Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары алдын ала әзiрленiп жасалады, өткiзiледi.
Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары аумақтарды, елдi мекендердi, өнеркәсiп аймақтарын аудандық жоспарлау және оларда құрылыс салу схемалары мен жобаларын жасау кезiнде, ұйымдардың құрылысын салу, кеңейту, қайта құру және техникамен қайта жарақтандыру жобаларында көзделуге тиiс.
Аймақтарды дамытуға, аумақтарда құрылыс салуға, елдi мекендер мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн салуға және қайта құруға арналған жобалау-смета құжаттамасы төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық органдармен келiсiледi.
Азаматтық қорғаныс күштерiнiң құрамы Азаматтық қорғаныс күштерi Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнен, аумақтық, объектiлiк құрамалар мен Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамаларынан, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жедел-құтқару отрядтарынан тұрады.
Азаматтық қорғаныс күштерi бейбiт уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi Мемлекеттiк жүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады, ол туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Құтқару жұмыстарын жүргiзу кезеңiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң бөлiмдерi мен бөлiмшелерi, ведомстволық мамандандырылған авариялық-құтқару, авариялық-қалпына келтiру, әскерилендiрiлген және басқа да құрамалар бөлiнуi мүмкiн, олар жұмыстарды орындауды құтқару жұмыстарының жалпы басшысының жедел басшылығымен жүзеге асырады.
Бөлiнген күштер оқып-жаттықтырылған, техникамен, жабдықтармен жарақтандырылған және iздестiру-құтқару жұмыстарын дербес жүргiзуге сақадай-сай болуға тиiс.
Азаматтық қорғаныс күштерiн пайдалану тиiстi деңгейлердегi Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерi мен олардың бейбiт және соғыс