Реферат тақырыбы: Балықтар Орындаган:Қурамбай Айдана Тексеретін: Омарова Ж. С алматы, 2023 ж Жоспар



бет4/6
Дата16.12.2023
өлшемі309,05 Kb.
#140083
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
балықтар

2.3 Балықтардың көбеюі
Жыныс бездерінен тұрады гонадалар мен жыныс жолдарынан. Аналықтардың гонадасы аналық жыныс бездері, аталықтарда –аталық жыныс бездері.
Дөңгелекауыздыларда ең қарапайым көбею. Құрылысы бөлікті, гонадасы тақ, шығару өзегі жоқ, сондықтан пісіп жетілген тұқымы гонаданың қабын жыртып құрсақ қуысына түседі., оннан жыныс тесігі арқылы зәр-жыныс синусына, одан сыртқа шығарылады. Ұрықтану сырттай.
Шеміршекті балықтардың ұрықтануы іштей, сондықтан олардың бұл жүйесінің құрылысы едәуір күрделі. Ұрықтанған уылдырық салып көбейеді, тірі жұмыртқа , тірі туады. Шеміршекті балықтардың жұп жыныс өзегі құрсақ қуысында тақ воронкамен ашылады – воронка бауырдың ортаңғы бөлігінің астында аналық жыныс безінің қасында орналасқан. Жетілген тұқым воронка арқылы жыныс жолына түседі, сол жерде ұрықтанады.
Бүйректің алдыңғы бөлігінде жыныс жолында қабық безі болады, онда жұмыртқа (тұқым) әуелі қоймалжың ақуыз қабығымен, сосын мүйізтектес қабықпен қоршалады.
Клоанға жақындау жер кеңейген жатыр, ол зәр бүршігімен клоанға ашылады.
Шеміршекті балықтардың аталықтарының жыныс безінен жыныс өзектері басталады, олар бүйректің алдыңғы бөлігінен өтіп Вольф өзектері алғашқы даму сатысында зәр жолының және жыныс өзегінің қызметтерін атқарады, кейіннен, жеке зәр түтігі пайда болғасын, тек жыныс жолының қызметін атқарады. Жыныс жолы зәр жыныс синуысына ашылады, өз кезегінде ол клоакаға ашылады.
Бекірелердің зәр жыныс жүйесінің құрылысы шеміршекті және нағыз сүйекті балықтардың ортасында. Бұларда воронкалы тұқым жолы сақталады, бірақ бұл, қостыныстағылардай, Мюллер өзегінің гомологы емес, қарынның көкетінің қатпаршағынан пайда болады. Екі тұқым жолы бірігіп бір тесікпен аналь тесігінің артқы жағынан ашылады. Клоакасы жоқ. Ұрықтануы сырттай. Аталық жыныс бездерінен жыныс өзектері басталады, шеміршекті балықтардағыдай, бұлар бүйректің алдыңғы бөлігінен өтіп ортақ өзекке (Волфь өзегі) барады, бұл әрі зәр түтігі.
Нағыз сүйекті балықтардың жыныс және зәр жүйелері бір-бірінен толық ажыраған. Вольф өзегі зәр түтігінің қызметін атқарады, Мюллер өзегі толық редукцияланған. Жыныс жолының қызметін ерекше қысқа өзекшелер атқарады – бұлар гонаданың артқы ұзарған бөлігі. Албырттардың әртүрлі шырма-балықтардың және мурендердің тұқымжолы жоқ, жетілген жұмыртқа (уылдырық) құрсақ қуысына түседі, одан жыныс тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Көптеген балықтардың аналық бездері іші қуысты жұп, қуысында жұмыртқалар бекитін пластинкалар болады. Аналық жыныс бездері ашық және жабық болады. Ашық типті аналық жыныс безінде өзіндік қуыс болмайды (бекірелер, албырттар). Жетілген жұмыртқалар құрсақ қуысына түседі, одан жыныс тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Жабық типті аналық жыныс безі екі түрлі болады: бүйір қуысты (тұқылар) және орталық қуысты (алабұғалар).
Аталық жыныс бездері оның қабырғасынан басталып ортақ өзекке құйылатын тұқымдық өзекшелер жүйесінен тұрады. Жыныс безінің пішіні мен ондағы шығару өзектерінің орналасуы бойынша аталық жыныс бездерінің ципринойдты (тұқылар, бекірелер, албырттар, майшабақтар, жайындар, шортандар) және перкойдты (алабұғалар) типтерін ажыратады. Циприноидты типтің көлденең кесіндісі дөңгелек немесе сопақ. Тұқым өзектері көп бұтақтанған, олар бездің үстіңгі жағындағы шығаратын өзекке құйылады. Бұндай бездер ацинозды деп те аталады, себебі тұқым өзектерінің бөліктері ампуланы, көпіршікті (ацинус – көпіршік) еске түсіреді. Перкоидты типті бездерінің көлденең кесіндісі бұрыштары доғал үшбұрышты. Бұлардың тұқым өзектері радиальді орналасқан және бұтантанбайды дерлік. Шығару өзегі бездің жоғарғы жағындағы қалың ет арасында болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет