Реферат тақырыбы: «Қазіргі қазақ поэзиясындағы дәстүр және жаңашылдықты зерттеу»


Қазақ әдебиетіндегі дәстүрді Абай лирик



бет3/3
Дата05.03.2023
өлшемі40,7 Kb.
#71716
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Тапсырма6Әд

Қазақ әдебиетіндегі дәстүрді Абай лирикасымен сабақтастыра қарап, халық ақындары поэзиясының жаңалыққа бой ұруына үңілген ғалымның бірі Е.Ысмайылов. Дәстүрді социалистік реализм әдісі теориясымен халық ақындары шеберлігіндегі жазба әдебиеттің ролі арқылы таныған ғалым еңбегінде де жаңалықты қырлар баршылық. Халық поэзиясының негізгі ерекшеліктерін жазба әдебиетпен қарым қатынасын саралай келе, дәстүр табиғатына бастар ойлар қалдырды. «Біздің бұл айтқандарымыз ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің өзара қарым-қатынасы туралы проблеманың бір жағы болса, оның екінші күрделі бір саласы – ауыз әдебиетінің жазба әдебиетке ықпалы, анығырақ айтқанда, көркем әдебиеттегі фольклоризм мәселесі. Бұл мәселе қазақ әдебиетінің тәжірибесінде бұл күнге дейін өз алдына арнаулы тақырып болып зерттелген емес. Жазылған кітаптар мен мақалаларда біздің көрнекті ақын жазушылардың ауыз әдебиетімен байланысы жалпылама түрде, сөз болып жүр» [4, 83]. Ғалым бұл ойларын жүзеге асыруды М.Әуезовтен бастап белгілі ақын-жазушылар шығармашылығыннан іздеуге үндейді. Демек ғалымның дәстүр поэтикасына қатысты ойларының тым әріге, ежелгі мұраларға бастайтыны сезінуге болады. Тек оны социалистік реализм әдісімен тексеру бағыты жемісті нәтижелер бере қоймады. Айтылған ойлардың бүгінгі әдебиеттану ғылымының жаңа танымдық арналарына бастау жол болғандығын айта кетуіміз керек. Тәуелсіздікке жақындай түскен жылдардан бастап ұлттық әдебиеттану да басқа ғылымдар секілді тарихи тегін тануға ұмтылды. Біз әдеби дәстүрдің ежелгі келбеті арқылы ұлттық сөз өнеріміздің поэтикалық қуаты әлдеқайда күшті, әрі терең екендігін ұғындық. М.Әуезовтің «Біздің поэзия өзінің өткен тарихтық тегінен үзіліп, төркінсіз әдебиет боп кеткен жоқ! Халықтық асыл мұрасының үлкен арнасын, саналы мұрагер есебінде, үлкен көлемімен ілгері қарай жақсы дамытып, асырып өсіріп келеді. Сана да, сапа да, түр, көрік те солай. Екінші бір жай, ұлттық традиция мәңгі-бақи бір орында сілейіп қатып тұратын қалып емес. Ол үлкен қозғалыста, өзгерісте» [5, 375]деуінде танымдық мән жатыр. М.Әуезовтің осы бір салихалы ойларының жалғасы социалистік реализм теориясымен ұштасып кететіні қайырымсыз уақыттың бедеріндей көрінеді. Десе де, М.Әуезов қазақ поэзиясының ұлттық бояуының әлі де қанықтығына, мұрагерлік жолдан айнымай келе жатқан қалыбына іш тартса керек. Ғалымның «саналы мұрагер» -деп бағалаған сөздік қолданысы мен «сана, сапа, түр, көрік» секілді өлеңнің құрылым түзуші негізгі белгілерін даралап, атап көрсетуінде ғылыми дәлдік пен позициясы да қылаң береді. «Ұлттық сана», «ұлттық дәстүр» ұғымдары бір-бірін толықтырып отыратынымен де көп жағдайда «сана» атауы осы ұғымдар салмағын таразы басып отыратыны белгілі.


Оның үстіне М.Әуезовтей ғұлама замана ағымында ұлттық санаға салмақ түсіп отырғаны және бар мәселенің соған байланысты екендігін де ескеріп отырғандай. Қазақ поэзиясының тінінен ажырамауы басқа да ұлттық құндылықтар секілді «ұлттық санаға» тәуелді. Ұлттық сана уланған тұста өнерден дәстүр іздеудің өзі неғайбыл. Ұлттық сана қазығына байланған өнердегі дәстүр жаңарып, дәуір тынысын айшықтап отырары да сөзсіз. М.Әуезовтің қазақ әдебиетінің атасы қара өлеңнің бойынан сананы іздеуі астарлы идеялық мақсатты да оятқандай. Дәстүрге сол халықтың дүниетанымы мен тіршілік белгілерімен қарау керек. «Сөйтіп әдебиеттегі дәстүр дегеніміз – жылдарды өткеріп, әдеби даму үстінде қырланып, жұмырланып, сомдана түсіп барып халықтың таразысынан, көркемдік талғамынан, әдебиеттану ғылымы мен эстетикалық ақыл-ойдың мойындауы, жалпылауынан өтіп барып, кейінгі дәуірге, келер ұрпаққа көшіп отыратын идеялық-көркемдік тәжірибе болса, жаңалық дегеніміз - әдебиеттің мазмұны мен түр жағынан – жаңа көркемдік, жетістіктерімен, прогрессивтік идеялармен, жаңа творчестволық әдістермен, жаңа геройлармен, жаңа амал-тәсілдермен, көркемдеу құралдарымен жаңарып, молығып – толығып отыруы» . Бұл анықтамалық дәстүр ұғымының әдебиеттегі өміріне, оқырман санасында мазмұн табиғатын ұялатуына жақын-ақ келеді. Әдебиеттегі дәстүр ең әуелі сол халықтың ұлттық ерекшеліктерімен, әдет-ғұрып, салт-сана белгілерімен, тілдік айшықтарымен, мінез психикасымен, тұрмыстық тіршілігімен байланысты. Кез келген құбылысты суреттеудегі тілдік қолданыстардағы көрік амалдарының мәнмағынасында ұлттық поэтиканың колориті болады. Жалпы адамзаттық сананың қабылдауында биік өре танытып ортақ көзқарастарды қалыптастырар поэтикалық құрылым қуаты да дәстүрден екшеліп барып дараланса керек. Мұндай поэтикалық байламдарда дәуір, қоғам, уақыт билігінің тынысы сезіле қоймайды. Біздің кеңестік дәуір тұсында да, қазіргі уақытта да қайта-қайта Абайға соға беруіміздің де төркіні осындай өміршең поэтикалық дәстүрлі арналарды іздеуімізден. Кеңестік дәуір тұсында да, қазіргі уақытта да кейбір ғалымдарымыз ұлттық поэзиядағы дәстүр табиғатының жалпы адамзатқа ортақ,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет