Реферат Тақырыбы: «Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары»



бет3/7
Дата04.10.2024
өлшемі133,94 Kb.
#146836
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары

Саясаттану ғылымы даму және қалыптасу жолында бірнеше кезеңдерден өтті:

  1. Антика заманынан Жаңа Заманға дейінгі кезең, Аристотель, Платон, Цицерон, Ф.Аквинский ойшылдармен көрсетіледі.

  2. Жаңа заман кезінен XIX ғасырдың ортасына дейін – Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс, Б.Спиноза және басқа көп үлес қосқан ойшылдардың кезеңі.

  3. XIX ғасырдың 80-90 жылдары мен XX ғасырдың басы – саясаттану өзінің пәні бар, әдіс-тәсілдері бар ерекше ғылым ретінде бекітілген кезі.

Жарнама

  1. 2Саясаттану пәнінің әдістері мен функциялары. Саяси құбылыстар мен процесстер әр түрлі саяси әдістер арқылы зерттелінеді. Саяси зерттемелердің негізгі саяси әдіснамасы біртіндеп тарихи жолында қалыптасқан, бірнешесі қазіргі кезде кеңінен қолданылады.

Салыстырмалы (comparative) әдіс — екі немесе одан көп саяси объектілерді бір бірімен салыстыру арқылы зерттеме жасау. Бүл әдіс арқылы объектілердің жалпы ұқсастығы және айырмашылығы табылады. Кезінде бүл әдіспен Аристотель, Платон, Монтескье зерттемелерінде қолданған. Салыстырмалы әдіс арқылы: 1) саясат туралы дәлелденетін білім жүйесін қалыптастыруға; 2) саяси тәжірибені, тәртіпті және саяси процесстерді бағалауға; 3) саяси құбылыстарды, оның келешегін болжауға мүмкіндік табуға болады. Саяси әлімнің шын мәнін түсіну үшін, оның әр түрлі аумақтардағы, региондардағы ар алуан түрлерін зерттеу керек. Мысалы, мемлекет құрылымы, заң шығару органдары, партиялар, сайлау жүйелері және тағы басқалары.
Социологиялық әдіс – саяси өмірдің құбылыстарын талдау үшін бағытталған нақты социологиялық зерттемелердің жиыны: анкетирование, сұрақ қою, эксперименттер, статистикалық анализ, математикалық модель жасау. Социологиялық әдіс арқылы саяси болжамдау жасалынады. Қазіргі заманда осы әдістің негізінде қолданбалы саясаттану пайда болды, осында зерттемелердің нәтижесі интеллектуалды тауар болып табылады. Ал оған тапсырыс беруші – билік органдары, саяси партиялар, мемлекеттік ұйымдар.
Психологиялық әдіс – саяси тәртіптің субъективті механизмдерін, мінездемелерін, индувидуалды қасиеттерін зерттеуге арналған тәсіл. Бұл әдістің негізінде Аристотельдың, Сенеканың, Макиавеллидың, Ж.Ж.Руссоның, Т.Гоббстың тұлға мен билік, адам табиғаты туралы, азамат тәрбиелеу жайында идеялары жатыр. Психоаналикалық зерттеме арқылы көбіне саяси елбасшылық феномені зерттелінеді, оының ішінде – психобиографиялық және психотарихи бағыт. Психобиографиялық бағыт бойынша, басшылық феномені адамның бала және жасөспірім кезіндегі ерекшеліктерімен байланысты. Бұл әдіс бірнеше зерттемелерде орын тапқан: З.Фрейд және У.Буллит еңбегінде «Томас Вудро Вильсон, 28-і президент АҚШ. Психологиялық зерттеме», Г. Лассуэл «Психопатология және политика», В.Витгенштейн «Революциялық тұлға. Ленин. Троцкий. Ганди» және т.б.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет