Реферат тақырыбы: Азаматтық қорғанысты хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі



бет1/3
Дата14.09.2023
өлшемі24,13 Kb.
#107682
түріРеферат
  1   2   3

«Георгиевка орта мектебі» КММ


РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Азаматтық қорғанысты хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі.

Тексерген: Рахимгалиев Д.М.


Орындаған: Хамитова А

2016-2017 оқу жылы


Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының 24-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтар «Баршаңыздың назарларыңызға!» дабылы бойынша іс-қимылдарының тәртібін білуге және орындауға тиісті. «Баршаңыздың назарларыңызға!» атты дабыл - сиреналар және өзге де дабыл құралдары арқылы берілетін азаматтық қорғаныстың бірыңғай белгісі. Осы дабыл бойынша халық теледидар, радио және өзге де ақпарат қабылдау құралдарын қосып, берілген ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен тәртіп ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті...» Радиохабар тарату, теледидар, хабарлаудың жылжымалы құралдары арқылы сөйлем ақпаратты беру - хабарлаудың негізгі әдісі болып табылады. Назар аудару үшін сөйлем ақпарат беру алдында сиреналар, өндірістік гуіл және өзге де дабыл беру құралдары қосылады. Сонымен «БАРШАҢЫЗДЫҢ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА!» атты ескерту дабылының қосылғанын білдіреді. Сол дабыл бойынша тұрғындар шұғыл хабарламаны тыңдау үшін радио және теледидар қосып, хабар таратудың жергілікті арнасына келтіруге , ресми органдарының талаптарын орындауға міндетті. Төтенше жағдайлардың қаупі немесе пайда болу кезінде мамандар радио мен телехабар жүргізу торабы арқылы қажетті мәліметтерді және әрекет ету тәртібін хабарлайды. Егер дабыл беру кезінде жұмыс орнында болсаңыз, жұмысты тоқтатып, жабдықты өшіргеніңіз жөн. Радио және теледидарды қосып, шұғыл хабарламаны тыңдағаныңыз дұрыс. Алған хабарламаға сай, басшылардың нұсқауы бойынша әрекет етіңіз. Дабыл беру кезінде үйде болсаңыз хабарламаны тыңдап, соған сәйкес әрекет жасап, көршілеріңізге хабар беруіңіз қажет. Дабыл берген сәтте көшеде болсаңыз дауыстап сөйлейтін немесе жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдап, хабарламаға сәйкес әрекет жасаңыз.Азаматтық қорғаныстың дабылы бойынша жедел, абыржымай және үрейсіз әрекет етуді есте сақтаңыз. Қысылтаяң жағдайда әр минутыңыз қымбат екенін естен шығармаңыз.Халықты қорғаудың ұжымдық құралдарытұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі- адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады.Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал фильтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет