Күн электр станциясы немесе
гелиоэлектрлік стация — электр
энергиясын өндіру үшін
Күн
радиациясын пайдаланатын
электр станциясы
.
Күн электр станциясының негізгі екі түрі (термодинамикалық және
фотоэлектрлік) бар.
•
Термодинамикалық күн электр стансасында Күн энергиясы алдымен
жылу энергиясына, одан кейін электр энергиясына айналады (мысалы,
бу қазаны – турбина – генератор циклінде).
•
Фотоэлектрлік күн электр стансасында Күн энергиясы фотоэлектрлік
генератордың көмегімен тікелей электр энергиясына түрленеді.
Қолданыстағы күн электр стансасының пайдалы әсер коэффициенті
15 %-дан аспайды, ал меншікті қуаты жылу электр стансасының
қуатынан бірнеше есе жоғары болады
.
•
Атом электр станциясы (АЭС), ядролық электр станция —
атом
ядросының энергиясын
электр энергиясына айналдыратын қондырғы.
АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен
жұмыс істейді. Ядролық
реакторда
жылу шығарғыш элемент —
цилиндр немесе пластинка түріндегі ядролық
отын,
нейтрондарды
баяулатқыш және бөлінген жылуды тасушы (су,
газ, сұйық металдар) заттар орналасады. Реакторда бөлінген жылу
жылуалмастыру қондырғысына беріледі.