Реферат тақырыбы: «Қазіргі қазақ поэзиясындағы дәстүр және жаңашылдықты зерттеу»


Бұған зерттеу барысында кеңірек тоқталатындықтан әзірге мәселенің зерттеу жайы мен ондағы принциптерді талдау



бет2/3
Дата05.03.2023
өлшемі40,7 Kb.
#71716
түріРеферат
1   2   3
Бұған зерттеу барысында кеңірек тоқталатындықтан әзірге мәселенің зерттеу жайы мен ондағы принциптерді талдауға ойысайық. Қазақ әдебиеті тарихына үңілетін болсақ әрбір кезеңнің өзіндік бағыт-бағдары болып дәстүрлі арналардың жолға түсе бастағанын бағамдаймыз. Ұлттық дүниетанымның кемелденуіне орай эстетикалық мәдени талаптардың да сұранысы арта түсті. Дүниені көркемдік қабылдаудың өнерде бедерленуінің амал-тәсілдері жанданды. Әдебиетіміздің ежелгі дәуірінен бергі әрбір кезеңнің иедеялық көркемдік құрылымының ішкі қабаттарының сыры әлі де ашыла қойған жоқ. Кеңестік дәуір тұсында өнердегі ұлттық дәстүрлеріміздің жаны байырғы дәуірлерде жатқандығын айта алмадық. Тек қана ауыз әдебиеті мен фольклордан бастау алып ақындық поэзияда кейбір үлгілердің болғандығын сөз арасында меңзер күй кештік.
Кеңес дәуіріндегі қазақ өлеңтанушы ғалымдарының бірегейі Ә.Нарымбетов дәстүр мен жаңашылдықты арнайы зерттеді. Ғалымның қазақ өлеңіндегі дәстүр табиғатын тексеру әдісі тақырыптық қырынан даралап алуымен ерекшеленді. Қазақ поэзиясындағы табиғатты жырлау үрдісін арнайы сөз етуі біржақты көрінгенімен, дәстүрдің қалыптасуымен жаңашылдық арасындағы өзгешелікті танытуда қолайлы екендігін білгеніміз жөн. Дәстүр мәселесін арнайы сөз еткен бұл ғалымның да өз тұстастары секілді идеологиялық белгіленген шекарадан аса алмағаны заңдылық. «Ақындар орыстың классикалық әдебиетінен тікелей творчестволықпен үйрене отырып, табиғатты жырлаудың белгілі бір көркемдік дәстүріне жол ашты. А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің, С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың таңдаулы табиғат лирикасы бұған толық дәлел»[3.5]. Зерттеуші айтып отырғанындай аталған ақындар шығармашылығынан кейінгі қазақ ақындарының үйренгені жетерлік. Еңбекте арнайы сөз болатын Қалижан Бекхожинның табиғатты жырлаудағы өз өрнегінің айқындығы да дәл. Жыл мезгілдерін жырлау Абай ендірген дәстүр екендігін оны Қ.Бекхожин секілді қазіргі қазақ ақындарының жалғастырып жаңа жеңімпаз заманға орайластырып суреттеуін көрсете отырып зерттеуші мынадай қорытынды ой береді. «Әдебиетте дәстүр деп біз кейде көне ауыз әдебиетінің көркемдік амалдарын жаңғырта пайдалануды айтамыз. Ауыз әдебиет мұрасына творчестволықпен арқа сүйеудің әрі дәстүр екені, екінші жағынан жаңашылдық екені рас. Өйткені ауыз әдебиеті сарынының қазіргі жаңа өмірді жырлауға қызмет етуі, әрине, дәстүр. Ал сол көне сарынды жаңғырта, жаңа идеяны, тың кейіпкерді жырлауға қалауын тауып ұтымды пайдалану - жаңашылдық» [3, 20]. Ғалымның дәстүр мен жаңашылдық мәселесінің көркем әдебиеттегі орны мен қолданылу қызметіне орай бағалап отырғаны дұрыс-ақ бағыт. Бұл еңбектің аталмыш проблеманы зерттеуде ұсына алатын ғылыми бағдарламалары бар. Оларды сұрыптар болсақ: біріншіден ақындардың жыл мезгілдерін жырлау дәстүріне, еңбек адамдары мен өз замандастарының портретін енгізуі, екіншіден табиғат лирикаларындағы қалыптасқан ұлттық сөз – бейне, сөз – образдарды заманына лайық сөз мағыналарымен түрлендіруі, үшіншіден фольклордағы аңыздық желіні пайдалану шеберліктері, даланы бейнелеудегі Қ.Бекхожин, Қ.Мырза Әлі жырларындағы көркемдік амалдар жаңалығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет