Реферат тақырыбы: «Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау»



бет2/2
Дата31.03.2023
өлшемі32,41 Kb.
#77857
түріРеферат
1   2
Байланысты:
stud.kz-95082

Баланы қолдау формалары:
- Жанама қолдау. Бала тарапынан анық сұраныс жоқ болған кезде жүзеге асырылады. Ол диагностикаға, педагогтік кәсіби бақылауға, оқушыларға тән қиыншылықтарды ой елегінен өткізуге сүйенеді.
- Жеке қолдау. Оқушы көмектесуін өзі қажет еткенде немесе тым болмаса өзі ыңғай білдірген кездегі педагогтік қолдау.
- Қолдаудың топтық формасы. Оқу барлық оқушының мектеп өмірі жағдайына бейімделуі кезеңінде барлық педагогикалық ұжымның бірлескен жұмысы. Бұл оқу жылының басталуы, каникулдан кейінгі уақыт болуы мүмкін. «Өтпелі» сыныптарда (1, 5, 10 сыныптар) жұмыс істейтін мұғалімдердің қызметі. Бұл кезеңдерде оқушылардың әлеуметтік ортасы өзгереді (жаңа сынып құрамы, жаңа мұғалімдер) және жаңа әрекет жүйесі (жаңа оқу жағдайы). Бала мұғалімдердің нені талап ететіндерін, оқу шарттарын, сыныптағы жағдайды білмегендіктен эмоциялық қолайсыздық сезінеді. Бұл ұзақ мерзімге созылған бейімделе алмаушылыққа соқтырып, соның салдары тәртіпсіздік, зейінсіздік, тез шаршаушылық түрінде көрініс беруі мүмкін.
Проблеманы шешуде балаға педагогикалық көмек беру технологиясы:
1-кезең. Сигналдық. Сынып жетекшісі баланың өмірінде бір немесе бірнеше маңызды әрі ол үшін шешімін табу қиын проблемалардың пайда болғаны туралы сигналдар алуы. Сигналдар: баланың мінез-құлқының бұзылуы (агрессиялылық, жанжалқойлық, алаңдаушылық, әсерленгіштік немесе оған қарама-қарсы ахуал – тұйықталушылық); тәрбиеленуші кешегіден немесе ертеңгісінен мүлде басқа мінез көрсетеді; оқушы жайлы оның сыныптастарының немесе пән мұғалімдерінің мазасыздық білдіруі; ата-аналарының мектеп әкімшілігіне, психологқа, әлеуметтік педагогке немесе басқа мұғалімдерге сөйлесуі; баланың өзі тікелей немесе жанама түрде байланыс жасағысы келетінін білдіруі. Бұл сигналдардың барлығына сынып жетекшісі көңіл бөліп, жазып қойып, алынған ақпарат негізінде проблеманың барлығын және оның пайда болу себептері жайлы болжам жасайды. Бастапқы кезеңдегі технологиялық тізбектің маңызды буыны сынып жетекшісінің тәрбиеленуші проблемаларын қабылдап алуға психологиялық даярлығы және оны шешу жолдарын іздестіруі болып табылады.
2-кезең байланыстық-жасампаздық тәрбиеленушіде проблема пайда болғандығы жайлы сигналдар арқылы алынған ақпараттарды өңдеп, талдағаннан кейін, баламен байланыс орнату. Бұл мақсатта тәрбиеші оқушының психологиялық жағдайын, оның байланыс жасауға даярлығын анықтайды, әңгімелесу үшін эмоциялық-жағымды көңіл күйді қамтамасыз етеді, арадағы психологиялық кедергілердің жойылуын қарастырады.
Екінші кезеңде төмендегідей әдістер мен тәсілдерді қолдану тиімді болады:

  1. жағдайды тестілеу;

  2. дәстүрлі байланыстық әсер ету тәсілдері;

  3. «Сен-ашып айту» тәсілі (әңгіме кезінде серіктеске оның қазіргі жағдайын қалай түсінетініңізді жеткізу) және «Мен-ашып айту» (сұхбаттасыңызға дәл қазіргі жағдайда не сезінетініңізді жеткізу).

Жағдайды тестілеу көмегімен сынып жетекшісі оқушының психологиялық жағдайы туралы ауызша және жазбаша сипаттағы ақпараттарға қол жеткізеді. Бұл үшін тәрбиеші баланың психологиялық жағдайын куәландыратын белгілерге көңіл аударып, назар салады. Мұндай белгілерге оқушының таңдап алған отырыс позасы, қолдары мен аяқтарының қимылдары, сұхбат кезінде арақашықтықты сақтау сипаты, т. б. жатады. Дәстүрлі байланыстық әсер ету тәсілдері тәрбиешіге баламен байланыс орнатуға көмектеседі.
3-кезең. Диагностикалық. Проблеманы диагностикалау («жіктеу») және оның пайда болу себептерін анықтау.
Диагностикалау кезеңінде «Астарлап айту» тәсілін қолдануға болады, бұл кезде педагог баланың айтқандарын құптату немесе сұрау түрінде түпнұсқаға жақындата қайталап шығады. Белгілі орыс психологы Р. С. Немов астарлап айтуды мынадай сөздермен бастауды ұсынады: демек...; сіз айтқандай...; сізді дұрыс түсінсем...; сіз солай демедіңіз бе... Оның әріптестері Л.Л.Крупенин мен И.М.Крохина мына түрде басталатын астарлап сөйлеулерді ең тиімділері деп санайды: Сізді бұл қызықтыра ма...; Сіз былай дегенсіз..; Сіз мынаны білмек болдыңыз... Келесі «Редакция» тәсілінде оқушының аузынан шыққан бірнеше сөздер негізінде жалпылау жасап, онда оқушы айтқан ой толығымен сақталады. Р. С. Немов кеңес беру тәжірибесінде бұл тәсілді қолдануды мынадай сөздермен бастауды ұсынады: сонымен, енді сіз айтқандарды ой елегінен өткізіп, қысқаша қорытынды жасасақ, онды былай деуге болады...; айтылғандарды қысқаша қорытып айтар болсақ, былай деуге болады...; егер мен сізді дұрыс түсінсем, сіз былай деген сияқтысыз... Сондай-ақ сынып жетекшісі «Айтып салу» тәсілін қолдауына болады. Жағымды эмоциялық-психологиялық ахуал жасай отырып, сынып жетекшісі оқушыны дәл қазір не толғандырып жүргенін, ол қиындықты тудырып жүрген кім немесе не екенін айтуына жағдай жасайды. Біртіндеп баланың проблемасы мәлім болған кезде диагностикалықтан проблемалық жағдайды шешу кезеңіне өтуге болады.
4-кезең. Жобалаушылық. Бұл кезеңдегі іс-әрекеттің негізгі мазмұны екі сәттен тұрады:
1. Бала педагогтің қолдауымен проблеманы шешу жолдары мен әдістерін анықтайды;
2. Тәрбиелеуші мен тәрбиеленуші проблеманы шешу жолындағы әрекеттестік формалары мен түрлері жайлы келісім жасайды.
Ересек пен баланың бірлескен жұмысының технологиялық арсеналы төмендегідей әдістер мен тәсілдерден тұрады: өзіндік жобалау мен педагогтік жобалау әдістері; «Біреудің проблемасын шешу әдістеріне талдау жасау» тәсілі; келісім әдістері. Өзіндік жобалау әдісі оқушыға өз санасында проблеманы шешудің мүмкін варианттарын қалыптастырып, ең қолайлысын таңдап алуға мүмкіндік береді. Тәрбиеші өз кезегінде педагогтік жобалау көмегімен балаға проблемалық жағдайды шешуде қолдау көрсету әрекетінің мазмұны мен ұйымдастыру әдістерін анықтайды. Педагогқа бұл кезеңде асығудың керегі жоқ, балаға өз проблемасын шешу жолдары мен тәсілдерін іздеп табуға қажетті уақыт беруі тиіс. Жобалауда бала субъективті рөл атқаруы керек. Бұл оның келешекте де субъективті тұрғыда болып, өзі жобалаған ойды табысты жүзеге асыру кепілдігін арттырады. «Бөтен проблеманы шешу әдістеріне талдау жасау» тәсілі.
Өзіндік жобалау әдісін жасау тәжірибесі жоқ бала өз өмір жолында пайда болған қиындықты жеңу жолдары мен әдістерін өз бетімен анықтай алмайтын жағдайлар болады. Мұндай кезде педагог бұдан 10–15 жылдай бұрын бір оқушысының осындай жағдайға тап болғанын есіне түсірген болып, сол кездегі осы оқушының жасындағы бала ол проблеманы қалай шешкендігін айтып береді. Бірақ тіпті осындай жағдайдың өзінде сынып жетекшісі тәрбиеленушінің бастамасын өз қолына алып, проблемалық жағдайдан шығудың өз вариантын тықпаламауы тиіс. Келісім әдістерін қолдану ересек адам мен балаға жобалық ойды жүзеге асырудың неғұрлым қолайлы вариантын табуға көмектеседі. Келісім заты екі тарап та: сынып жетекшісі мен оқушы сақтауға міндеттенетін 2–3 шарттардан (талаптардан) тұрады. Сондай-ақ сынып жетекшісі тәрбиеленушімен бірге осы қалыптасқан проблемалық жағдай оқушыға қандай пайда әкелуі мүмкін екендігін де қарастырады.
5-кезең. Әрекет ету. Оның барысында бала проблеманы шешу жобасын іске асыруға бағытталған әрекетті жүзеге асырады.
6-кезең.Нәтижелік-талдаушылық. Сынып жетекшісі баламен бірге ол қиындықты жеңу жолында тап болған табыстар мен сәтсіздіктерді талқылайды. Рефлексия және өзіндік рефлексия тәсілдері оқушыға бұған дейінгі кезеңдерде жасалғандарды ой елегінен өткізіп, сонымен өзінің өмірлік тәжірибесін байытуға көмектеседі.
Тəрбие процесінің нəтижелілігі көбіне оған болған педагогикалық қолдаудың дұрыс ұйымдастырылуына тəуелді. Мұндай қолдау бүгінгі таңда төмендегідей қарастырылады:
— нақты адамға оның денсаулығы мен психикалық қалпына, оқуына, тұрмыстық əрі кəсіби бой тіктеуіне кедергілердің алдын алу жəне нақты іс-əрекеттік көмек көрсету;
— адамның жеке басы ерекшеліктерінің орнығу процесін қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық қызметтер;
— ауытқуға бейім қылық-əрекет қиыншылықтарын жеңуге бағытталған ықпалдасты əрекеттердің ерекше түрі;
— келеңсіз мінез əрекеттеріне бейім жасөспірімге нақты жекеленген жəрдем беру;
— баланы басшылықты жетекке алу;
— тəлім-тəрбие мекемесінің педагогикалық қолдау проблемасын өзінің өмірлік принципіне айналдыруы;
— балалардың өзін-өзі тану шартына айналып, оқу мен тəрбие шеңберін үйлестіруге бағытталған мұғалім мен оқушы ықпалдастығын күшейте түсу.
Педагогикалық қолдау – бұл:
а) тəрбиеленуші сенімінен шығу;
б) көбіне педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тəрбиеленушілерге қол ұшы жəрдемін беріп, қолдап-қуаттау.
Педагогикалық қолдау мəні: жайма-шуақ психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға жəне ұтымды нəтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлікті жеңіп бару; «жəрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас-ниетке мұқтаж болғанның бəріне көмек көрсету; əрқандай тəрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тəрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тəрбиешінің кəсіби деңгейінің жоғары болуы.
Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – жылы лебіз; құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру; тəрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тəрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау жəне т.б.
Педагогикалық қолдау кезінде баламен жұмыс істеудегі ертегітерапия технологиясы
