренушіге тым артық күш түсіріп алудан аулақ болу керек. Ырғақтың баяулауы мен жылдамдауы аралас түрде келіп отыруы қажет. Қызу пікірталастан кейін тыныш грамматикалық ойындар кезектесіп келіп отыруын қадағалаған жөн; 
4. Тілдік жағдаятқа байланысты берілген тапсырмалар тіл үйренушіге шынайы өмірдегідей әсер етуі тиіс; 
5. Оқушылар тапсырмаларды орындап болған кезде, оқытушы өзінің қорытынды пікірін білдіреді, олардың шамалы жетістіктерінің өзін мақтап, көтермелеп отырады; 
6. Сабақ барысында оқытушы оқушылардың белсенділіктерінің төмендемеуін, жағымды эмоционалды тонустарының сақталуын қадағалап отыруы қажет. Ал белсенділіктерінің төмендеуі байқалған жағдайда, қысқа үзіліс жариялап немесе ән айтқызып, ойындар ұйымдастырып жіберуі керек; 
7. Оқытушы оқушылардың жіберген қателіктерін ептілікпен түзетіп отыруы керек; 
8. Оқушылардың үй тапсырмасын орындауларын, тілдік портфельдерін толықтырып отыруларын тексеруді әр сабақтың басында әдетке айналдыру қажет. Себебі, тек қатаң бақылау, тексеру болған жерде ғана сапалы нәтижеге қол жеткізуге болады. 
Қорытындылай келе айтарым,еліміздің бүгінгі таңдағы басты мақсаты – өркениетті елдің қатарына көтерілу болса, оған жетудің бірден- бір жолы әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. 
Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді.Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үрдісін жетілдіру, инновациялық технологияларды өмірге әкелу, жан-жақты дамыған, рухани жетілген жас ұрпақты қалыптастыру – кезек күттірмейтін мәселе. 
Елбасы Н.Назарбаевтың «... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткізгісіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет»деген сөзі егеменде елімізде білім, ғылым мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғаны дәлелдеп көрсетеді. 
Ғылым адам баласы ой-санасының, дүние танымының өсуі не байланысты бірте-бірте дамып, қалыптасады. Ендеше оқыту әдістеріінің болашағы зор, әлі көп қырлары ашылмаған, әр күннен үміт күтетін ғылым саласының бірі деп білгеніміз жөн. Өйткені оқыту әдістері – жылжымалы, құбылмалы, замани құбылыс. Заманымен, қоғамымен бірге әдістер де жаңарып, жасарып отырады. 
Себебі, оқыту әдістері сапалы білім беру мен жарқын болашақтың кепілі. Осы жолда шығармашыл, білімді ұстаздарымыздың, ғалымдарымыздың, талай асуларды бағындырып, жаңалықтар ашарына біз кәміл сенеміз. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. А.Т.Сатыбаева, Г.Қ. Сатыбаева Қазақ тілін оқыту әдістемесі Астана: «Фолиант» баспасы 2008 жыл 232 бет.
2. Рахметова Қазақ тілін оқыту методикасы Алматы Ана тілі 1991ж. 179 б. 
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі Б.Құлмағанбетова, А.Исанова, М.Исанғарина, М.Көккөзова, Р.Құрманғалиева, П.Айтжанова Алматы Білім 2000ж. 140 бет.
4. Б.Құлмағамбетова қазақ тілін оқыту методикасы Алматы мектеп 1988 жыл 209 бет.
5. Қадашева қазақ тілін оқыту әдістемесі Алматы Мұрагер 2005 жыл 173 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет