2.4 Қызыл кітапқа енген балықтар Ақ балық Халықар. табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген
Ақбалық (лат. Stenodus leucichthus) — денесінің ұзындығы — 120 сантиметрге, салмағы — 14 килограмға дейін баратын ірі балық. Көбінесе Каспий теңізінде кездеседі; ақсаха тұқымдасының өткінші балықтары. Туыстың жаңғыз түрі — 2 түр тармағы: сылан және Ақ б. (S. leucichthys). Ақбалық ауызы үлкен дақтарсыз. Жақтарында тістері жоқ, ұзындығы 1 м, салмағы 20 кг ұрғашысы еркегінен ірілеу. ТМД-да Каспий теңізі, Еділ және Жайык өзендері кездеседі. Уылдырық шашады. Жыныстық жетілуі 5-7 жылға созылады. Өмірінде 1-2 рет(2-3 жылдан кейін) уылдырық шашуы қыркүйек-қарашада, өсімталдығы әлсіз жабысқақ 250 мың. астам уылдырық. Жыртқыш уылдырық шашу кезінде қоректенбейді. Уылдырық шашқаннан соң ересек балықтар теңізге түседі. Екі айлық шабақтар жыртқыштық өмір сүреді. Қымбат балық. Еділге гидроқұрылыс жұмысы басталғаннан бастап кәсіпшілік маңызын жоғалтқан.[1] Қазақстанда Ақ балықтың тіршілік ету ортасына байланысты Бұқтырма – Зайсан (Ертістің орта және жоғ. ағысы) және Еділ (Каспий т-нің солт. мен Жайық өз. бойы) популяциялары бар. Ақ балықтың дене тұрқы 1 м, салм. 10 – 30 кг-дай. Денесі ұзын, басы сүйір, аузы үлкен, жағында өте майда тістері орналасқан. Желкесі мен арқасы көкшіл сұр, бүйірі мен бауыры күмістей аппақ болады. 5 – 6 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Қазан – қараша айларында, судың темп-расы 0,2 – 6°С-қа жеткенде, ірі уылдырығын (300 мыңға дейін) өзендердің ағысты, ірілі-уақты тасты жеріне, 1,5 – 2 мтереңдікте, әдетте 2 жылда бір шашады. Ұрығы 6 айда дамиды. Ақ балық – жыртқыш балық. Оның 2 айлық шабағы басқа балықтардың дернәсілімен, ересектері майда балықтармен және олардың шабақтарымен қоректенеді. Сонымен қатар әр түрлі омыртқасыз су жәндіктерімен қоректенеді. Саны өте азайып кеткен. 1960 жылдан Жайық өзенінен Ақ балықтың ұсталғаны туралы мәлімет жоқ. Ақ балықтың еті өте дәмді, кәсіптік маңызы жоғары.
Тұқытәрізділер отряды – Cypriniformes. Тұқытектестер тұқымдасы – Cyprinidae.
Шип немесе Арал бекіресі — Арал, Азов және Қара теңіздерінен, Каспий теңізінің оңтүстік бөлігінен және оған құятын өзендердің сағаларынан ауланады. Балқаш көліне жіберіліп, жерсіндірілген. Оның еті дәмділігі мен тағамдық қасиеті жағынан бекіренің етінен сәл төмендеу.
Арал бекіресі, пілмай (Acіpenser nudіventrіs) – бекіретәрізділер отрядының бекірелер тұқымдасына жататын балық.
Каспий және Арал теңіздерінде кездеседі; Балқашта жерсіндірілген.
Дене тұрқы 210 см, салмағы 60 кг-дай.
Аталығы 9 – 13, аналығы 13 – 16 жаста жыныстық жағынан жетіледі.
Уылдырығын шашу үшін сәуір – қараша айларында өзендерге өрлейді.
Өзендерде қыстап шығып, наурыз – мамыр айларында су температурасы 10°С-тан асқанда уылдырығын (1 млн-ға дейін) ағысы қатты қайраңдарда, тасты, қиыршақ топырақты жерлеріне шашады. Тіршілік ортасына сәйкес Арал бекіресінің қорек құрамы өзгеріп отырады.
Арал бекіренің еті өте дәмді, уылдырығы бағалы келеді, кәсіптік түр, сондықтан кезінде өте көп ауланған.
Арал бекіресі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).
Кәдімгі бекіре
Популяция жойылып кетуге жақын, мүмкін, Арал су алқабының ерекше өзгеруіне байланысты құрып біткен де шығар. Бұның табиғи таралған жерлері - Арал теңізі мен оған құятын өзендер болатын. Ересектерінің үзындығы 200 см, салмағы 60 кг. Генофондысын Жайық-Коспий мен Іле-Балқаш популяцияларының есебінен сақтауға болады. Қолдан өсірілмеген, бірақ, оның әдістері, негізінен, басқа бекірелерді қолдан өсіру әдісіне ұқсайды. Өзбекистанның Қызыл кітабына енгізілген (1983). Су қоймалары жағдайына сәйкес қолдан өсіруді ұйымдастырып, балықтарды қорғайтын құрылыстарды жетілдіруді іске асыру керек.
Сырдария тасбекіресі-Құрып бітудің қарсаңындағы немесе тіптен құрып біткен, өте сирек кездесетін эндемикті тур. Бұрын Сырдария су алқабын Қарадариядан сағасына дейін мекендеген. Қазақстанда әрқашанда сирек болатын, ал соңғы 25 жылдан оса уақытта, Сырдың суын реттеп, суару жүйелерін салудың нәтижесінде тіптен кездеспейді. 1980-шы жылдарғы ол туралы хабарлар нақтылы деректермен бекілмеген. Нашар зерттелген. Ұзындығы, құрық желісінсіз, 27 см жетеді; қолдан өсірілмеген. Осы түрдің сақталған жерлерінде қорық ұйымдастырып, геномын сақтап, қолдан өсірудің биотехникасын жолға қою керек.
Сүйрікқанат
Туыстың тек Арал су алқабында тіршілік ететін жалғыз түрінің эндемикті түршесі. Аз зерттелген, сирек кездесетін балық, мүмкін жойылып біткен де шығар. Денесінің үзандығы 16 см артпайды. Табиғи таралу аймағы - Бішкек қаласынан төменгі Шу өзенінің су алқабы. 1960 жылдан бері бұл балық туралы нақтылы деректер жоқ. Осы су алқабының Қазақстандағы бөлігінде 1990-1993 жылдардың әртүрлі маусымдарында арнайы зерттеулер ешқандай нәтиже бермеді. Қолдан өсірілмеген. Арнайы қорғау шаралары белгіленбеген. Оның таралу аймағын және табиғи көбею мүмкіндігін анықтау үшін бұл түрді іздестіруді жалғастыру керек.