Реферат Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі»


Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі



бет2/3
Дата22.09.2023
өлшемі87,5 Kb.
#109693
түріРеферат
1   2   3
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Экологиялық кодекс IХ-бөлімнен, 47 тараудан, 326 баптан тұрады.
Экологиялық кодекстің жалпы ережелерінде негізгі ережелер, жеке тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтарымен міндеттері, мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы құзыреті қарастырылған.
2-бөлімде қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялау, экологиялық нормалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу, қоршаған ортаға әсерді бағалау экологиялық сараптама, экологиялық рұқсаттар, экологиялық аудит регламенттелген.
3-бөлім. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу регламенттелген.
4-бөлімде Экологиялық бақылау, яғни қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау, инспекторлық экологиялық тексерулер, өндірістік және экологиялық бақылау регламенттелген.
5-бөлімде экологиялық мониторинг пен кадастрлар, яғни қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі, қоршаған ортаның ластану учаскілерін мемлекеттік есепке алу, табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрлары, зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды кому мен сарқынды суларды жер қайнауына ағызудың мемлекеттік кадастры, экологиялық ақпарат регламенттелген.
6- бөлімде Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтары, жекелеген аумақтарды төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала аймақтары деп жариялау ұғымы және тәртібі, төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарындағы құқықтық реттеудің ерекшеліктері регламенттелген.
7- бөлімде қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық білім беру мен ағарту ғылыми зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастық регламенттелген.
8- бөлімде шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар регламенттелсе.
9- бөлімде экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және экологиялық дауалдарды шешу регламенттелген.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне 22 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет