Реферат
Тақырыбы:
Бастауыш мектепте білім
берудегі математиканың даму тарихы.
Орындаған: Қалдыбекова. Ж.
Қабылдаған: Онтуганова. Ш.
Тобы:1301-52
Математика ақиқат дүниенің кеңістіктік формалар мен мөлшерлік
қатынастарын зерттейді.
Математиканың даму тарихын төрт кезеңге бөледі.
1.
Математиканың тууы. Бұл кезең тарихқа дейінгі өте ерте дәірден
басталып, біздің зманымызға дейінгі VI-V ғасырларға дейін
созылды. Бұл аралықта математикалық білім дағдылар молайып,
қорланады, математиканың алғашқы да негізгі ұғымдары (сан,
фигура т.б.) қалыптасады.
2.
Тұрақты шамалар немесе элементар математика кезеңі. Біздің
заманымызға дейінгі VI-V ғасырлардан басталып біздің
заманымыздың XVII ғасырына дейін
созылған бұл аралықта
негізінен тұрақты шамалардың қасиеттері зертеліп, ашылады.
Арифметика, геометрия, алгебра, тригонометрия ғылымдары дербес
салалар болып бөлініп шығады.
3.
Айнымалы шамалар немесе жоғары математика кезеңі. XVII
ғасырдан бастап XIX ғасырдың орта тұсына дейін созылған бұл
дәірде жоғары математикалық білім негізін қалайтын математика
салалары болды. Олар Декарт (1596-1650) еңбектерінде жасалынған
аналитикалық геометрия, Ньютон (1642-1727) және Лейбниц (1646-
1716) негізін құрған дифференциалдық және интегралдық
есептеулер, ықтимаодықтар теориясы т.б.
Рене Декарт. Исаак Ньютон. Готфрид Лейбниц
4.
Қазіргі математика кезеңі. Бұл дәуір
XIX ғасырдың ортасынан
басталады. Мұнда математика пәні мен қолданылу облыстары
мейлінше кеңейіп, көптеген математикалық жаңа теориялар пайда
болады.
Математиканың дамуына әсер ететін негізгі екі себеп бар.: өмірлік
практика мұқтаждығы және математика дамуының ішкі өз талабы.
Математика өз тарапынан басқа ғалымдардың даму барысына да пәрменді
әсер етіп отырады.
Математика мен математиканы оқыту тарихи тұрғыда қарбалас жүреді,
өйткені адамзат қоғамының тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі –
ұрпақтан ұрпаққа ғылым , білім ауысуы, яғни оқу, оқыту дәстүрінің
қалыптасуы болып табылады. Бұл түптеп келгенде
педагогика, әдістеме
мәселелеріне саяды. Мысалы, біздің қолымыздағы ең ескі математикалық
жазба ескерткіштер бұдан 4-5 мың жыл бұрын Египетте жазылған
папитустар екені мәлім. Осы құжаттармен мұқият таныса келе олардағы
арифметикалық, геометриялық есептермен қоса оларды шешудің
әдістемелік қолайлы ережелерін де кездестіреміз,
оқушылырдың ынтасын
арттыруды көздеген қызық есептер де бар.
Математикалық білім мен дағдылар молайып, мазмұны тереңдеп,
ауқымы кеңейген сайын, оны үйретудің, үйренудің мәселелері де өзгеріп,
күрделене береді, осылай әдістемелік жаңа тәсілдер пайда болады.
Математика әдістемесінің алдына қойылатын еі күрделі мәселе – іріктеу,
сұрыптау мәселесі, яғни мұқият мол қорланған математикалық мұра
ішінен қазіргі заман талабына сай, оқушылардың ой – өрісіне, күш –
қабілетіне лайық келетіндерін таңдай білу проблемасы.
Осыған
байланысты математика оқу пәнінің мазмұны үнемі өзгеріп отырады. Бұл
өзгерістер мынадай негізгі себептердің салдарынан туындайды:
а) оқыту мақсаттарының кеңеюі және қоғам дамуы мен оның техникалық –
экономикалық мұқтаждығына байланысты мектепке қойылатын жаңа
талаптар;
ә) ғылымның (математиканың) үздіксіз дамуы, онда жаңа пәндер, салалар
пайда болуы;
б) қоғамның даму барысында оқушылардың жалпы дамуының күшейе
түсуі, сәбилер мен жасөспірімдердің таным қабілетінің жаң мүмкіндіктері
мен қырларының ашылуы;
в) педагогика ғылымдарының, математика әдістемесінің дамуы,
көпшілік
мектептердегі алдыңғы қатарлы оқыту тәжірибелерін пайдалану. Мысалы,
бұдан 25-30 жыл бұрын мектеп математикасы құрамында «арифметика»,
«тригонометрия» деп аталатын пәндер болатын, қазір бұлар дербес емес,
олардың мазмұны басқа пәндерге енгізілген (бастауыш сыныптағы
математика, жоғарғы сыныптардағы алгебра, геометрия,
алгебра және
анализ бастамалары). Бұлардың орнына көптеген ғылыми жаңа тараулар
енгізілді (туынды, векторлар, координаттар, геометриялық түрлендірулер
т.б.)Математиканы оқытудың қайта құру қозғалысының қазіргі кезеңгі
математикалық білім беру жөнінде халықаралық реформа қазір де жүріп
жатыр. 1968 жылы бұрынғы КСРО – да математикадан жаңа мектеп
бағдарламасы қабылданды. Бұл реформаның басты ерекшеліктері:
а) мектепте өтілетін математикалық барлық курсты (бастауыш
сыныптарды қоса) түбегейлі түрде өзгерту;
ә) төменгі сыныптарға
алгебра элементтерін енгізу;
б) төменгі сыныптарда оқу мерзімін төрт жылдан үш жылға қысқарту;
в) IV-V сыныптарда арифметика мен алгебра бастамаларымен қатар қысқа
геометриялық алдын ала дайындық курсын өт у;
г) геометрияның жүйелі курсының аксиоматикалық негізін күшейту;
д) геометриялық түрлендірулерді көбірек пайдалану;
е) геометрия курсына векторларды енгізу (7 – сыныптан бастап) және бұл
аппаратты геометрияның жүйелі курстарында кеңінен қолдану;
ж) жазықтықтағы және кеңістіктегі аналитикалық геометрия элементтерін
енгізу;
з) жиын ұғымы және жиындарға амалдар қолдану элементтерін енгізу;
и) дифференциалдық есептеу элементтерін енгізу.