«Астана медицина университеті»КеАҚ
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазіргі қоғамдағы теңдік пен теңсіздікті бағалау
Тапсырған:Сейдуллаева Ақнұр
Тобы:138ЖМ
Тексерген: Карбозов Әлібек
Астана 2023
Жоспар:
1.Кіріспе
1.1 Қоғамдағы теңдік және теңсіздік
2.Негізгі бөлім
2.1Әлеуметтік стратификация формалары (П. Сорокин).
2.2 Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттары, ерекшеліктері.
3.Қорытынды
Кіріспе
Теңсіздік - экономикалық ресурстарға, әлеуметтік құндылықтар мен саяси билікке қол жеткізу үшін әлеуметтік топтардың (страталар, таптар, касталар, топтардың) әртүрлі мүмкіндіктері.
Әлеуметтік теңсіздіктің түрлері:
Игіліктерді бөлудегі теңсіздік
Бастапқы позициялардағы теңсіздік
Өзін-өзі жеілдіру мүмкіндігі теңсіздігі
Қоғам құрылғысымен негізделген теңсіздік - Игіліктерді бөлудегі теңсіздік деп аталады.
Ақпарат көздеріне, ақпараттың молшылығына, адам өскен әлеуметтік ортаға, материалдық молшылыққа қол жеткізудің жеңілділігіне байланысты жақсы білім алуға мүмкіндік. Бұл дегеніміз қандай да бір игіліктерге қол жеткізу перспективасы кейбір бастапқы шарттарға байланысты қойылады. Мұндай шарттарды «Бастапқы позициялардағы теңсіздік» деп атайды. Ерекшелік пен дербестікке деген ынта қоғамдық қызығушылықтың намысына тиеді. Сол себепті қоғам тыйым сала бастайды, өзін-өзі жетілдіруге қажеттілікті қиындата немесе, керісінше, көтермелей бастайды. Бұл теңсіздік түрін «Өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі теңсіздігі» деп атайды.
Әлеуметтік теңсіздік - жеке индивидтер, әлеуметтік топтар, қабаттар, таптар тік әлеуметгік мобильділік иерархиясының әр-түрлі сатыларында тұратын, өмірлік тең емес және қажеттіліктерді қамтамасыз етудің мүмкіндіктерге ие әлеуметтік дифференциацияның ерекше түрі.
Әлеуметтік теңсіздік әлеуметтік диференциацияның бір түрі.
Әлеуметтік теңсіздіктің шығу себебі – экономикалық, саяси және басқа да қатынастардың болуы. Әлеуметтік теңсіздіктің келесі формаларын белгілеуге болады:
1) экономикалық теңсіздік – материалдық табысқа қол жеткізу кезінде;
2) саяси теңсіздік – қоғамды басқаруға қол жеткізу кезінде;
3) кәсіби теңсіздік, еңбек бөлінісіне негізделген;
4) әртүрлі ұлттар өкілдері арасындағы ұлттық теңсіздік;
5) жыныстық теңсіздік – ер мен әйел арасында;
6) жас теңсіздігі – әртүрлі жас топтарына жататын адамдар арасында.
Жас теңсіздігіне кедергі болатын механизм, барлық халықтың үлкен немесе кіші дәрежесінде болатын, үлкендерді сыйлау болып табылады, бірақ өрекениетті болып саналатын халықтардан аз байқалады. Жалпы айтқанда « адамдар арасындағы айырмашылық олардың өркендеуінде күрт өзгеріске әкелді. Тұлғалық тенденция адамдар арасындағы теңсіздікке алып барады. Сорокин атап өткендей, стратификацияның шынайы күштері жұмыс істейтін, эволюциялық периодтың өсуіне әкеледі.Артықшылық жағдайды қолданатын тұлғалар – бұл ерекше қабілетке немесе элитаға жататын адамдар. Ескі уақыттарда «тұлғаның жетістігі оның жеке қасиеттері мен қызметінің жиынтығында емес, оның қай топтың мүшесі болғанымен сипатталған. Егер бұл топ қоғамдық сатының шыңында болса, егер ол нұрға бөленген болса, оның барлық артықшылқтары, оның барлық жарығы оның мүшесіне еншісіне беріледі». Қазіргі уақытта жағдай өзгерген. «Айырмашылы болып, тұлға қызметінің дәрежесінің оның осы немесе басқа топқа жатқызылуымен емес, оның жеке қасиеттеріне, оның тұлғалық қызметімен анықталу табылады». Еңбекті бағалау критерийі жеке және барлығына тең болды. Мұрагерлік артықшылық немесе қоғамдық дифференциацияның діни-заңдық негізі жойылды.
Сорокин бойынша, құндылықтар мен еңбекке деген көзқарас түбегейлі өзгерді. «Діндегі негізгі құндылық адами, зайырлы бола бастады». Абыз, көсем бұрынғы көзқарас тұрғысында, оларға жүктелетін жаратушының жарылқауымен бағаланған. Заманауи қоғамда адам өзі «қасиетті және құнды». Әрине, шынайы өмірде мұндай десакрализация жайдан жай өтпейді. Кеңес дәуірінде діни табынушы қызметкерлер қарапайым азаматтар сияқты мемлекетпен қаралды, және сол уақытта көсемдер сияқты «жарылқанды». Қазіргі уақытта Ресейде діни қызметтегілердің лауазымы өскен, бірақ ол патша дәуіріндегідей деңгейге жетеді ме – бұл үлкен сұрақ болып табылады. Сорокин атап өткендей, жаратушының жарылқауынан оның тасымалдаушыларының тәуелділігінен босатылған «Әркімге өзінің еңбегі бойынша» ұраны, «Әркімге оның елді жаудан қорғауға қатысуы ретінде, оның әскери қызмет және оның басқарылуында қатысуы ретінде» формаға ие болады – кейін мәңгілік емес, «Әркімге оның капиталы бойынша» деген формаға ие болды.
Қоғамның әлеуметтік топқа жіктелуі:
ХІХ – ХХ ғасырда теориялық әлеуметтануда қоғамның құрылымы мен дамуы туралы екі – марксистік және позитивистік көзқарас болды. Марксистік ілім бойынша, қоғамның құрылымы жеке меншікке негізделген негізгі екі таптың күресімен айқындалады. Барлық экономикалық, саяси, әлеуметтік‑адамгершілік және тіпті эстетикалық қарым‑қатынастар таптық мүдделер мен олардың күресіне байланысты. Ал қоғамның құрылымы туралы позитивистік тұжырым (трактовка) экономикалық және әлеуметтік‑саяси қатынастардың субъектілерінің диапозонын кеңейтуге ұмтылып, оны тек өзара күрес жағдайымен ғана емес, жарасымдылық пен өзара тәуелділік арқылы түсіндірді. ХХ ғасырда осы тұжырымдама стратификация және әлеуметтік мобильділік теориясына айналды. Оны жасауға М.Вебер, П.Сорокин, Т.Парсонс, Р.Мертон және т.б. белсене қатысты. Олар таптық түсінікті алып тастамай, әлеуметтік құрылымның негізгі элементі ретінде ғылыми айналымға жік немесе страта деген түсінік ендірді. Бұл бірнеше белгілермен ерекшеленген әртүрлі жіктердің қосындысы ретінде ұсынылды. Мұндай белгілерге табыс (доход), кіріс, білім, бедел (престиж), ақпарат пен билікке ие болу жатты. Осылардың негізінде әлеуметтік жіктің жоғары, орташа және төменгі сияқты басты үш деңгейі айқындалды. Бұл жіктердің (қауымдастық) арасындағы қарым‑қатынас, қызмет ету ерекшеліктері, өзгерістері мен дамуы әлеуметтік құрылымның басты өзегі саналып, ол әлеуметтік стратификация теориясы деп аталды. Сөйтіп қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға тағы басқа жіктелуі батыстық әлеуметтануда көбінесе әлеуметтік стратификация деген терминмен белгіленеді. "Страт" латын тілінде жік, қабат деген сөзден туған, ол геологияда жер қыртысының қабаттарын білдіреді. Әлеуметтік құрылымды зерттегенде әлеуметтік жіктелу теориясы қоғамдағы барлық топтарды қарастырып, олардың қоғамдағы жағдайын айтарлықтай толық және терең сипаттайтындай белгілерді (өлшемдерді) басшылыққа алады: меншікке ие болудың сипаты, табыстың мөлшері, мұрагерлік, білімнің деңгейі, мамандық мәртебесі, биліктің аумағы, ұлттық ерекшеліктер және т.б. Егер топтар бір белгінің негізінде жіктелсе (мысалы, табысының мөлшеріне немесе билік жүргізуге қатысына қарай т.т.) ол бір өлшемдік жіктеуге жатады. Егер бірнеше белгінің негізінде болса, ол көп өлшемдік жіктелу болып саналады. Феодалдық қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі жіктерге (сословиелерге) ғана бөлінген болатын. Жіктік мәртебелер атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары жікке дворяндар, дін иелері, ал төменгі жікке — қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір жіктен екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасыңда кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі жіктегі адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары жіктік мәртебені сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған. VIII—XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде "тап" деген ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екеңдігін мойындалды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылғанымен кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептеріне терең назар аударылды. К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін - қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншікті ашып көрсетті. Қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың, сондай-ақ таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған әлеуметтік жіктердің болатыны атап көрсетілді. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал буржуазиядан айырмашылығы — меншік иесі емес. Олай болса, бұл топты өз алдына бір тапқа жатқызу қиын. Интеллигенция да әлеуметтік топқа жатады. Өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері аз және олар шығу тегі жағынан да әртүрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге: адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын; олардың өңдіріс құрал‑жабдықтарына қатынастарын; еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты; қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін; қоғамдық өңдірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады. Бүл белгілердің таза экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде көрінеді. М. Вебер қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген К. Маркстың ойымен келісе отырып, басқа да факторларды атап көрсетеді. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауымен байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді. Екіншіден, М. Вебер адамның мәртебесін - саяси партияға, яғни билікке қатынасуын да жіктеудің өлшемдеріне енгізеді. М. Вебердің қоғамдағы тапқа бөлінуге әсер ететін осы факторларды ескере отырып, 4 түрлі таптарды атап көрсетеді. Олар: капитал иелері; интеллектуалдар мен менеджерлер, басқарушылар; дәстүрлі ұсақ буржуазия; жұмысшы. Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық құрылымның негізі жіктік өлшемдерден туындайтын адамдар арасыңда болатын табиғи және әлеуметтік теңсіздік екендігін мойындайды. Бұл адамдардың табиғи жаратылыс (жыныс, жас мөлшері, темперамент, терісінің түсі, бойы, ақыл-ойының деңгейі, т.б.) ерекшеліктерінен туады. Мәселен, ақыл-парасатымен, күш-қайратымен ерекшелінетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге ұмтылады. Ең көлемді қоғамдық еңбек бөлінісі еңбектің аграрлық және өнеркәсіптік салаларға бөлінуімен байланысты болды. Мұның өзі қала мен село өмір салтының қалыптасуына, халықтың территориялық‑аймақтық жағынан жіктелуіне әкелді. Қала өмірінің селоға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтсақ, еңбектің мазмұны мен түрлерінің сан алуандығы, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету салаларының, саяси және басқару орталықтары мен бұқаралық ақпарат жүйесінің, ғылым мен білімнің кеңінен дамуы қалаларға тән сипаттық белгілер. Қоғамдық еңбек бөлінісі ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылықтың пайда болуына, соның нәтижесінде қоғамда білімі мен кәсіби деңгейлері жоғары адамдар тобының қалыптасуына ықпал етті. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік иерархияға негізделген және ол адамдар мен топтардың вертикалды бағытта, яғни тік сызық бойында бір топтың екінші бір топтан жоғары немесе төмен сатылы орналасуынан көрінеді. Мұндай жіктелудің себептерін Р. Дарендорф тұтас қоғамды басқарушылар мен басқарылушыларға жіктей отырып, "билік" және "бедел" деген ұғымдардың негізінде түсіндіреді. Ол басқарушылардың өзін басқарушы меншік иелері және меншіктері жоқ бюрократ‑менеджерлерге жіктейді. Автор сонымен қатар басқарушылар: жоғарғы топ ‑ жұмысшы ақсүйектерден, төменгі топ - мамандық дәрежесі төмен жұмысшылардан тұрады және басқарушылар мен жұмысшы ақсүйектердің ассимиляциясының нәтижесінде "жаңа орта тап" қалыптасады деген қорытындыға келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |