1-сурет
Балама генератор тәсілі. Бұл тәсіл күрделі тізбектің бір тармағындағы токты табу үшін қолданылады. Бұл тәсіл бойынша есептеу үшін қарастырылатын тармақты тізбектің басқа бөлігінен бөліктеп аламыз. Қалған бөлікті активті екіұштық деп қарастырамыз. Активті екіұштық дегеніміз екі ғана жалғану ұшы бар, ал ішінде э.қ.к. мен резисторлар бар тізбекті айтамыз (1-сурет).Егер екіұштықтың ішінде энергия көзі (қоректендіргіш) болмаса, онда оны пассивты екіұштық дейді және оны электр энергиясын қабылдаушы деп санайды. Балама сұлбада пассивты екіұштықты бір кедергімен бейнелейді. Ол кедергіні екіұштықтың ішкі немесе кірістік кедергісі деп атайды.
Тізбектің бөлектенген тармағына байланысты активті екіұштықтықты балама генератормен айырбастауға болады. Бұл генератордың э.қ.к.-і Eб бос жүріс режимі кезінде бөлектенген тармақтың қысқыштарындағы кернеуге Uбж тең, ал , ішкі кедергісі Rб екіұштықтықтың кірістік кедергісі Ri тең.
Қорытындылай келе , менің ойымша генератор ток өндіріп шығаратын құрылғы. Генераторлар электр энергиясын беруді тоқтату кезінде электр энергиясымен жабдықтайтын және электр энергиясының жоқтығынан болатын адамның әдеттегі қызметінің бұзылуын болдырмайтын пайдалы құрылғылар болып табылады. Генераторлар түрлі электрлік және физикалық конфигурацияларды пайдалану үшін қажет. Мысалы; Жел генераторлары желдің механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін қондырғы.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
. Электрические измерения и приборы : Учеб. пособ. для студ. вузов, обуч. по направлению подготовки бакалавров и магистров / Г.И. Кольниченко, П.А. Михалин, А.С. Степанов; МОиН РФ, ФГБОУ ВПО МГУЛ. - М. : МГУЛ, 2014. - 89 с. : ил.