Сынып жетекшісіне сондай-ақ ертегітерапияны (тарихтан, аңыздар мен нақылдардан) да қолдануға болады. Алайда бұл технологияны пайдалану жасқа байланысты шектеулі екенін ескерген жөн – 11–13 жасқа дейін. Айтылған тарихтан тәрбиеленуші өзі үшін бір қорытынды жасайды, немесе өзіне өмір жайлы ойлануға жетелейтін бір сұрақ қоюы мүмкін. Ертегі (тарих) – қылығының мәні – тәрбиелеу Ертегітерапияның көмегімен баланы диагностикалау және түзетуді жүзеге асыруға болады. Диагностикалық кезең. Сынып жетекшісі балаға ертегі ойлап шығаруды ұсынады. Ертегіні бастауға мүмкіндік беретін тәсілдер:
1. Жалпы есімнен, мүмкіндігінше өмірдің әр саласынан 10 сөз ойлап табыңдар.
2. Осы 10 сөзді қолданып, мағынасы жағынан кіріктіре отырып ертегі жазып шығыңдар. Бұл кезде сөздерді түрлендіруге, олардаң зат есім, басқа да сөз мүшелерін жасауға, керісінше оқуға, т. б. болады. Психологтардың сендіруінше, ертегі тудыру кезінде проекция жүзеге асады, яғни бала өзі де білместен, өз ойынан хабар береді, сондықтан тест жүргізушіге оны оқу үшін қисапсыз еңбек жұмсаудың қажеті де болмайды. Проекция кезінде оған өз ойындағысын, сезімін, қобалжытып жүрген нәрсені қосады. Сөйтіп, сыналушының туындысы (суреті, тарихы, ертегісі, т. б.) оның ішкі жағдайынан хабар береді. Ертегіге түсінік беру. Түсінік беру кезінде алдыңыздағы бірегей шығармашылық туындысы екенін есте ұстау маңызды. Сіздің оқып отырғаныңыз – адамның дәл осы сәттегі ішкі жан дүниесі.
1. Негізгі тақырып. Бұл ертегі не жайлы (достық, сүйіспеншілік, жалғыздық);
2. Бас кейіпкер желісі. Түсініктемеге қажетті сәттер: а) бас кейіпкердің өзіне деген көзқарасы; ә) кейіпкер әрекеттерінің себебі; б) бас кейіпкердің қиындықты жеңу әдістері; в) қоршаған ортаны қабылдауы және оған көзқарасы; г) мақсатқа жету әдістері жеке басының табысқа жету жолы ретінде.
3. Маңызды сезімдері. Ішкі қиыншылықтары. Мысалы, қуаныш, жалғыздық, қауіптену, мазасыздану, сенімділік, уайымдау, мұңаю, жаны ашу, сүйіспеншілік, реніш, т. б. көптеген сезімдер. Кейіпкерлер мен орын алған жағдайға байланысты сезімдер бізге автордың эмоциялық өмірі жайлы айтады: оған не ұнайды, неге қиналады, қандай жағдайда ол өзін табысты, қолдауды сезінеді, қай жерде біреумен бәсекелесіп, жарысқа түседі, қандай жағдайда ол күйреуік немесе күшті болатындығын аңғарамыз. Ертегіні оқып отырып, автордың өзі жасаған кейіпкерлеріне көзқарасы әртүрлі екенін аңғаруға болады (мысалы, жақсы көреді, жек көреді, қорқады, т. б.). Автор кейіпкерлеріне өмірде болатын шынайы қарым-қатынастарды, және осыған байланысты біз сезінетін сезімдерді таңады. Сөйтіп, ертегілерде баланың ішкі қайшылықтары мен қарым-қатынастарының әлуеті көрініс табады. Ертегілер көмегімен мінез-құлықты түзетуді қалай жүзеге асыруға болады? Мінез-құлықты түзетуде немесе педагогтік қолдау кезінде психотүзетушілік ертегілерді пайдалануға болады. Психотүзетушілік ертегілер баланың тәртібіне жұмсақ әсер ету үшін жасалады. Бұл арада түзету деп тәртіптегі тиімсіз стильдерді неғұрлым өнімділермен «ауыстыру», сондай-ақ балаға болып жатқанның мәнісін түсіндіру саналады. Сынып жетекшісі ертегі, нақыл, аңыздарды өзі де ойлап шығара алады. Психотүзетушілік ертегілерді ойлап шығару алгоритмдері: а) жынысы, жасы, мінезі бойынша жақын кейіпкерді таңдап алу; ә) бала өз өмірімен ұқсас деп тануы үшін кейіпкер өмірін ертегілер елінде суреттейміз; б) кейіпкерді баланың басындағы жағдайға ұқсас проблемалық жағдайға түсіреміз, және баланың барлық күйзелісін кейіпкер басына артамыз; в) кейіпкер қалыптасқан жағдайдан шығу жолын іздестіре бастайды. Немесе біз жағдайды шиеленістіріп, оның қисындды аяқталуына жеткіземіз, сөйтіп кейіпкерді өзгерістерге итермелейміз. Кейіпкер осындай жағдайға тап болған басқаларды кездестіріп, олардың жағдайдан қалай шешім тауып шыққанын көреді; г) ол өзіне болып жатқанның мағынасын түсіндіріп беретін «дана жетекші» бейнесін кездестіреді. Психотүзетушілік ертегілердің міндеті – ертегі оқиғасы арқылы кейіпкерге оқиғаны басқа қырынан көрсету, балама мінез-құлық үлгісін, болып жатқанды пайдалы жаққа қарай өзгерту жолын табуды ұсыну. Көрген нәрсе бала үшін дұрыстықтың үлгісі болып табылады. д) кейіпкер өзінің қатесін түсініп, өзгеріс жолына бет бұрады. Психотүзетушілік ертегісін ойластырған кезде педагогке оқушы тап болған проблеманың немесе «жаман» тәртіптің құпия астарын білу маңызды. Психотүзетушілік ертегісін талқыламай-ақ, балаға жай ғана оқып беру жеткілікті. Сөйтіп біз балаға өзімен-өзі болып, ойлануына мұрсат береміз. Сонымен, ертегіні ойластыру арқылы біз белгілі бір әсерімізді тигіземіз. Ол ертегі қабығында болғандықтан, біз істес болып отырған адамда, біз оған қысым жасап отырғандай сезім пайда бола қоймайды. Біз жай ғана ертегі айтып бердік. Бірақ оның ұмытылмастай есте қалып, оң нәтиже беретініне күмәнданбай-ақ қойыңыз. Мұндай әсер ету құралдары баланы бөлектеп, өз проблемаларымен, «мағыналық кедергілерге», «өзінің жамандығын сенумен» тұйықталып қалуына алып келетіні; оларда мектепке, үйіне, айналадағының бәріне деген кері эмоциялар пайда болатыны белгілі жайт. Педагогикалық қолдау табыстылығының маңызды мазмұнды тетігі – табысты боларына сөзсіз сенім болып табылады. Педагогта осындай қөзқарас болғанда ғана бала қолдауды қабылдай алады.
«Педагогикалық қолдау – сынып жетекшісінің тәрбиелік позициясының негізі» тренингі «Жедел жәрдем» жаттығуы. Балаға педагогтік қолдау қашан (қандай жағдайларда) қажет. «Педагогикалық қолдау табыстылығының шарттары». Жасөспірімнің проблемаларын шешуде қандай шарттарды ұстану керектігін жазыңыздар. «Қолдау сөздері» жаттығуы. Бастауды немесе істі қолдауға қарата 15 сөйлем құраңыздар. Мысалы: – Сен ақылдысың ғой – қолыңнан келеді! – Қателеспейтін адам жоқ, бастысы – сол қатені түзете білуде. Сенің бұл жағдайдан жол тауып шығарыңа мен сенемін. – Мен саған сенімдімін! – Өте жақсы! Сен өзіңді жеңе алатыныңды көрсеттің! – Адам қашанда таңдау алдында тұрады. Ақылды адам өзіне және адамдарға пайда әкелетін жағын таңдай алады. «Ең бастысы» жаттығуы. Педагогикалық қолдаудың қажеттігі жайлы сөздер мен сөйлемдер жазу. «Даналық ағашы» жаттығуы. Әркім «Педагогикалық қолдау» тақырыбына қатысты сұрақтар қоятын жазбахат жазады. Жазбахатты бүктеп, қыстырғышпен ағашқа бекітеді. Содан кейін барлығы кезегімен келіп, жазбахатты «жұлып алып» оқып, бәріне естірте жауап береді. «Тактика таңдау» жаттығуы. Сөз жүзінде әртүрлі мінез-құлық тактикаларын таңдап алуға болады: көнгіштік, келісімпаздық, ыңғайланғыштық, қорғаушылық, ынтымақтастық, ымырашылдық. Қазір бұл тактикаларды іс жүзінде сынап көруге болады. Екі-екіден ыңғайласыңыздар. Өздеріңіздің рөлдеріңізді анықтап алыңыздар. Әрбір жұпта біреуі – педагог, екіншісі – оқушы болады.

Пайдаланылған әдебиет пен электронды ресурс:

  • Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. Әбенбаев С. – Алматы , 2004.

  • Электронды ресурс: http://netref.ru/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет