I.Кіріспе 1.Баскетбол ойынының тарихы, қалыптасуы.................................................................3
II. Негізгі бөлім 2.1.Кәсіпқой баскетбол және халықаралық баскетбол..................................................5
2.2.Баскетбол ойынының негізгі ережелері мен техникасы.........................................8
2.3. Ойында ұпай санау мен ереже бұзу, фолдар............................................................9
III. Қорытынды 3.1. Әлемге танымал баскетболшылар..........................................................................11
3.2. Қазақстан баскетбол құрамасы................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................................15
Кіріспе Баскетбол (ағылш. basketball, basket - себет (торқалта), ball - доп) — ептілікті қажет ететін қызу тартысты спорт ойын. Оған бес ойыншыдан тұратын екі команда қатысады. Баскетбол алаңының қарама-қарсы екі шетіне орнатылатын қалқаны бар тағандарға сақина бекітіледі. Ойынның мақсаты- допты қарсыласының сақинасына түсіріп, ұпай жинау. Ойыншылар допты лақтыруға, пас жасауға, домалатуға немесе жерге жиі-жиі ұрып дриблингпен алып жүруіне болады. Доп өзіне тигеннен кейін ойыншы онымен тек екі қадам ғана аттай алады. Баскетболды таза 20 минуттан екі тайм ойнайды. Таймдардың арасындағы үзіліс 10 минуттан тұрады. Ойынның басталуында төреші алаңның қақ ортасында командалардың екі ойыншысының арасында тұрып допты тіке лақтырады. Олар секіріп, допты командасындағы әріптестеріне тартып әперуге тырысады.
Баскетболды екі команда ойнайды, олардың әрқайсысы бес алаң ойыншысынан тұрады (ауыстырулар шектелмейді). Әр команданың мақсаты-допты қарсыластың торымен (себетімен) сақинаға лақтыру және басқа команданың допты иемденуіне жол бермеу және оны себетіне лақтыру. Себет паркеттен 3,05 м (10 фут) биіктікте орналасқан. Жақын және орташа қашықтықтан тасталған доп үшін екі ұпай, ал алыс (үш ұпайдан) үш ұпай есептеледі; еркін лақтыру бір ұпайға бағаланады. Баскетбол алаңының стандартты өлшемі — ұзындығы 28 м және ені 15 м. Баскетбол-әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі.