ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Реферат
Тақырыбы: «Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары»
Орындаған : Мұртаза Н
Қабылдаған : Бегім А
Шымкент 2024 ж
Жоспар:
Кіріспе
Саясаттанудың объектісі мен пәні.
Саясаттану пәнінің әдістері мен функциялары.
Саясаттану ғылымының негізгі парадигмалары және саясаттанудың негізгі мектептері.
Заңгер мамандығындағы саяси білімнің қажеттілігі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бүкіл әлемде, оның ішінде түбегейлі бетбұрыс жасап демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан елімізде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Сондықтанда кәсіби мамандығына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, әрбір адамға қажет деп тұжырымдау орынды, өйткені ол қоғамда өмір сүріп отырып, басқа адамдармен және мемлекетпен өзара іс-қимыл жасайды. Саясат туралы білім алу қоғамдағы өзінің алатын орны мен атқаратын рөлін түсінуі, өз қажеттерін басқа адамдармен бірлесе отырып жақсырақ қанағаттандырғысы, оларды мемлекет ауқымында іске асырудың мақсаттары мен құралдарын таңдап алуға ықпал жасағысы келетін әрбір адамның мүдделеріне сай келеді. Ал саясатты түсінбеу және оны әдейі елемеу келеңсіз зардаптарға ұрындырады, адам тіршілігінен шектеп қалуға, ал ең қиын жағдайда оның негіздерін өзіне қатер төнуіне апарып соғады. Дүниежүзілік қауымдастықта және Қазақстанда қалыптасып отырған тарихи жағдай саяси білімдер деңгейіне, әрбір азаматтың белсенді саяси тәжірибиеге араласудың дәрежесіне біздің өміріміздің, біздің ойлау жүйеміздің, саяси іс-әрекетіміздің іс жүзінде байланысты екенін дәлелдейді.
Саясаттану адам және қоғам туралы өзге де ғылымдар сияқты адамның білімін қалыптастыруға, өткенді, қазіргіні, келешекті дұрыс түсініп, орнын анықтауға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |