ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ «ФИЛОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ «Жалпы педагогика және музыкалық білім» КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ Тақырыбы: «Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау»
Орындағандар: Джолмурзаева А., Жолдасбек Д., Омархан А., Алдабек Ә., Камалова М., Абдіқаппарқызы А.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Төлешова А.
Шымкент қ., 2018 ж. Жоспар:
Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау
Баланы қолдау формалары
Пайдаланылған әдебиет
Педагогикалық қолдау – педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасын бейнелеп көрсететін миссиясы. Педагогикалық қолдаудың мәні – оқушының ішкі күші мен қабілетіне қарауға негізделген тұлғаның субьективтілігін қалыптастыру.
Баланың танымдық және шығармашылық іс-әрекетіне қатысуға дайындығын, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі үшін ашық ақпараттық білімділік кеңістік жағдайында педагогикалық қолдау көрсету. Педагогикалық қолдау – баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қатынас, оқыту, өзін-өзі дамытуына ықпал ету. педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары.
Педагогикалық қолдау негізінің насихаттаушысы және әзірлеушісі Олег Семенович Газман болып табылады – танымал педагог, тәрбие саласындағы ірі теоретик және тәжірибеші, еркін педагогика және педагогикалық қолдау тұжырымдамасының авторы. Педагогикалық қолдауды баланың жеке қызығушылығын, мақсатын, мүмкіндігің анықтайтын, адамгершілік қасиеттерді сақтауға кедергі жасайтын жолдарды жоятын үрдісі ретінде қарастыруға болады.
Педагогикалық қолдау:
1) тəрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді;
2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тəрбиелілігіне, өз басы проблемаларын шешуге жəрдем көрсетіп, азаматтың өзгерістерін диагностикалап баруға мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұны – адамды алда көздеген нəтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды. Мұндай кедергілердің түрі:
- субъектив (тұлғалық) «Мен» — кедергілер: өз бетінше дербес шешім қабылдауға қажет ақпараттың болмауы (ақпарат толықса, кедергі сол бойда жойылады); адамның қосымша еңбектенуінің қажеттігі (қол ұшы жəрдем беріп, ынтасын көтеру); тұлғаны күйзеліске келтіретін кемшіліктер (тəн-денелік, психикалық, арақатынастық); білім жəне тəжірибе жетіспеуі;
- объектив (əлеуметтік) «Олар» — кедергілер: (əлеуметтік орта – мұғалімдер, əкімшілік, дос-жарандар, құрбы-қатарлар, отбасы жəне басқалар).
- материалдық кедергілер (отбасының қаржылық жағдайы жəне т.б.).
Оқытудың мәні - әлем туралы білім, тәрбие мәні - әлеуметті және мәдениетті құндылықтар, адамгершілік нормалар мен қатынас екенін біз білеміз. Педагогикалық қолдаудың мәні – тұлғалық таңдау, өзін- өзі табу. Педагогикалық қолдау:
- инттелектуалдық дарындылықты қолдаудан (оқуға, талдауға, сынға қабілеттілік);
- шығармашылық дарындылықты қолдаудан;
- қабілетті айқындау мен дамытудан;
- қауіпті топтағы балаларды қолдаудан тұрады.
«Бала жақсы оқу үшін, оның оқу үлгерімі жақсы болу тиіс. Бірақ бұл парадокста педагогикалық істің маңыздылығы бар. Оқуға деген қызығушылық тек табыстан туған шабыт бар жерде ғана болады», - деген ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Табыс – оқытудың ең маңызды және әсерлі дәлелі. Әр оқушы табысты, дәлелді, мұғалімдермен және ата – аналармен қолдаулы болу тиіс. Тек ынтымақтастық пен әсерлі қолайлық табысқа сенімділік береді.
Проблемалық жағдайда балаға қолдау көрсетудің педагогикалық шарттары. Сынып жетекшісі өз тәрбиеленушісімен арасында «көмек көрсетушілік қатынас» орнаған жағдайда ғана оның жеке басына байланысты проблемаларын шешуге шынайы көмек көрсете алады. Көмек көрсетушілік қатынастар қалыптастырудың шарттары:
1-шарт – баланың өзін проблемаға тап болған адам ретінде сезінуі. Баланың өмірінде өзі жеңуге күші жетпейтіндей қиындықтардың пайда болуы, және бала ол қиындықты менің проблемам деп мойындауы.
2-шарт – педагогтың конгруэнттігі. Баламен қарым-қатынасында педагог өзінің кім екенін екенін ұмытпауы тиіс. Бала ересектердің мінез-құлқындағы жалғандықты тез аңғарып, танып қояды. Мұндай жағдайда тиімді педагогигалық қолдау көрсету мүмкін болмайды.
3-шарт – педагогтың балаға түзу көзқарасы. Педагог балаға, оның күші мен қабілетіне шын сенген жағдайда ғана педагог пен тәрбиеленушінің арасында жақын қарым-қатынас орнайды. Мұндай қарым-қатынастың негізі педагогикалық оптимизм болып табылады.
4-шарт – баланың эмпатиялық түсінуі. Педагог пен баланың арасында көмек көрсетушілік қатынас орнауы үшін екеуінде де жаны ашу, есіркеу, ниет білдірушілік сезімдері байқалуы керек.
5-шарт – бала педагогтың конгруэнттігін, қабылдауы мен эмпатиясын сезінуі тиіс.
Жоғарыда аталған үш шарттың сақталуы соңғысының сақталуына да көмектеседі. Педагогикалық қолдау кезінде табысты өзара әрекеттестіктің шарттары:
1-шарт – баланың көмек пен қолдау көрсетуге келісімі. Бала өзі көмек сұрайды, немесе көмек көрсетуіне қарсылық білдірмейді. Тек қана баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, сондай-ақ қоғамға жат қылықтар кезінде қолдау (араласу) баланың келісімін күтпейді.
2-шарт – өз проблемасын шешуде басымдық бала жағында болады. Педагог тек қана проблеманың мәнін түсінуіне көмектесу арқылы оның шешім қабылдауына жағдай жасайды, оның шешімін табуда өз көмегін ұсынады немесе оқушының өзіндік әрекетіне жанама әсерін тигізеді.
3-шарт – бірлесушілік, ынтымақтастық, жәрдем көрсету. Бұл шарт педагогикалық қолдаудың кедергіні бірлесе жеңу, проблеманы түбегейлі шешуде көмек көрсетушілік мазмұнын әрі технологиялық мәнін көрсетеді.
4-шарт – құпиялылық принципінің сақталуы. Бұл балалармен сенімді қарым-қатынас жасау үшін, әсіресе диагностикалық әдістеме, бетпе-бет әңгімелесу және кеңес беру жағдайында өте маңызды. Тек ересек адамға толық сенген жағдайда ғана бала оның көмегіне сүйенеді және ішкі белсенді жұмысқа түрткі болуы мүмкін.
5-шарт – қайырымдылық және бағалаусыздық. Оқушымен арақатынасында эмоциялық реңк болуы қолдауды жүзеге асыруда табыс кепілі болуы да, сәтсіздік кепілі де болуы мүмкін. Педагог баланың көзқарасымен қараса, ол оның іс-әрекетін басқалардың іс-әрекетімен салыстырып қарамай, осы оқушыны ғана естіп, оны ғана түсініп, оның қиындықтары мен проблемаларының себептерін іздестіруі мүмкін. Ал педагог оқушының іс-әрекеті мен қылығына баға бере бастаса, ол оқушыға қабылдай алмаушылық, сынау болып көрініп, ол тұйықтала түсуі мүмкін.
6-шарт – өмірінің барлық кеңістігінде оқушының құқықтары мен мүдделерін қорғау Тәрбиеші-педагог сот қорғаушысы сияқты қандай жағдайда да баланы жақтайды. Тіпті оқушы жалпыға ортақ норманы бұзғанда да тәрбиеші бала үлкендерден де көп қателесуі мүмкін екендігін ескеріп, «жазаны жеңілдету» жолдарын іздестіреді. Қолдауды жүзеге асырушы педагог – бұл оқушы мүдделерін қорғаушы.