Реферат Тақырыбы: Қазақстан республикасындағЫ



бет2/3
Дата03.11.2023
өлшемі38,9 Kb.
#122012
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Қаз жоғ, мектеп

Қазақстанда жоғары мектеп педагогикасы мен жоғары оқу орындарының дамуы.

Жоғары мектеп педагогикасының қалыптасуында Я.А. Коменскийдің «Академия» еңбегіндегі оқытудың қағидалары мен әдістері: студенттерге адамзатта бар білімді меңгерту, оларға ғылымның негізін үйрету; студенттерді оқытуға тек ғалымдар мен профессорларға рұқсат беру; Академияда барлығына қол жетімді кітапханалардың болуы туралы идеялары маңызды роль атқарған. Дж.Локктың дамыта оқыту, оқытуда жеке-дара тұрғыдан қарау, дербес ойлауды дамыту туралы идеялары, И.Гербарттың оқыту үрдісін басқару, адамгершілік тәрбие, тәрбиелей оқыту, тәрбиедегі талап қоюшылық пен қаталдық туралы идеялары, А.Дистервегтің мұғалімдерді даярлау туралы идеялары ерекше маңызға ие болды.


XIX ғ. Ресейде университеттегі оқу мен ғылыми бастамаларының тұтастығы туралы, ғылыми мен қолданбалының, білімнің тәжірибе қажеттілігімен және өмірмен байланыстылығы туралы; педагогтың шығармашылық ойлауының, студенттерді тәрбиелеу ісіне сүйіспеншіліктің маңыздылығы туралы; сабақ берудегі проблемалық тәсілді күшейту қажеттілігі туралы К.Д. Ушинский, НА. Добролюбов, Д.И. Писарев, Н.Г. Чернышевский, Н.И. Пирогов, Д.И. Менделеев, К.А. Тимирязев және т.б. идеялары үлкен беделге ие болды. Сөйтіп, ғасырлар бойы дамып келе жатқан педагогикалық идеялар жалпы және жоғары мектеп педагогикасының негізін қалады. Бірақ қоғам дамуының өзгерісіне орай жоғары мектеп педагогикасы да ары қарай зерттеуді және дамытуды қажет етеді. Қазақстандағы жоғары мектеп тарихы 1917 жылы қазаннан кейінгі бұрынғы КСРО жерінде болған өзгерістердің көрінісі. Тұрғындардың көпшілігіне ғылымның биік шыңына жетуіне жол ашылды, себебі оқудың барлық сатысында тегін білім алуға мүмкіндік болды. Бір ескеретіні, белгілі тарихи және экономикалық жағдайда кеңестік жоғары мектеп өзінің құрылысы жағынан классикалық жоғары білім беру жүйесінен ерекшеленді.
1917 жылы 15-ші қарашадан 22-қарашаға дейінгі уақытта Ташкент қаласында Түркістанның өлкелік кеңесінің үшінші сьезі өтті, онда осы өлкенің тарихында алғашқы жоғары оқу орнын ашу туралы қаулы қабылданды. Бұл жобаны кең түрде қарастыру үшін 1918 жылы ақпан айында Ташкентте жиналыс болып өтті. Бұл жиналысқа ғалымдар, инженерлер, дәрігерлер, заңгерлер мұсылман қоғамы, мұғалімдер және басқа зиялы өкілдер қатысты. Түркістанның халық университеті сол дәуірдің түсінігінде оқу орны дәстүрлі емес типке жатты. Бұнда жоғары оқу орындарының факультеттерімен бірге орта кәсіптік-техникалық мамандықтарды даярлау үшін курстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оның құрамына бастауыш, жалы білім беретін және кәсіби мектептер кірді. Оқу кешенінің жанында балалар алаңы болды. Түркістан халық университетін ұйымдастырушылары өздерінің шешетін міндеттерін және оның шектен тыс мүдделерді қамтитынын түсінді. 1920 жылы 7 қыркүйекте В.И. Лениннің басшылығымен ХКО-ның ―Түркістан Мемлекеттік университетінің мекемелері туралы декретке қол қойды. Түркістан ӛлкесінде бұл бірінші жоғары оқу орны еді. Кейінірек Орта-Азиялық Мемлекеттік университеті (САГУ) деп қайта аталды. Орта Азия және Қазақстан жерінде жоғары мектепті құру, жер мәселесінің сұрақтарын күрделендіре түсірді. Орта Азия және Қазақстан республикасында жоғары мектептің қалыптасуы, сондай-ақ, этномәдениет жағдайларының ерекшеліктерін анықтады. Ұлттық мемлекет құрылысы тұрғындардың бір деңгейлі құрамы жағдайында ӛтті. Ғалым-демографтардың мәліметтері бойынша, этникалық келеңсіздік, ең алдымен, тұрғындардың миграциялық белсенділігі және республика тұрғындарының құрамы жағынан жинақталу ерекшеліктері қарастырылды. Сонымен бірге халықтың білім деңгейі де әртүрлі болды. Сөйтіп, білім беру жүйесінің көп ұлттылық құрылысының тәжірибесі болмады. Сондықтан, көптеген сұрақтармен бірге, жоғары оқу орнында тілді оқыту мәселесі тұрды. Бұл мәселе әлі күнге дейін назардан қалған жоқ.
Қазақстанда орта білімі бар жас адамдар санаулы ғана болды. 1920 жылғы санақ бойынша 183 мұғалім жоғары оқу орнын бітіргендер болды, бұл 8.1 пайыз (%) көлемін құрады. Сондықтан да ең алдымен жоғары оқу орнына дайындауға жағдай жасау. Осы тұрғыда дайындаудың түрі жұмысшы факультеттері болды, олар 1918 жылдың аяғында дайындық курсы ретінде құрылды. 1920 жылдың қыркүйек айында барлық жоғарғы оқу мекемелерінде бекітілді. Жұмысшы факультетте орыс емес халықтардың арасында жоғарғы білім беруді тез дамыту мақсатында ұлттық бөлімдер құрылды. Жұмысшы факультетінде оқу мерзімі үш жылдан төрт жылға дейін ұзартылды, ал білім төрт сыныптық көлемдегі бірінші сатыдағы білім жұмысшы - шаруа балаларына тиімді болды. Жұмысшы факультетін бітіргендерді жоғары оқу орындарына емтихансыз қабылданды. Тек 1932 жылы рабфакты бітірушілер үшін орта мектепті және техникумдарды бітірушілермен бірдей емтихан тапсырды. Қазан төңкерісінен кейін бірінші он жыл бойында Қазақстанда жоғары кәсіптік білім беру жүйесін құру үшін белгілі алғышарттар жасалды, педагогикалық оқу орындарында 2397 адам оқыды. Қиындықтарға қарамастан, 30 жылдары барлық мұғалімдер үшін интеллектуалды және кәсіптік деңгейлерін жоғарлату қажеттілігін түсіндіретін жоғары педагогикалық білім беру идеялары айтылды. Бұл идея келесі жылдары бекітіліп, негізделді. Мемлекет педагогикалық кадрларға нақты талаптар қоя отырып, мұғалімдердің материалдық жағдайларына да үлкен көңіл бөлді. Әр жыл сайын мұғалімдердің жалақысы көбейді, үй салуға керекті құрылыс материалдарын бөлді, ауылдық жерлердегі мұғалімдер тегін пәтерлермен жылумен, жарықпен қамтамасыз етілді. 30 жылдары зейнеткер жасына жеткен мұғалімдерді зейнетақымен қамтамасыз ету белгіленді.
БКП (б) ОК-нің 1928 жылғы пленумында «Жаңа мамандарды даярлауды жақсарту туралы» мәселе қаралып, жоғары оқу орындарының мекемелермен байланысын күшейту, оларды оқытушылармен қамтамасыз ету, студенттердің материалдық жағдайы жақсарту туралы қаулы қабылданды. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында-ақ жоғары оқу орындарындағы академиялық еркіндіктер шектелді. 1929 жылы жоғары оқу орындарындағы өзін-өзі басқару толық жойылып, ректорлар, декандар және т.б. қызметкерлер жоғарыдан сайланды. 1932 жылы жоғары техникалық білім берудің Бүкілодақтық комитеті құрылды. Комитет техникалық жоғары оқу орындарының оқу жоспарларын, бағдарламаларын дайындап, оқу-тәрбие жұмыстарын бақылап отырды. Комитет жанына Жоғары әдістемелік кеңес (ВУМО) ұйымдастырылды.
Қазақстанда жоғары мектепті орнату үлкен қиыншылықтар туғызды. Соның бірі студенттердің жалпы білім дайындығының нашарлығы болды. Кейбір студенттердің тіпті орта білімдері де болмады, олар жұмысшы факультеттері арқылы түсті. Осындай жұмысшы факультеттерінде оқу мерзімі үш жылдан төрт жылға дейін созылды, ал бірінші сатылы төрт сыныпты көлемдегі белгіленген білім жұмысшы - шаруа балалары үшін ең тиімді болды. 1933 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарында 43,5 пайыз жұмысшы факультеттерінің түлектері оқытылды. Студенттерді, оқу озаттарын ынталандыру мақсатында, сонымен жоғары үлгерімге бұқаралық қозғалысты өрістету үшін, сондай-ақ ғылыми қызметкерлер мен жоғары оқу орындарынан қазақ кадларын дайындауды жеделдету мақсатымен барлық жүйедегі техникумдарды үздік бітірген студенттерге соған сәйкес жоғары оқу орындарына тікелей түсу құқығы (мамандығы бойынша белгіленген практика мерзімін өткізбей-ақ) берілді. Ал жоғары оқу орнын үздік бітірушілерге не аспирантураға түсуге, не жоғары оқу орнында педагогтік жұмысқа қалуға мүмкіндік берілді. Республикадан тысқары жерлерде жоғары және орта арнаулы білім алған Қазақстандықтардың саны жыл сайын арта түсті. Қазақстаннан осы жылдары жастар білім алу үшін негізінен әртүрлі Мәскеу, Ленинград, Ташкент, Омбы, Томск, Саратов, Қазан және т.б. сияқты қалаларға аттанды. 1933 жылы Қазақстаннан тыс жерлерде 4 мың студенттер оқыды. Партия органдары басқа отандық республикаларда оқып жатқан барлық студенттерге әлемдік қолдау жасап тұрды. Оларға шәкіртақы бөлінді, қосымша материалдық көмек көрсетілді. Қазақстанда жоғары мектептердің ашылу көздеріне оралатын болсақ, республиканың жоғары оқу орындарында білікті мамандардың, соның ішінде қазақ ұлтының оқытушыларының үлкен жетіспеушілігі және оқу-әдістемелік базаның сәйкестігінің болмауы орын алды. Сол кезде осы мәселенің радикалды шешімі Кеңестік Ресейдің әр аймақтарынан педагог мамандарды тарту болды. Әрине, ол педагогтар қазақ тілін меңгермеген еді. Қазақ - студенттерінің негізгі мөлшері орыс тілін нашар білгендіктен жоғарғы оқу орындарында оқитын қазақ ұлтының балаларының шығып қалуы байқалды. Оқытудың әр түрлі сатыларының арасындағы алшақтық республикадағы жалпы білімдік жағдайаттарға кері әсерін тигізді.
Жоғары білім беру жүйесі өзі үшін және өзіне ғана тіршілік етпеді. Ол өндірістік және өндірістік емес саласындағы халық шаруашылығының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіби білікті мамандарды даярлады, республиканың статусын нығайту және түсетін экономикалық қозғалысты қамтамасыз ететін міндеттерді үлкен есебін шешті. Сондықтан қарастырылатын кезеңде сандық көрсеткіштермен бірге жоғары білім беру жүйесі арқылы мамандарды дайындаудың сапалы сипаты маңызды мәнге ие болды, оны жеке тұлғаның тәрбиелік сапасы мен кәсіби білім беру сапасының бірлігі деп қарастыру керек.
Қазақстанның тәуелсіздік алғалы өткен уақытты шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезең - 1991ж.-1994ж. Жоғары білім берудің нормативтікқұқықтық негізінің қалыптасуы. Бұл кезеңнің негізгі міндеттеріне жатқызуға болады: жоғары оқу орындарының желісін құру; республиканың кадрларды даярлауда жеткілікті дербестікті қамтамасыз ету және еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында мамандықтар тізімін жаңарту. Бұл жүргізілген шаралар «Жоғары білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (1993 ж) анықталды. 1994 жылы елімізде алғаш рет жоғары білім берудің көпдеңгейлі құрылымын, бакалавр және магистр академиялық дәрежелерін енгізілуін бекіткен Қазақстан Республикасының жоғары білім берудің мемлекеттік стандарты бекітілді. Екінші кезең – 1995ж.-1998ж. Жоғары білім беру жүйесінің модернизациясы, оның мазмұнының жаңаруы. Бұл кезең жоғары білім беру жүйесі дамуының концептуалдық негіздерінің қалыптасуымен сипатталады, ол 1995 жылдың 4 тамызында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік саясат бойынша Ұлттық Кеңес бекіткен білім беру саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында көрініс тапты. Сонымен бірге, бұл кезде жоғары оқу орындарының қызметін реттейтін басқа да нормативті-құқықтық құжаттар қабылданды. Жоғары кәсіптік білім берудің алғашқы қазақстандық білім беру стандарттары қабылдана бастады. Білім берудің мемлекеттік емес секторы белсене дами бастады. Үшінші кезең – 1999ж.-2000ж. Білім беруді басқару мен қаржыландыруды орталықсыздандыру, білім беру ұйымдарының академиялық еркіндігін кеңейту. Бұл кезеңде білім беру ұйымдарын басқару жүйесінің орталықсыздандыру жүрді. Жоғары оқу орындарына қабылдаудың қағидалары өзгерді, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға көшу іске асты. 1999 жылдан бастап жоғары оқу орындарында студенттер контингентін қалыптастыру талапкерлерге конкурс негізінде мемлекеттік білім беру гранттарын және мемлекеттік білім беру несиелерін беру арқылы жүзеге аса бастады. Төртінші кезең – 2001 жылдан бастап. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінің стратегиялық дамуы. 2007 жылғы 27 шілдеде қабылданған «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы толықтай әлемдік тәжірибеге сай үш деңгейлі жоғары кәсіптік білім беру моделіне көшуді жүзеге асыруға мүмкіндік берді: бакалавриат – магистратура – PhD докторантурасы.
2010 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жоғары білім беру жүйесінің дамуына жаңа өзгерістер әкелді. Мамандарды даярлау жүйесінің ғылыммен және өндіріспен байланысын күшейту мәселесі басты орынға қойылды. Болон декларациясына сәйкес жұмыс берушілерді мамандарды даярлаудың негізі болып табылатын оқу жоспарларын жасауға белсенді тарту қолға алына бастады. Жоғары оқу орындарының жаңа типтері зерттеу, инновациялық және тағы басқалар. 2012 жылдан бастап елімізде жоғары оқу орындарын оптимизациялау басталды, яғни санын қысқарту арқылы білім сапасын арттыру қолға алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет