Қазақстанның Болон процесіне қосылуы. Болон процесінің толыққанды қатысушысы болып 2010 жылдың 11 наурызында Қазақстан Болон декларациясына қол қойды. Қазақстанның Болон процесіне қатысуының негізгі мақсаты - Еуропа біліміне қолжеткізуді кеңейту және оның сапасын көтеру. Қазақстанның Болон процесіне қатысуының негізгі мақсаты – еуропалық білім беруге қол жетімдігін кеңейту, отандық білім сапасын ары қарай жоғарылату, жоғары білімнің тиісінше сатыларын енгізу және кредиттер жүйесін қолдану, отандық жоғары оқу орындарын бітірген түлектерге жалпы еуропалық диплом қосымшасын беру арқылы студенттер мен оқытушылық құрамның академиялық икемділігін жоғарылату. Болон процесіне қосылу Қазақстанның жоғары мектебінің дамуының негізгі бағыттары мен артықшылығын анықтады. Әлемдік білім кеңістігіне ену ұлттың зияткерлік потенциалы мен бәсеке қабілеттілігі қарқынды түрде өсуіне себепкер болады. Қазақстан өзіне алған міндеттемелері бойынша 2020 жылға дейін келесі іс-шаралар атқарылуы тиіс: «ашықтылықты» қамтамасыз ету, біртипті білім циклдерін кең ауқымды тарату арқасында барынша жоғары түрде салыстыру, бірыңғай білім несиелерінің жүйесін енгізу, алынып отырған біліктілікті арттыру мамандықтарының бекітілген қалыптарының бірдей болып келуі және екіжақтылығын қабылдау, мамандардың білім сапасын қамтамасыз ететін дамыған құрылымдарды құру және т.б.
Кредиттік оқу жүйесінің негізгі бағыттары: - жоғары оқу орындарының классикалық дәстүрлерін сақтай отырып жоғары сапалы білім беру: алған білімнің іргелілігі, жүйелілігі, білім беру үрдісінің сабақтастығы, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беретін көп нұсқалылығы; - басқа білім беру мекемелерімен білім беру нәтижесін салыстырып, оның жақсы нәтижелерін бірлесе мойындай отырып іске асыру үрдісіне енгізуге қол жеткізу; - білім алудың сабақтастығына үнемі қолдау жасап отыру; - білім берудің тұлғаландырылған (жеке тұлғамен тікелей жұмыс істеу) қағидасын жүзеге асыру; - студеттердің ілімді жылдам қабылдауға қалыптасуына қол жеткізу. Қазақстанның Болон процесіне қосылуы қазақстандық білім беру бағдарламаларының танылуын, студенттер мен оқытушылардың академиялық икемділігін, отандық дипломдардың еуропалық аймақта мойындалуын, отандық түлектердің кез-келген елде жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеді. «Академиялық икемділіктің» дәстүрлі шетелдік іссапарлардан айырмашылығы біріншіден, студенттер шектеулі болса да ұзақ мерзімдерге, яғни бір семестрден бір жылға дейінгі мерзімге барады, екіншіден, ондай тағылымдама кезінде олар тек тілді емес, толыққанды сабақ оқып мамандық бойынша білім мен біліктерді меңгереді, ол жерде меңгерілген кредиттер оған отандық өзі түскен оқу орнындағы оқу жүктемесіне енгізіліп есептеледі. Қазақстанның Болон процесіне қосылуы қазақстандық университеттер үшін екі дипломдық білім беру, академиялық курстарды өзара тану, халықаралық аккредитация сияқты және т.с.с. бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру үшін зор мүмкіндіктер ашады.
Қазіргі уақытта екі дипломдық білім беру бағдарламасы еліміздің 37 жоғары оқу орнында іске асуда және келесі жоғары оқу орнында түлектер шығарылды. Шетелдік университеттермен бірлескен екі дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жоғары білім туралы қазақстандық дипломдардың халықаралық деңгейде танылуы, отандық университеттердің халықаралық рейтингтерге енуі және т.б. білім беру жобаларына қатысуы міндеттері шешілетін болады. Соңғы жылдары еуропалық елдердің тәжірибелері зерттелді және ең маңызды және жағымды үрдістер отандық тәжірибеге бейімделіп енгізілді. Республикамыздың жоғары оқу орындарын Болон процесіне кең тарту мақсатында еліміздің Білім және ғылым министрлігі жыл сайын кредиттік оқыту технологиясы бойынша халықаралық және республикалық семинарлар өткізуде. Қазақстаның Болон процесіне қосылуы тарихи оқиға болып табылады және жоғары кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін модернизациялауға жаңа серпін берді. Ынтымақтастық және әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану – бұл Қазақстанның саясатының негізгі аспектілерінің және елдік сыртқы саясаты дамуының бірі болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:
Игібаева А.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ой-пікір мен білім беру тарихы (IX ғ -XXғ 50-ші жылдары). - Өскемен, 2012.
Игенбаева Р.Т. Жоғары мектеп педагогикасы. - А.: Эверо, 2008
Жоғары мектеп педагогикасы., Шалғынбаева Қ.Қ., Албытова Н.П., Сламбекова. Т.С.